Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 18:06, реферат
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.
Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің жетекші саласы
Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.
Конституциялық құқықтық реттеу әдісі саяси-құқықтық сипатта болады, өйткені Конституцияда қоғамдық идеялар, әлеуметтік құндылықтар, моральдық принциптер категориясы бекітілген.
Осылайша, Конституциялық құқық – бұл ҚР конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жүйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.
Конституциялық – құқықтық қатынастар дегеніміз – конституциялық құқық нормаларымен реттелінетін және өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілердің арасындағы заңдық байланысты қамтитын қоғамдық қатынастар.
Конституциялық құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең : бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.
Конституциялық – құқықтық нормаларға басқа құқұқ саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Конституциялық - құқықтық нормалар бұл мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жүзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіб ережелері.
Конституциялық – құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.
Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән түсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.