Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 17:49, реферат

Краткое описание

Европада орта ғасырдағы батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты – христиан дінімен тығыз байланыстығы. Философия негізгі діни қағидаларды есепке ала отырып дамыған Бұл кезде білім мен рухани мәдениеттің негізгі ошағы рөлін шіркеу атқарған. Ал философия діни догматтарды негіздейтін және түсіндіретін білім саласы болған. Философияның негізгі мәселелері де діни сипатқа ие болды. Адамдар түсініп, ойланып қана қоймай, сенуі де керек. Сенім барлық философиялық ізденістердің күре тамырына, өзегіне айналған. Философтар негізгі қағидаларды, тұжырымдарды анықтаған, оны шіркеулер жиналысында бекітіп, догмаға яғни бұлжымай орындауды талап ететін ережелер дәрежесіне көтерген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені.docx

— 17.82 Кб (Скачать документ)

Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені

Европада орта ғасырдағы батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты – христиан дінімен тығыз байланыстығы. Философия негізгі діни қағидаларды есепке ала отырып дамыған Бұл кезде білім мен рухани мәдениеттің негізгі ошағы рөлін шіркеу атқарған. Ал философия діни догматтарды негіздейтін және түсіндіретін білім саласы болған.

Философияның негізгі мәселелері де діни сипатқа ие болды. Адамдар түсініп, ойланып қана қоймай, сенуі де керек. Сенім барлық философиялық ізденістердің күре тамырына, өзегіне айналған. Философтар негізгі қағидаларды, тұжырымдарды анықтаған, оны шіркеулер жиналысында бекітіп, догмаға яғни бұлжымай орындауды талап ететін ережелер дәрежесіне көтерген. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері: Тертуллиан (160-220), мәртебелі Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кентерберийский (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349). Орта ғасырлардағы теологиялық философияның негізгі ерекшеліктері: космосқа, табиғатқа, қоршаған орта құбылыстарына онша мән бермейді, бәрі құдайдан жаралды деген догмат үстем болды;

    • материализм мен идеализм арасындағы қайшылықтар бәсеңдеді;
    • құдай алдын ала белгілеп қойғандықтан адам еркінің бостандығы жарияланды;
    • әлемді Құдай арқылы тануға болатындығы есепке алынды;

Орта ғасырлар философиясының негізгі принциптері жарату және ашылу догматтары.

Жарату догматы бойынша:

    • құдай әлемді ештеңеден жаратты;
    • әлемнің жаралуы құдай еркінің нәтижесі;
    • әлем құдайдың күшімен жаратылған;
    • әлемдегі жалғыз шығармашылық бастау – Құдай;
    • Құдай мәңгі, тұрақты;

Ашылу догматы бойынша:

    • әлемді тек Құдайды тану арқылы ғана тануға болады;
    • құдайды тануға болмайды, бірақ ол өзін Библия арқылы танылтады;

құдайды және әлемді танудың жолы – Библияны оқу.

Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар.Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері.

V-VIII ғасырдан  кейін схоластика дәуірі басталады. Бұл уақытта Иоан Дамаский, Петр  Ивер сияқты ойшылдар өмір  сүрді.

IX-XV ғасырларда  кейінгі схоластика дамиды. «Схоластика»  сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын  білдіреді. Патристика дәуіріндегі  негізгі мәселелер одан әрі  зертеледі, толықтырылады, жүйеленеді.Схоластиканың  өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт, Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм  Кентербийский.

Әулие Августин (354-430) - патристика дәуіріндегі ең көрнекті философ.

Августинің пікірі бойынша, Құдай – табиғаттан жоғары, барлық дүниені жаратқан тұлға.  Августиннің тарих туралы ойлары эсхатология деп аталады, өйткені ол ақыр заманға бағытталған.

IX-XIV ғасырлар  арасында схоластика дамыды. Бұл  тарихи дәуірде антикалық философияның  өкілдері Платон мен Аристотельдің  идеяларына ерекше көңіл бөлінді.

Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас. Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм.

Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды. Платонның көзқарасына сүйене отырып, жалпы ұғымдарға заттар мен адамдардан тыс дербестік тән деген пікірді қолдаған.Реализмнің көрнекті өкілдері - итальян философы Ансельм Кентерберийский және француз схоласты Шамподағы Гийом.

Номинализм – орта ғасырдағы материализмнің көрінісі. Бірақ олар жалпы ұғымдардың заттар мен құбылыстардың мәні мен мағынасын бейнелейтінін түсіне алмады.Номинализмнің көрнекті өкілдері – Иоан Росцелин, Иоанн Дунс Скот,

Орта ғасырдағы философия - адам рухының ерекше туындысы. Оның іргелі принципі - теоцентристік көзқарас, яғни барлық болмыстың, игіліктің, әдеміліктің, философиялық және діни пайымдаудың күретамыры, бастауы -дін деп қарастыру. Оған: монотеистік принцип – Құдай біреу, жалғыз деген догматиты мойындау:

креационистік принцип – Құдай әлемді ештеңеден жаратты деп қабылдау;

провиденциалдық принцип – адам қоғамның дамуы, қозғалысының қайнар көзі мен мақсаты, Құдайдың алдын ала анықтауымен болады деген ұстанымды негізге алу тән.

Орта ғасырлардағы діни философияның маңызы мынада:

    • ол антикалық және жаңа дәуір философиясының арасындағы дәнекер болды;
    • философияның жаңа салаларға бөлінуіне жағдай жасады;
    • тарихи процесті түсінуге қызығушылық туғызды.

 


Информация о работе Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені