Конфуций омірі мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 17:48, реферат

Краткое описание

Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы – Конфуций. Оны Кун-цзы, Құнфу-цзы, Цзоу деп атайды. Ол қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйф қаласында туып, сонда қайтыс болған. Халық арасында ұстаз Кун деген есіммен кеңге танылған. Ол – Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері. Өмірге келген ортасы – кедейленген ақсүйектер отбасы. Осы данагөй негізін қалаған ілім (Конфуций идеясы) кейін жапон қоғамының ұлттық жалпы психологиялық, мінез-құлықтық және иде-ологиялық қондырғысы болып қалыптасты. Оның көзқарастары оның шәкірттері құрастырған “Лунь юй” (“Әңгімелер мен пікірлер”) кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі мен қөзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едауір ықпал етті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қытайдың мемлекеттік діні.doc

— 45.00 Кб (Скачать документ)

    Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы – Конфуций. Оны Кун-цзы, Құнфу-цзы, Цзоу деп атайды. Ол қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйф қаласында туып, сонда қайтыс болған. Халық арасында ұстаз Кун деген есіммен кеңге танылған. Ол – Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері. Өмірге келген ортасы – кедейленген ақсүйектер отбасы. Осы данагөй негізін қалаған ілім (Конфуций идеясы) кейін жапон қоғамының ұлттық жалпы психологиялық, мінез-құлықтық және иде-ологиялық қондырғысы болып қалыптасты. Оның көзқарастары оның шәкірттері құрастырған “Лунь юй” (“Әңгімелер мен пікірлер”) кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі мен қөзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едауір ықпал етті. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси істерде үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін мәнін жойған жоқ. Ол “даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол – санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу” деді.

 Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды – патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет – үлкен жанұя. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, “қараңғы адамдар”, “төменгі адамдар”, “құрметті адамдар”, “жоғарғы шенді адамдар”, “лауазымды адамдар” ретінде көрсетіледі. Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз  тәсілін жақтаған конфуций билеушіліерді өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі конфуцийден “Шөп жел соққан жаққа қисаяды” деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы  соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерінен алыс тұратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды. Конфуций барлық нәрсе үнемі өзгерісте болады, уақыт тоқтамайды, әрбір нәрсенің басталуы мен аяқталуы болады дейді. “Адамның ісі де солай, бас-аяғынсыз бірде-бір іс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуы анық түсінген адам ақиқатқа жақын тұрады”. Конфуцийдың этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері, ата-аналар мен үлкендерге құрмет, адамдық қасиет, адамдар қамқорлығы, билеушіге адамдық, парыз және т.б. жатады.Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы “әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді”, сондықтан да оны тірлішілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет деп ой түйеді. Яғни адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты.

Сянь-цзының пікірінше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, ашкөз  болып келеді. Сондықтан да адамдардың мінезін жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыпынан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі  тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін  бетке басып айтуы тиіс. Бұл туралы ол былай дейді: “Менің қателігімді дұрыс қөрсеткен адам  — менің ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі – менің досым, ал маған жағынып, жарамсақтанушылар – менің жауым”.

Конфуций ілімін уағыздаушы Хаттари  Унакитидің пайымдауынша: «Конфуций – шығыс данышпаны. Дегенмен, қазіргі күні ол бүкіл әлем танитын философқа айналды. Оның ілімі – өмірді танытатын оқулық, таптырмас тәжірибе мектебі». Ұстаз Кун осындай атақ-даңққа қалай жетті, балалық шағы қалай өтті, одан кейінгі өмір жолы қалай болды? Оған жауап іздеп, көптеген басылымдармен танысқанымызда білгеніміз: жас шағында төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып, 22 жасында бала оқыта бастаған. Сөйтіп, Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнын ашып, ұстаз ретінде үлкен абыройға бөленген. Конфуцийдің мектебінде оқытылған төрт пән – ақлақ (адамгершілік), тіл, саясат, әдебиет.

Қызыл көзді қызғаныш, көреалмаушылық – барлық халықта бар қасірет  қой. Елу жасқа жетіп, Лу патшалығында жоғары дәрежелі мемлекет қызметшісі болып жұмыс істеп жүрген Конфуций қаскөйлік интригалар салдарынан қызметінен кетіп, он үш жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралауға кірісті. Алайда сол кездері билік құрып тұрған синто, буддизм діндері Конфуций идеясына қарсы шықты. Өз идеясын еш жерде орнықтыра алмаған ұстаз Кун 484 жылы еліне қайтып келуге мәжбүр болды. Конфуцийдің ең басты 72 шәкірті болса, солардың 12-сі қандай жағдайда да қасынан шықпай, даналық ойларымен сусындаған көрінеді. Ол елге оралғаннан кейін де ұстаздықпен айналысып, көне даналық кітаптарын жинап, өңдеп, мазмұнын байытыпты. Әрі оларды таратыпты. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ», – деген ғой. Қайтыс болып, тұрған үйі ғибадат-ханаға айналып, рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын болысымен-ақ оның есімі, идеясы басшылық-қа алатын ақыл-кеңес бола бастайды. Және де б.з.б. 136 жылы Конфуций ілімі мемлекеттік идеология болған кезде ол «Он мың ұрпақтың ұстазы», – деп жарияланып, 1503 жылы мемлекет оны қасиеттілер, әулиелер қатарына қосады, 1911 жылы болған ұлттық-буржуазиялық революциядан кейін ол ресми түрде ардақталады. Ілімдегі теориялар Конфуций ілімінде қоғам – «қайырымды мырзалар» мен «қауқарсыз адамдар» бо- лып екіге бөлінеді, кішілер- дің үлкендерге құрметі – тә-рбиенің ең басты іргетасы, басқару – түзету деген сөз. Конфуции ілімі бойынша қо-ғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь), парызды өтеу (и), әдептілік пен сыпайылық (ли), зейінділік пен білімділік (чжи), берілгендік (синь). Данышпанның атақты теориясының бірі – мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке-әке, ал ұл-ұл болу керек», деген. Және де ол «Билікке қалай жетуге болады?», – деген сұраққа: «Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткізу», – деп жауап қайтарған.

Қытай философиясы

Ол діннен гөрі дәстүр аясында дамығанымен, кейін екі мектеп (бағыт) түрінде  пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Сонан  соң қалыптасқан мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), т.б. Конфуций қайтыс болғаннан кейін оның түсініктерін шәкірттерінің дамытқаны белгілі. Олар Конфуций ілімін Қытай философиясына ұсынды. Алайда Моцзы (б.з.б.5 ғ.) Конфуций ілімінің негіздерін, соның ішінде әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алды. Чжанцзы да ұстаз Кунның моральдық ережелеріне қарсы шықты. Дегенмен, буддизмді уағыздаушылардың өз тұжырымдарының дұрыс-тығын дәлелдеу үшін Лаоцзы Конфуций, Чжауцзыға жүгінгені ғылыми еңбектерден бізге таныс. 17-18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэнцзының «киелі кітаптарына» түсіндірмелер жазып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуаньшань идеялары төңірегінде дамыды, 19 ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа мен ағартушылықтың саяси идеялогиясы өмірге келіп, Қытай Халық Республикасы құрылысымен Қытай философиясында марксизм ілімі, диалектикалық және тарихи материализм бірден-бір теориялық негіз ретінде таралды.

Конфуцийшілдік Бұл – ежелгі дәуірден бастау алатын философиялық жүйе. Конфуцийшілдік ғалым – интеллектуалдар ілімі (мектебі) негізінде пайда болған. Оны бастап берген Конфуций. Ол – Шығыстағы үш басты діни этикалық (даосизм мен буддизм қатарындағы) бағыттың Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі, саяси этикалық ілім. Оның көзқарасын ізбасарлары «Лун ой» («Әңгімелері мен ой-пікірлер») кітабында баяндап беріп, насихаттаған. Сонымен қатар, оның адам тағдырын «аспан» айқындайды, адамдардың «мейірімділерге» және «нашарларға» бөлінуі өзгеріске түспейді, жасы кіші үлкенге, қызметі төмен адам лауазымы жоғары қызметтегі кісіге көзсіз бағынуға тиіс деген теориясын дамытты.

Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәрінен де бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайырымды бол, тәубешілдік пен  үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу  мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», – дейді екен. Сол себепті, ол Жапония тәрізді елдердің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті.Соған қарамастан, Конфуций ілімі, конфуцийшілдік туралы әртүрлі пікірлер бар. Біреу насихаттайды, біреу сынайды. Оның көрнекті ізбасары болған Мэнцзының (б.з.б.372-289) пайымдауынша, әлеуметтік теңсіздік құдайдың құді-ретімен. Конфуцийдің екінші бір жақтаушысы Сюньцзы жасаған ілім бойынша, «аспан» – табиғаттың бір бөлігі. Бірақта, конфу-цийшілдіктің «құдайдың құдіреті» туралы ілімінің Дун Чжуншудың (б.з.б.2ғ) конфуцийшілдіктің ортодоксты доктринасын жасауға негіз болғанын еске алғанымыз жөн. Ғылыми деректерге назар аударсақ, Сун әулеті билігі кезінде (10-13 ғасырлар) Қытай философия мектебінің Жаңа Конфуцийшілдік бағыты қалыптасқан. Онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлу – Жаңа Конфуцийшілдік деп аталған бұл ілімнің Ерте Конфуцийшілдіктен басты айырмашылықтарының бірі. Негізінен, Жаңа Конфуцийшілдік 21 ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып, Жапония, Корея мен Вьетнамға да зор ықпал етті.

Ең ғажабы, Конфуций ілімі (трактаттар мен канондар) – жасырын дәстүр, белді әулеттердің «меншігі» болды да. Ол атадан балаға мирас болып қалдырылып келді. Әулет ақсақалы оны үлкен ұлына аманат ретінде тапсырып кететін болған. Сонда Конфуций ілімі Жапонияға қалай тараған? Қытай философтарының еңбектері жапон тіліне қалай аударылды, солай Конфуций ілімі бұл елге де тараған (ХVI-XVII ғасырлар). Жапондарда отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі, қоғамдық ұя болып саналатындықтан, отбасы отағасын («үкімет басы» деп бағаланады) балаларының сыйлап, құрметтеуі бірінші орынға қойылатындықтан Конфуций ілімі кең қолдау тапқаны мәлім. Иә, Жапонияда перзенттік құрметтеу (сяо) өте жоғары. Мұнда бaла тәрбиесінде, перзенттік парыз бойынша, балалар ата-анасын құрметтеп қана қоймай, оларды сүюге тиіс, бұл қағиданы орындамау – үлкен абыройсыздық, өлімге пара-пар.

Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен әкімдерге де қол астындағыларға туған баласындай қарауға кеңес берілді. Конфуций бойынша “ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табандылықпен, ең алдымен өзі  үлге-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді”. Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін ролін атқара бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

                                        Жоспар

 

1.  Ұлы Қытай ойшылының  өмірбаяны

2.  Конфуцийдің этникалық идеялары

3.  Дана философтың саяси ойлары

4.  Конфуцийшілік-Қытайдың мемлекеттік діні

5.  Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

                          Қолданылған әдебиеттер

1.  Қазақ энциклопедиясы 11- том

2.  А. Қасабеков, Т. Ғабитов, Ж. Алтаев «Философия тарихы»,2007

3.  Ежелгі Шығыс философиясы  XX томдық, II том «Мәдени мұра»

4.  www.wikipedia.com сайты

 

 

 


Информация о работе Конфуций омірі мен қызметі