Ортағасыр филасофиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2015 в 16:53, реферат

Краткое описание

Ортағысырлық Батыс Еуропалық философиясы;
Философияның үш кезеңі;
Ортағасырлық араб-мұсылмандық философиясы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ортағасыр филасофиясы.pptx

— 2.70 Мб (Скачать документ)

Тақырыбы:  
Ортағасыр философиясы

 

Орындаған: Кантаева А.

Тексерген: Мамунова А.

Жоспар:

 

  1. Ортағысырлық Батыс  Еуропалық философиясы;
  2. Философияның үш кезеңі;
  3. Ортағасырлық араб-мұсылмандық философиясы.

 Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақыл-ойын христиан дінінің қатаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды.

 

Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы.

Біздің заманымыздың II ғ. бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жинақтап, кейін алолегетика деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. 

Негізгі өкілдері: Юстин Мученик(100— 167 жж.), Тециан (II ғ. екінші жартысы), Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс (160—222 жж.), т.б. 

 

Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай — нактылық. Демек, кұдайдың да денесі бар. Жалпы, нактылық уакыттық бастамасы жоқ (тертуллин). Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гностиктердің тән және жан туралы ілімдерін сынға да алады. 

 

Юстин Мученик

 

Тициан

 

Тертулиан

Философияның үш кезеңі;

 

Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:

 

а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар);

ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) ; 

б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар).

Балауса схоластика

 

Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және жалпылық байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.; 

Кемелденген схоластика

 

Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, әсіресе «философиялық теология» ілімі қалыптасып, кең етек алды.

Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.

Құлдырау кезеңі

 

Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты.

Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б.

Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты.

Аврелий (354 – 430ж)

философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткері ретінде августиншілдік деп аталған христиан философиясындағы жаңа платоншылдық бағыттың негізін қалады. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, т.б. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр.

 

Аврелий Августин

Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схоласты, философ АБЕЛЯР (1079 – 1142ж) болды.

Негізгі еңбегі –“Бар мен жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол – құдай жаратқан заттардың үлгісі. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.

 

Абеляр Петр

 Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоласт ұстазы Аквинский болды. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады.

 

Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 – 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі.

 

Фома Аквинский

 

Дунс Скотт

Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 – 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. 

 

Роджер Бэкон

Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталды болмыстың антологиясын қалыптастырған ағылшын ойшылы У.Оккам (1300 – 1349/50ж) болды. Оның пікірінше, филосилық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция (түйсік) мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымда геометриялық тәсілдің үстемдік құруына ықпал етті.

 

Уильям Оккам

  1. Шығыс перипатетизмі;
  2. «Таза ағайындар» ілімі;
  3. Сопылық ілім;
  4. Мұсылман философиясы;

 

Ортағасырлық араб-мұсылмандық философиясы

 

Араб философиясы орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі.

 

10-13 ғасырларда  араб тіліндегі философияның  мынадай бағыттары болған;

Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында; Әл-Кинди, Әл-Фарби, Ибн Сина, Ибн Бадж, Ибн Туффейль және Ибн Рушид тур

 

1. Шығыс перипатетизмі

 

2. Таза ағайындар ілімі

 

Оқу жүйесіне арнал жазылған 51 томдық энңик. Еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселе- сіне арналған.

 

Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттан аса көрнекті өкілдері А. Ясауи, ибн Араби, т.б. 

 

3. Сопылық ілім

 

4. Мұсылман философиясы

 

Мұсылман фил-ң аса көрнекті өкілі - Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен.

Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар.

 

Әл-Кинди

 

Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды.

Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, Әл-фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді. 

 

Әл-Фараби

Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуына 

энциклопедист-ойшыл

Ибн Сина (980 – 1037ж)зор үлес қосты. 

Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған Ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күресті.

 

Ибн Сина

Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани бөлектену орын алатынын ескере отырып, сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынды.

 

Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: Қ.А. Иасауи, А.Иүгінеки, Ибн Араби, Әл-Хуруфи (1339 – 93/94ж), Әнуар Қасими, Мағриби, Рузбехан Богли, т.б. болды. 

 

Сопылық ілімнің өкілдері Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды насихаттайды.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Информация о работе Ортағасыр филасофиясы