Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 20:09, реферат
Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы – Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, шатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды.
Варна – тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар – ой еңбегімен, кшатрийлер – әскери істермен, вайшьялар – жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар – қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік – варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі – жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Көне Үнді философиясының
негізгі ұғымдары
Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар
ежелгі Үнді филосо- фиясының терминологиясы
шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын. бір
ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп
ескертеді және оның себебін Үнді еліндегі
ойлау жүйесінің Еуропадағы ойлау жүйесінен
мүлдем белектігімен, оны белгілі бір
логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен
түсіндіреді. Шынында да, әр халықтың өмір
салты, дүние туралы түсінік ұғымдары,
пайымдау тәсі лі әр түрлі. Сол себепті
бір халықтың өз тілі алыптаскан философиялық
ұғым-категориясын екінші халықтың тіліне
аударып, терең мағынасын жеткізу мүмкін
емес. Мысалы, қазақ халқынын адам, өмір,
қоғам, табиғат туралы тамаша дүниетанымдық
ойларын білдіретін ұғымдарды орыс тіліне
аударған күндеде олардың өзіндік терең
мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізуге
болмайды.
Дегенмен де, ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының маз-мұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық.
Архат – «жауды жеңуші» дегенді білдіреді. Архат деп
нирванаға жеткен, сананын тыныш ағынын
бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін
жеңген адамды атайды.
Атман – бұл ұғымның бірнеше мағынасы
бар: «мен», «езімді», «дене». Бірақ атман
ұғымының ең басты мағынасы – индивидуальдік
және универсальдік космостық психикалық
болмыс ретіндегі «адам». Осы мағынада
атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық
және субстанционалдық бастауы, негізі
және соңы. Атман рухани және денелік деп
бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан,
сез бен тыныстан тұратын рухани бастау
ретінде, «брахман» ұғымымен бірдей деңгейде
түсініледі.
Брахман – бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брах-мандардың өкілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.
Будда – «нұрланған», «оянған». Кең мағынасында – арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында – будда дінінің негізін қалаушының аты.
Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) – бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің кви-нэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – болмыстың элементтері. Әлемдік процесс – себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, еткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі -абсолюттік тыныш күйге, сенуге жету.
Иога – әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жет-ілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога – терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (риdgа1а) жеке элемент-теден тұратын рухани белік пен атомдардан тұратын физикалық құры-лымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгер¬те алады.
Бұл элементтер – бағалық сараптау жасай білу қабілеті және ойларымызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Sаmаdhі немесе уоgа деген осы.
Карма – «іс-әрекет». Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, – жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, – міндетті түрде салдар туғызады, ол жақс немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пай да болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.
Нирвана -»жоғалу», «сөну». Күнделікті өмір – бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана – осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикада және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғым арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен баланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ ол зұлымдық пен құмарлықтар-дың тынышталуы, сезінбеудің толық дәр жесіне жету.
Сансара – азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры – білместікте, сондықтан одан құтылу жолы – нирванаға өну.