Махмуд кашгари

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:07, биография

Краткое описание

Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

махмуд кашгари.docx

— 18.10 Кб (Скачать документ)

Ат қасқасы ай болмас.

Төрт түлік мал туралы: Су татырмасқа - сүт бер.

"Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы": Ер жігітті қорлама. Үлкенмен керіспес болар. Бар - бақыр, жоқ - алтын.

"Байлық-кедейлік туралы": Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер. Көсеу ұзын болса - қол күймес.

"Сақтық туралы": Ит - қаппас деме, ат - теппес деме. Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі.

"Аң-құс туралы": Арқадағы жауыр ұлға қалар.

"Жоқтық туралы": Аш - не жемес, тоқ - не демес.

"Тіл туралы": Әдептің басы - тіл.

"Ар-намыс, ұят туралылы": Ұятсызбен ұстаспа.

"Ғылым-білім, өнер туралы": Бақыттың белгісі - білім.

"Бек, хан  туралы": Жер бастырығы - тау, ел бастырығы - бек.

"Асыл сөз туралы": Ақылды сөз - алтын табаққа жеткізер.

"Адам өмірі туралы": Атаның ұлы - атасына тартып туар.

Екпейінше - өнбес, талпынбайынша - жетпес. (Еңбек туралы)

Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес. (Қоғам, мемлекет, заман туралы)

Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді. (Әйел, ана туралы)

Күндестердің күлі де - күндес. (Күншілдік, қызғаныш туралы)

Жалғыз қаздың үні шықпас. (Жалғыздық туралы)

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы)

Арыстан күркіресе - аттың аяғы тұсалар. (Үрей туралы)

Далада бөрі ұлыса - үйдегі итің бүйірі солқылдар. (Үрей туралы)

Жақсы адамның сүйегі қурағанмен - аты қалар. (Жақсы мен жаман туралы)

Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды. (Байлық-кедейлік туралы)

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр-шыдам қыл. (Сабырлық туралы)

Сараң санға қосылмас. (Сараңдық туралы)

Жағасындағыны жалаған - алақандағысынан айырылады. (Сараңдық туралы)

Алушы - арыстан, сатушы - тышқан. (Саудагер туралы)

Тәкаппар тақсірет тартырады. (Мінез-құлық туралы)

Ашу қысса - ақылың ғайып болады. (Мінез-құлық туралы)

От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас. (Мінез-құлық туралы)

Қылымсығанда - қызыл киеді, Жарамсақтанғанда - жасыл киеді. (Мінез-құлық туралы)

Еркекқұмар әйел ерге жарымас. (Әйел, ана туралы)

Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды. (Дәрмесіздік туралы)

«Ағайын» десе - шақ қарадық, «Қайын» десе - жалт қарадық. (Ағайын, жұрт туралы)

Ұран көтерілсе - ру жиылар, Жау келсе - жамағат жиылар. (Ағайын, жұрт туралы)

Дос адам маңайынды жұмақ етер. (Достық туралы)

Информация о работе Махмуд кашгари