Иррационализм бағытының философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 14:55, реферат

Краткое описание

XX ғасыр – ғылыми – техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңатехникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисциентизм деп аталады

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 42.18 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

XX ғасыр – ғылыми –  техникалық революция дәуірі. Рационализм  мен иррационализм арақатынасын  ғылыми техникалық прогреске  көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми техникалық  прогреске сенеді. Ғылым адамға  қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың  екінші жартысында дүниеге келді.  Оған көптеген жаңа ғылымдардың,  жаңатехникалардың, технологиялық  әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге  келуі себеп болды.  Екіншісі  антисциентизм деп аталады. Ол  ғылымға сенбейді. Ғылыми – техникалық прогресс адамға тек қиындық  әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың санасын ол қаспақтай ұстайды, ойлау жұйесінде шектеу саласы деп есептейді. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.           XX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1938 – 1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843 – 1896) болды. Рессейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов (1873 – 1928), В. Базаров (1874 – 1939), т.б. Э. Мах былай деді: "Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді”.     Дегенмен, XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Иррационализм  танымы

Иррационализм - [латынша Irrationalis - ақылға сыйымсыз] - пайдагерлік ақылдың, тәжірибелік ойлаудың танымдық мүмкіндіктері  шектеулі деп санайтын және руханилықты, сезімді, түйсікті, қиялды дүниетанымның  негізі деп есептейтін рационализмге  қарама-қарсы таным жүйесі. Иррационализм табиғат құбылыстарын, дүниені, болмысты, ақиқатты жүрекпен қабылдап сезіну, табиғатпен үндестікте, басқа да тіршілік иелеріне залал келтірмей, ізгілік бастауларына ден қойып, дүниені махаббатпен қабылдау принциптерін ұстанады. Бұл тұрғыдан қарастырғанда барлық діни және діни-философиялық ілімдер өзінің түпкі мазмұны бойынша иррационализмге жатады. Азаматтық қоғамдағы қарым-қатынаста адамгершілік, ізгілік және үндестік, жеке адамның кемелденуі-иррационализм танымының негізгі түп қазығы.     Философия тарихында иррационализм, ең алдымен, шығыстық дүниетаным ерекшеліктерімен тығыз байланыстырылады. Иррационализм шығыс философиясында өмір сүру қағидаты, дүниетаным жүйесі ретінде ежелгі дәуірлерде-ақ қабылданса, батыс философиясы алғашында оны философиялық ағым ретінде ғана бағалады. Мысалы, орта ғасырлар философиясында "агностицизм", "релятивизм", "скептицизм" деп атаған көзқарастарда батыстық ойлау жүйесіне түсініксіз иррационализм нышандары бар еді. Ал жаңа дәуір философиясында иррационализм рационализмге қарама-қарсы философиялық таным жүйесі ретінде мойындалды. Мысалы, неміс философы Фридрих Якобидің (1743-1819) ағартушылық рационализмге қарама-қарсы қойылған "сезім мен сенім философиясы", кейініректегі Фридрих Шеллингтің "Сыр ашу философия¬сы", Сёрен Кьеркегордың (1813-1855) ілімі осы мойындаудың белгісі еді. Иррационализмге ұлттық мәдени құндылықтардың барлығын адамзатқа ортақ байлық деп тану тән. Ол рационалдық қасаң қағидаларға сүйеніп, белгілі бір салыстырулар арқылы мәдени астамшылық жасауға қарсы.            Иррационализм рухани құндылықтарға сезімталдықпен қарап, нәзік ұғу, жүрек пен ақылды қатар ұстау сияқты дүниетаным тұтастығымен ерекшеленеді. "Өмір философиясының" атасы Фридрих Ницше мен "бейсаналық философияны" негіздеуші неміс ғалымы Эдуард фон Гартман (1842-1906) иррационализмнің XIX ғасырдағы аса көрнекті өкілдері болды. Кейінгі экзистенциализмнің өкілдері (К.Ямперс, Жан Пол Сартр, т.б.) aдамның мәні интеллект емес, тілмен айтып жеткізуге болмайды, бірақ үрей, еркіндік, уақыт, шектілік, т.б. Ұғымдармен сипаттауға болатын әлдебір жекебасылық экзистенция деген идеяны дамыта отырып, адамзат санасының сезімдік-түйсіктік жағына ден қойды. Ал орыс ойшылы Николай Бердяевтің түсінуінше, "интуицияда көзге көрінген ақиқаттың неғұрлым кемел тұжырымдамасын табу", ол үшін дәлелдемені немесе қорытындыны емес, сәулені нұрландыратын формуланы жиынтықтау керек. "Көз жеткізуге болмайтынға көз жеткізу" түріндегі (Николай Кузанский) үшінші тәсіл де бар, бұл тәсіл бойынша ақыл-ой өзінің шет-шегінің бар екенін тануға ақыл-ойдың жетуі мүмкін емес логикалық жолмен келеді. Тағы бір орыс ойшылы Владимир Соловьев рационалдық пен иррационалдықты мистикалық танымды жинақтауға, сөйтіп, мистикалық танымды рационалдықтың негізіне айналдыруға тырысты. Қазіргі заманғы иррационализм постмодернизм түрінде көрініс тауып отыр, олар рационализмді барған сайын жаңа әлеуметтік құрылымдар мен мәдени пішіндерді жасап, адамды өзінің қайталанбас ерекшелігінен айырғаны, оны "қалыпқа" айналдырғаны үшін сынайды. Иррационализмнің бастау көздері табиғатты, дүниені танып білудің шексіздігіне, сарқылмайтындығында, барынша күрделі екендігінде жатыр. Рационализмнің жұтаңдығын сынай отырып, ол "сана", "жеке тұлға", "білім" ұғымдарын тереңдетуге жол ашты. Рационализмнің "шектен тыс дәмеленуін" шектеп, иррационализм адамның танымдық мүмкіндіктерін жаңа қырынан дамытып, жетілдіруге септігін тигізді.   Иррационализм- табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық кағида. Ирония ағымын ұстанған ғалымдар К Ясперс, К.Юнг және тағы баскалар. Мәдениеттің табиғаты, оның ерекшелігі туралы иррационалистік таным Ницше, Бергсондардың "өмір философиясында", Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің еңбектерінде қалыптасты.                                  

 

 

 

 

 

 

 

2 Иррационализм  бағытының өкілдері

Якоби Фридрих Генрих (1742-1819) - неміс философы. Ол көпес бола тұра бір уакытта жазушылықпен де айналыскан. Ол философияны адамдардың іс-әрекетінен шығарған. Барлық жекелік қана емес, сонымен катар, барлық «өмірде бар» және «құдайда» бар заттар өмір сүреді. Якобиде философиялық өмірдің және экзистенциализмнің қалдықтарын табуға болады.           Шеллинг Фридрих Вильгельм Йозеф (1775 — 1854) — философ, неміс классикалық идеализмінің көрнекті өкілі. Табиғат философиясы мәселесі жөнінде еңбектер сериясын жазған. Онда Канттың идеясы мен Лейбництің тірі монадалар мен табиғаттың дұрыс күштері туралы ілімін саралай отырып, табиғатты түсінуге қайшылықтар арқылы даму идеясын енгізді. “Транцендеталдық идеализм жүйесінде” (1800) Фихтенің субъективті идеализмін өз жүйесінің объективті идеализмімен ұштастыруға тырысты. Еркіндік туралы Шеллинг ілімі “Адам еркінің мәні туралы және осыған байланысты заттар туралы философиялық зерттеулерде” (1809) жан-жақты дамытылды. Фихтемен бірге Шеллинг еркіндікті ұғылған қажеттілік деп түсініп, еркіндік құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес, қоғамның жетістігі деп білді. Алайда ақырында өзінің осы көзқарасымен қайшы келіп, Шеллинг еркіндік мәселесін мистификациялап, жеке негіз еркіндіктің түп тамыры, ал ол негіздің көзі “ой жететін дүниеде” деп жариялады. 1815 жылы Шеллингтің дүниеге көзқарасында мистикалық элементтердің мейлінше күшеюімен белгілі. Шеллингтің ықпалы ең алдымен Гегельде және басқа да көптеген жаратылыстанушыларда анық байқалды. Сондай-ақ оның ілімі натурфилософтар және славяншылар арқылы орыс философиясына да ықпал жасады.             Сёрен Кьеркегор (1813- 1855)- дат философы мен теологы. Ол сыртқы әлемге сілтеу мен таянудағы әрекетке қарсы (мұндай эстетикалық мінез бола алады), ол өз алдындағы ішкі, яғни эстетикалық жауапкершілікке сенбей, индивид өзінің жеке басын тәңірдің еркіне беруді ұсынады. Кьеркегор үшін бұл өмір діни және пародоксальді. Осылай бола тұрып, ол христиан халқының дінін толық теріске шығарды. Оның ойынша экзистенциалды ойлау, яғни абсолюттікке сәйкес өмір сүру, азапты өлім төнетін болса да христиан ақиқатына шексіз сену.        Фридрих Уилһелм Ницше (1844 қазаннаң 15 — 1900 тамыздың 25) —IX ғасыр неміс пәлсапашысы және филологы. Бонн және Лейпциг университеттерінде оқыған. Ницше болмыс пен мәдениеттің екі бастамасын – “дионистік (“өміршеңдік пен трагедиялық”), ләззатқа жүгенсіз елеуреу” және “апполондықты” (пайымдау, логик. топшылау мен бір жақты интеллектуалдық) салыстыра зерттеді. Ницше ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-сана мен дәстүрлерге, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол зердені қатты сынға ала отырып, оның негізгі қағидаларын іске алғысыз етеді. Философтың айтуынша, дүниені тануда негізгі рөл атқаратын зерде немесе сана емес, рухтың күші ғана, ал рух дегеніміз – өмірдің өзі. Өмір өзінің қайғы-қасіретімен және азабы арқылы білім бола алады. Ницшенің иррационалистік философиясының бір ерекшелігі: өмір мен ырық (абсолютті ырық) арасындағы байланысты анықтауға ұмтылғандығы. Ол өз шығармашылығының алғашқы кезеңдерінде ырықты өмірге деген құштарлық деп танып, өмір философиясының негізін қалады. Бірақ Ницше шығармашылығының соңғы кезеңі ырыққа деген басқа көзқарасты тудырды. Оның ойынша, өмір ендігі жерде ырыққа деген құштарлық емес, керісінше, бұл рухтың үстемдікке, билік етуге құштарлығы болып шықты. Ницшенің пікірі бойынша, адам, бір жағынан, тек жәндік қана, ал екінші жағынан алғанда, әрі тудырушы, әрі жаратушы. Жалпы ол адамның рөлін, әсіресе, шығарм. қызметін жоғары бағалаған. Ол неміс тілінің айрықша өткір түрімен сол дәуірдегі қоғамдық сенім, өнеге, мәдениет, пәлсапа және ғылымды сын тезіне алады. Ницшенің көзқарастары кейінгі пәлсапаға әсіресе бар болушылық ағымы мен постмодернизмге терең ықпал етті. Оның құндық көзқарасы және шындық туралы қойған сұраулары мен түсініктемелері еуропалық және түсініктемелік пәлсапаның негізін қалады.    Ницше пәлсапаға кірісуден бұрын жұмысын филологиядан бастаған. 24 жасында Базел университетінің классикалық филология бөліміне басшы болып орналасады, бұл сол кезге дейін осы орынға отырған ең жас профессор еді. Бірақ, 1889 ж. ол жүйке ауруына ұшырап, денсаулық жағдайымен орнынан шегінеді, осыдан кейінгі өмірінде ол бастан ақыр ауырумен алыса жүріп өткізді. 1889 ж. ауыр науқас болғаннан бастап, шешесі мен қарындасының жанына келіп 1900 ж. көз жұмғанға дейін солардың күтімінде болды.             Сартр (Sartre) Жан-поль(1905-1980) - француз философы, публицист, романист және драматург. II дүниежүзілік соғыстың кезінде неміс тұтқынында болған, одан оралған соң қарсылық көрсету қозғалысына қатысқан. Соғыстан кейін Альберт Камю, Морис Мерло-Понти және Симона де Бовуармен бірге саяси бағытталған "Les Temps Modernes" журналының негізін қалаған. Сартр отаршылдыққа ашық қарсылық көрсеткен. Ол Батыс және Шығыс лагерлерінің арасында бітімнің орнауын қолдады. АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы кезінде ол Бертран Расселмен бірге әскери қылмыстар бойынша ресми емес Трибунал төрағасы болған. Сартр өмірінің соңғы күніне дейін ғаламдық әділеттілікті қорғаушы, сол үшін күресуші ретінде танымал. Бердяев Николай Александрович (1874-1948) - орыс философы, экзистенциалист.Оның философиясының негізі - еркіндік. Еркіндікпен бір қатарда шығармашылық, тұлға, рух, Құдай ұғымдары тұрады.[1] Бердяев ұлт пен мәдениет, мөдениеттегі жалпыадамзаттық және ұлттық бастаулар, мәдениет және өркениет, соғыс сияқты" бегейлі мөселелерді талқылауға көп көңіл бөлді. Орыс рухы туралы пайымдауларында Бердяев орыс pухының пейзажы" орыс жерінің "пейзажына" сәйкес келеді - деді. Сонымен бірге, Бердяев орыс халқына тән бюрократгық орталықтандырылған билікгі жақтау, саяси өмірдегі стихия мен иррационалдылық, ұйымдастыруға әлсіздік сияқты ділдік белгілерді атап өтгі. "Орыс халқыңда, - деді Бердяев, - кез келген мәдениетке, тұлғалық бастауларға, оның құқықтары мен абыройлығына, барлық құндылықтарға қарсы мистикалық толассыз қарсы әрекет бар . Жалпы орыс мәдениетіне, оның пікірі бойынша амбиваленттік тән. Бердяев орыс халқындағы мейірімділікті, тынымсыз адамгершілікті жоғары бағалады. Сондықтан 1917 жылдан кейін рухани мәдениетті талкаңдау ұзаққа созыла алмады, түбіңде мәңгі рухани күш қайтадан құдіретіне енеді, - деді. Басқа да орыс философтары сияқты Бердяев "мәдениет" және өркениет ұғымдарын бір-бірінее ажырта қарастырады.       Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900) - Римдік басқарудағы бүкіләлемдік теократияны қолдады. Самодержавиелік Ресейдің қатысуымен теократияны ұйымдастыруда, оның әлеуметтік құрылымында үш элементті көрсеткен: священиктер (құдайлық бөлік), князьдер мен бастықтар (белсенді адамдық бөлік), жердегі халық (белсенді емес адамдық бөлік). Мұндай бөлу тарихи үрдістің қажеттілігінен туады және теократиялық қоғамның органикалық түрін құрайды. Халықты жеке басқарушылардың қажеттілігі бұқара халықтың белсенді емес мінез-құлқынан туындаған деп есептеген. Әлеуметтік христиандық және христиандық саясат тақырыбын талқылауда да өз үлесін қосқан. B.C.Соловьев пікірінше, нағыз христиандық - қоғамдық болуы қажет, жеке адамдардың жандарын сақтаумен қатар әлеуметтік белсенділікті, әлеуметтік реформаларды талап етеді. Саяси ұйым оның түсінігінде табиғи-адамзаттық іс, өмірге ағза тәрізді қажеттілік. Бұл жерде христиандық мемлекет пен христиандық саясаттың мәні аса зор деп көрсеткен. Мемлекеттің қорғау міндеттерінен басқа, христиандық мемлекеттің прогресшіл міндеті - өмір сүрудің жағдайларын жақсарту. Нағыз үдемелі дамудың ережесі: мемлекеттің адамның ішкі дүниесін тарылтпауы. Ясперс Карл (23.2.1883 жылы, Олденбург, – 26.2.1969 жылы, Базель) – неміс экзистенциалист философы. Өз қызметін психиатр ретінде бастаған. Ясперстің экзистенционалдық ойлау стилі жалпы батыс зистенционализміне ортақ адам өмірінің пәнилігімен байланысты туындайтын этикалық және социологиялық ой - қорытындыларынан көрінеді. Ясперс түсінігінше адам өзінің бұл дүниеде мәңгі еместігін ұмытпай, түйсінуі оның мінез - құлқын, әрекетін, арманын және моральдық, құқықтық, эстетикалық құндылықтарын анықтайды. Шексіз, транцедентті болмысқа адам санасы тек әдеттен тыс халде (медитация) шыға алады. Психопатология құбылыстардан Ясперс жеке адамның құлдырау бейнесін ғана емес, қайта адамның өз даралығын ширыға іздестіруін көреді. Осы жанға батарлық ізденістерді нағыз философияға салынудың ұйтқысы деп санаған Ясперс мынадай тұжырымға келді: дүниенің кез келген рационалды көрінісін ешқашан ақырына дейін ұғынылмайтын жан құлшыныстарын рационализациалау деп қарауға болады. Ясперс пікірінше, болмыстың шын мағынасы аса терең күйзелістер (ауру, өлім, күнәсін сезіну, т.б.) кезеңінде ашылады. Ясперстің жалпы адамзаттың уақыт пен кеңістіктегі түсіністігіне сенімі “уақыт ұйтқысы” (Axenzeіt) – тарихтың әмбебап мәнісі жайлы теориясына себеп болды.    Карл Густав Юнг (1875- 1961) - швейцарлық психолог және психиатр. 1910-1913 жылы кейін 1933 жылы Цюрих университетінің доценті, психоаналитикалық мектептің Цюрихтағы бұтағын қалаушы.  Бергсон Анри (1859-1941)- француз философы,эволюция және интуитивизм қағидасын жасаған иррационалист. Оның философиясының негізі ұғымы «өмір». Өмірдің мәніне интуицияның көмегімен жетеді. Өмір ағып жатқан тасқын сияқты үздіксіз процесс. Бергсон бойынша, заттық дүниенің қозғалыссыз бітімдеріне сай келетін ұғымдарды пайдаланушы интеллект қозғалысты, соның ішінде "тіршілік талпынысьш", шындықты жасаушы, әсіресе сананың атрибуты болып табылатын "ұзақтықтық" шығармашылық стихиясын түсіне алмайды. Ол тек жануарлар инстинктеріне ұқсас тікелей сезіну, иррационалдық интуиция арқылы ғана қабылдана алады. Интуиция мүддесіз болғандықтан, дейді Бергсон, шындықты күнделікті өмір қажеттіліктерімен және пайдалы нәрселерді іздеумен ғана байланысты интеллектіне қарағанда тереңірек ашады. Дүниені интуициялық жолмен қабылдаудың бір түрі ретінде Бергсон "таза өнер" дегенді қояды. Комедия, Бергсон бойынша, таза өнерге жатпайды, өйткені ол әлеуметтік айыптаудың түріне жатады. Бергсон өнерді ғылымға Қарағанда танымның маңызды әрі әмбебап деп есептеді.

3 Рационализм

Рационализм (лат. ratіo — ақыл), архитектурада — XX ғ асырдың I-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану — Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады. Рационализм негізі IX ғасырдың аяғында қалыптаса бастады. XX ғасырдағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі — XX ғасырдың 20 — 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны XX ғасырдың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды.  Философияда— болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде XVII — IX ғасырларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теол. көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Философиялық Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классик. жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғылымы білімнің, әсіресе, математикалық білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Рационализмнің гносеолдық оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еуропа ағартушылықтың маңызды философиялық алғышарты болды. XX ғасырда Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль), француз неорационализмінде (Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды. Шопенгауэр Артур (22.2. 1788, Гданьск – 21.9.1860, Майндағы Франкфурт) – неміс философы, идеалистік бағыттың өкілі. Негізгі шығармасы “Ерік және түсінік ретіндегі әлем”. Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, И.Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды. Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі – ерік. Ол үшін ерік – абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі мен түп негізі. Шопенгауэр шынайы философия материалистердің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы (кеңістік пен уақыт), себептілік заңы (материалдық дүние), логиканынң негіз заңы (ғылыми таным) және мотивация заңы (адамның әрекетке ынталануы) болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек 20 ғасырдың орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 Пәлсапа

Пәлсапа немесе философия  — адамзат баласының сонау  ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен  танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны  айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер  философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия  сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа  деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. VII-VI ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.           Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.   Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.     Дін - бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.       Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.        Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .    Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).          Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).   Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.          Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары - философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.      Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).       Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология - таным туралы ілім; Аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология – адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология - адам туралы ілім; Логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.       Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.         Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы - ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.        Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың ара қатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек. бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.     екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле ала ма әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді. Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм. Онтологиялық сұрақ - дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рух па деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология - дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды. Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.         Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.  Материя — адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.     Материалист - философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.    Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.   Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:       - Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),     - Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).     Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі - о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.      Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материя да, рух та жоқ»,- деген пікірді ұстанды.           Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм деизм саналады.       Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) – дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама - идея, сана. Материалистер үшін - материя алғашқы бастама болып табылады.        Дуализм (лат. Duo - екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.     Деизм - (лат. Dues - Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.    Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.     Гностицизм (гр. gnostos - білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.  Агностицизм (гр. а - теріске шығару, ал gnostos - білім) - дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. Терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.      Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып-білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.      Диалектика (гр. Diolegomai - әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).   Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды. Метафизика - заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда - «физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытыңды

Философия тарихында иррационализм, ең алдымен, шығыстық дүниетаным ерекшеліктерімен тығыз байланыстырылады. Иррационализм  шығыс философиясында өмір сүру қағидаты, дүниетаным жүйесі ретінде ежелгі дәуірлерде-ақ қабылданса, батыс философиясы алғашында  оны философиялық ағым ретінде ғана бағалады. Мысалы, орта ғасырлар философиясында "агностицизм", "релятивизм", "скептицизм" деп атаған көзқарастарда  батыстық ойлау жүйесіне түсініксіз иррационализм нышандары бар  еді. Ал жаңа дәуір философиясында иррационализм  рационализмге қарама-қарсы философиялық таным жүйесі ретінде мойындалды.          Агностицизм - (гр. ἄγνωστος - мойындамаушылық) - объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім.       Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады.   Релятивизм (лат. relatіvus — салыстырмалы) — дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методологиялық қағида. Релятивизм заттардың, құбылыстардың, ғыл. теорияның, адамгершілік құндылықтардың, моральдық нормалардың, т.б. баяндылығын, тұрақтылығын, абс. мәнін жоққа шығарады. Релятивизмнің негізгі үш түрі:          метафиз. (онтол.) Релятивизм;      танымдық (гносеол.) Релятивизм;       этик. (моральдық) Релятивизм.      Скептизм (көне грекше: σκεπτικός — қарастыратын, зерттейтін) —объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;      бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану;           

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1 Саяси түсіндірме сөздік. Алматы, 2007.       2 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. Алматы, 2007. - 344 бет.           3 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 бет.         4 Қазақша энциклопедия 7 том.        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Иррационализм бағытының философиясы