Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 18:24, лекция
Бұл модел бойынша саяси жүйенiң әрекет етуi 4 кезеңдi қамтиды. Бiрiншiден, бұл «кiрiс», сыртқы ортаның саяси жүйеге талап пен қолдау формасында ықпал етуi. Екiншiден, әлеуметтiк талаптардың балама шешiмдерге айналуы, үкiметтiң белгiлi бiр көңiл бөлулерi болып табылады. Үшiншiден, бұл «шығыс», шешiмдердiң қабылдануы және оның практикалық шаралар формасында таратылуы. Төртiншiден, үкiметтiң қызметiнiң нәтижесi сыртқы ортаға «керi байланыс» арқылы ықпал етедi. Саяси жүйе «ашық жүйе» болып табылады, сыртқы ортадан тұрақты импульстердi алып отыратын. Оның негiзгi мақсаты жүйенiң өмiр сүруi мен тұрақтылығын ортаға бейiмделуi арқылы сақтау.
1. Саяси жүйе түсінігі мен негізгі концепциялары.
2. Саяси жүйенің құрылымы, қызметтері.
3. Саяси жүйенің жіктеленуі.
Лекция №5. Қоғамның саяси жүйесі
1. Саяси жүйе түсінігі мен негізгі концепциялары. Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл күрделі, әртүрлі саяси институттар тарамдарының жиынтығы, әлеуметтік-саяси қауымдастықтар, өзара қатынастарымен қимылдарының формалары арқылы саяси билік жүзеге асады.
1) Д.Истонның жүйелiлiк моделi. Саяси жүйе ұғымы 1953 жылдан берi қолданылады. Алғаш рет саяси жүйе теориясы американдық ғалым Д.Истон қалыптастырды. Д.Истон саяси жүйенi қоғамның көпшiлiк бөлiгiмен байланысты, оның негiзiнде қоғам шешiмдер қабылдайтын әлеуметтiк өзара әрекеттер мен институттар деп анықтады. Д.Истонның саяси жүйе моделi теориялық негiзi төрт базалық категорияны өзiне қамтиды: 1) «саяси жүйе»; 2) «қоршаған орта»; 3) «реакция»; 4) «керi байланыс».
Бұл модел бойынша
саяси жүйенiң әрекет етуi 4 кезеңдi қамтиды. Бiрiншiден, бұл
«кiрiс», сыртқы ортаның саяси жүйеге талап
пен қолдау формасында ықпал етуi. Екiншiден, әлеуметтiк
талаптардың балама шешiмдерге айналуы,
үкiметтiң белгiлi бiр көңiл бөлулерi болып
табылады. Үшiншiден, бұл
«шығыс», шешiмдердiң қабылдануы және оның
практикалық шаралар формасында таратылуы. Төртiншiден, үкiметтiң
қызметiнiң нәтижесi сыртқы ортаға «керi
байланыс» арқылы ықпал етедi. Саяси жүйе
«ашық жүйе» болып табылады, сыртқы ортадан
тұрақты импульстердi алып отыратын. Оның
негiзгi мақсаты жүйенiң өмiр сүруi мен тұрақтылығын
ортаға бейiмделуi арқылы сақтау.
Д.Истон өз моделiн талаптар мен қолдаулардан тұратын «кiрiс» және керi байланыстын бастапқы жолы болып табылатын «шығыс» факторына бөлдi. Ол талаптардың өзiн ортадан келетiн сыртқы және жүйенiң өзiнен туындайтын iшкi талаптарға бөлдi. Талаптар сипаты жағынан алуан түрлi.
Жеткiлiктi қолдауларсыз саяси жүйе тиiмдi де сенiмдi түрде қызмет ете алмайды. Талап импульстары мен қолдау импульстары жүйеге ретiмен келiп тұруы қажет, олай болған жағдайда, ол дағдарысқа ұшырап қызмет етуiн тоқтатуы мүмкiн. Әр қилы импульстардың шамадан тыс артуы, ол қолдаулардың жеткiлiксiз көлемi режимнiң өз легитимдiлiгiн жоғалтуына себепкер болуы мүмкiн. Бұқара халықтың әртүрлi талаптарынан келiп түсiп жатқан талаптарға деген көзқарас көп жағдайда саяси жүйенiң түрiне байланысты. Легитимдi, демократиялық жүйелер мұндай сұраныс талаптарды өз қызметiн қалыпты атқарудың қажеттi шарты деп түсiнедi. Халық әдетте, өздерi ықпал ете алатын, өз сұраныстары мен қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын саяси топтар мен лидердi қолдайды.
Саяси жүйенiң
құрылымдық-функционалдық
Сонымен, саяси жүйенiң шешетiн мәселелерiне мыналарды жатқызуға болады:
1. Бұл қоғамды
саяси басқару мәселесi қоғам
дамуының нақты бағдары мен
мақсаты тек саяси деңгейде
жасалып, анықталып әртүрлi әлеуметтiк
күштердiң мүдделерiнiң
2. Қоғамдағы
саяси жетекшiлiк мәселесiн
3. Халықты әлеуметтiк-саяси
қызметке тарта отырып және
оларды қоғамдағы басты
4. Кез келген
саяси жүйе ақпараттық
Саяси жүйе қызметiнiң кешендiлiгi мен жүйелiгiмен сипатталады. Олар бүкiл қоғам деңгейiнде, әрi оның түрлi саласына байланысты iске асырылуы мүмкiн. Олар саяси жүйе мен оның жекелеген компоненттерiне тұтас құрылым ретiнде тән.
Американ саясаттанушысы К.Дойч саяси жүйе моделiн «кибернитизациялау» барысында оны одан әрi дамыта түстi. Кибернетиканы– коммуникация мен бақылау туралы ғылым дей келе, К.Дойч саяси жүйенi ақпараттарды шығару мен өңдеу туралы ғылым ретiнде қарастырды. Коммуникация– осындай құрылымдық қатынастарды тарату болып табылады. Арналар– ақпараттарды тарату жолдары. Олай болса, коммуникациялық үрдiстер ұйымның қызмет етуi үшiн шешушi мәнде болады.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесi деп билiк жүргiзiп, қоғамда тұрақтылық пен тәртiптi қамтамасыз ететiн, әлеуметтiк топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтiн ұйымдар мен мекемелердiң жиынтығын айтамыз.
2. Саяси жүйенiң құрылымы мен қызметтері. Саяси жүйенiң мынадай құрылымнан тұрады: 1. саяси институттар; 2. саяси қатынастар; 3. саяси ережелер; 4. саяси мәдениет;
Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсiподақтар, кооперативтер, жастар, әйелдер т.б. ұйымдары мен бiрлестiктерi жатады.
Саяси қатынастарға таптардың, этникалық бiрлестiктердiң, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлкеттiң арасындағы қатынастар кiредi.
Саяси ережелер саяси институттардың өзара бiрлесiп әрекет етуiн қамтамасыз етедi және саяси жүйенiң ережелiк негiзiн құрайды.
Саяси мәдениет деп саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси жүйенің құрылымы (жүйешелері):
Қоғамның саяси жүйесінің институциональдық жүйешесі – бұл институттар жиынтығы (мекемелер, ұйымдар) саяси биліктің қызметімен байланысты. Оған кіретіндер
Қоғамның саяси жүйесінің нормативтік жүйешесі – бұл қоғамның саяси өмірін анықтайтын және реттейтін саяси нормалар, адамгершілік принциптер және дәстүрлер. Бұған жататындар:
Қоғамның саяси жүйесінің функционалдық жүйешесі – билікті (саяси режим) жүргізудегі әдістерімен түрлері, әртүрлі саяси процесстерде, саяси қызметтерінің бағыттары және формаларының көрінісі.
Қоғамның саяси жүйесінің коммуникативтік жүйешесі – саяси жүйенің ішкі өзара қызметінің жан-жақты формаларын қамтиды, мысалы, партиялар мен мемлекет арасы, сонымен қатар саяси және экономикалық жүйешіктер арасын, және басқа бір елдердің саяси жүйесінің арасын қамтиды.
Қоғамның саяси жүйесінің мәдени жүйешесі – бұл саяси жүйенің сол қоғамға үйлесімді қалыптасқан образдарының (стереотиптерінің) саяси ағымдарының тұтастай типі, интеграциялық факторы, құндылық бағыттары және саяси тәртібі.
Қоғамның саяси жүйесінің идеологиялық жүйешесі – бұл қоғамның саяси өміріне қатысқан мазмұны жағынан әртүрлі саяси идеялар, көзқарастар, сезімдер, ағымдар жиынтығы.
Саяси жүйенің функциясы:
3. Саяси жүйенiң түрлерi. Әр елдiң саяси жүйесi бiр-бiрiне ұқсамайды, дегенмен ұқсастық жақтарын табуға болады, сөйтiп саяси жүйенi топтастыруға да болады. Саяси жүйе әртүрлi негiздерде шектелiнедi.
Саяси жүйенi жiктеудiң әр түрлерi кездеседi. Мәселен, марксизм саяси жүйенi жiктеуге негiз етiп өндiрiс тәсiлi мен қоғамның таптық құрылымын алады.
Американдық ғалымдар экономиканың өсу сатысы концепциясы бойынша адамзаттың даму тарихын мынадай бес сатыға бөледi: 1 дәстүрлi қоғам; 2. өтпелi қоғам; 3. алға жылжу қоғамы; 4. индустиалдық қоғам; 5. постиндустиалдық қоғам.
Сонымен бiрге саяси жүйенi басқару тәртiбiне қарай: демократиялық саяси жүйе, автоитарлы саяси жүйе, тоталитарлы саяси жүйе деп те бөледi.
Тест тапсырмалары:
Саяси жүйе дегеніміз не?
Билік жүргізетін, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жиынтығы.
Қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығы
Таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігі.
Ерекше күштеу аппаратына сүйенетін билік.
Халықтың саяси билікті мойындауы, заңдылығын, шешімдерін растауы
Саяси жүйенің құрылымын атаңыз
Саяси институттар, саяси қатынастар, саяси ережелер, саяси мәдениет
Мемлекет, саяси партия, кәсіподақ, ұйымдар мен бірлестіктер
Реакция, кері байланыс, қоршаған орта
Мүдделер, қолдаулар, шешімдер
Талап пен қолдау
Саяси жүйе терминінің ғылыми айналымға еңген кезеңі
ХХ ғ. 50-60жж
ХХ ғ. 20-30жж.
ХХ ғ. 20-30жж.
ХХ ғ. 80-90 жж.
Қайта өрлеу дәуірі
Саяси жүйеге алғашқы болып кибернетикалық машинаға теңеген ғалым
К.Дойч
Г.Алмонд
Д.Истон
Т.Парсонс
Д.Лассуэл
Саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын енгізген ғалымды атаңыз
Д.Истон
М.Вебер
В.Парето
Г.Алмонд
И.Кант
Д.Истонның саяси жүйені зерттеу теориясы қалай аталады?
жүйелік талдау
әлеуметтік әрекет теориясы
қызметтік әдіс
элиталық бағыт
институттық бағыт
Т.Парсонстың саяси жүйені зерттеу теориясы қалай аталады?
Әлеуметтік әрекет теориясы
Жүйелік талдау
Қызметтік әдіс
Элиталық бағыт
Институттық бағыт
К.Дойчтың саяси жүйені зерттеу теориясы қалай аталады?
коммуникативтік бағыт
жүйелік талдау
әлеуметтік әрекет теориясы
қызметтік әдіс
элиталық бағыт
Әлеуметтік-экономикалық құрылым формациясы мен сипатының типіне сәйкес жүйелер мынадай болады:
құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік.
ашық және жабық;
авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық;
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған;
дамушы және кертартпа;
Г.Алмонд саяси жүйелерді қандай өлшем тұрғысынан жіктейді?
Саяси мәдениеттің ерекшелігі тұрғысынан
Модернизация деңгейі тұрғысынан
Ашық және жабықтығына сәйкес
Саяси режим тұрғысынан
Формациялық тұрғыдан
Д.Истонның саяси жүйе теориясындағы базалық категорияларды атаңыз?
Саяси жүйе, қоршаған орта, реакция, кері байланыс
Шешім, әрекет
Талап пен қолдау
Бақылау, реттеу
Жинау, талдау, шешім қабылдау
Г.Алмондтың саяси жүйе теориясында кіріс қызметін атқаратын:
Азаматтық сектор
Мемлекет
Құқық қорғау ұйымы
БАҚ
Діни ұйымдар
Саяси
жүйенің ережелері мен
Заңшығарушы органдар
Үкімет
Мүдделі топтар
Сот
Саяси партиялар
Саяси жүйенің институционалдық жүйешесі:
мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар, БАҚ, діни ұйымдар;
саяси өмірді реттейтін құқықтық және моральдық ережелер, саяси дәстүрлер;
саяси қызметтің бағыттары мен түрлері, билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері;