Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 12:44, реферат
Философиялық сөздікте классика деген ұғымға – сlаssіcus (латынша) – тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділікке ұмтылу; ұлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық болып есептелетін ең озық, ұлы туындылар, классика қызуқандылыққа, ретсіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.
Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүниежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы – тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қайталанбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.