Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 17:27, реферат
Мемлекет нысаны– бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай – да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді.