Халық педагогика», «Этнопедагогика» анықтамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 08:11, практическая работа

Краткое описание

Бірақ салт-сана, дәстүр біткеннің бәрі тапжылмайтын, өзгермейтін, қатып қалған дүние деп қарауға әсте болмайды, ол дәуірден-дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа өткен сайын, сол өзі өмір сүрген заманның, ортаның көзқарасына, қажетіне қарай мазмұнмағына алып, байып, жаңғырып отырады, жаңа, жас сипат алады. Яғни керектісі сақталады да, тозғаны өмір кешіне ілеспей қала береді. Мұның өзі табиғи тұрғыдан алып қарағанда заңды да.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 СОӨЖ.docx

— 20.16 Кб (Скачать документ)

 № 1 СОӨЖ

1.«Халық  педагогика», «Этнопедагогика» анықтамалары.

2.Қазақ  халқының өте әрідегі ата-бабаларының  өмір сүрген кезеңінен (Түрік  қағанаты) бастап қазіргі заманға  дейін қысқаша шолу.

 

     Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.

 

    Бірақ салт-сана, дәстүр біткеннің бәрі тапжылмайтын, өзгермейтін, қатып қалған дүние деп қарауға әсте болмайды, ол дәуірден-дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа өткен сайын, сол өзі өмір сүрген заманның, ортаның көзқарасына, қажетіне қарай мазмұнмағына алып, байып, жаңғырып отырады, жаңа, жас сипат алады. Яғни керектісі сақталады да, тозғаны өмір кешіне ілеспей қала береді. Мұның өзі табиғи тұрғыдан алып қарағанда заңды да.

      Өйткені адамның тыныс-тіршілігі сол өмір сүрген қоғам өмірімен тұтасқан. Кісі өзінің жеке басының қамы үшін емес, қоғам мүддесі, ұрпақ болашағы үшін өмір сүруге, сол үшін игілік жасауы керек. Адамның, қуаныш, қайғысы да, салтанат, көргісі де, барлық байлық, ырыс-дәулеті де сол болмақ.

Қай дәстүр болмасын халықтың көз қарасынан туып, тұрмыстық қажеттілік сынынан етіп барып қалыптасады.

      Алексей Максимович Горький халықтың тек материалдық байлықтарды жасаушы күш қана емес, рухани байлықтардың бірден-бір сарқылмас көзі, барлық ұлы поэмаларды, жердің барлық қайғы-қасіреті мен қуаныш-шаттығын, солардың ішінде ең ұлысы – дүние жүзілік мәдениет тарихын жасаушы, уақыт бойыншада, сулулығы мен данышпандығы бойынша да, тұңғыш философ және ақын екендігін айтқан.

      Ес біліп ақыл ұштауда, ой дүниесін толықтырып білім алуда ұрпақтан-ұрпаққа талай қилы кезең сындардан өтіп өз мағынасын сақтап келе жатқан халықтың жақсы салт-сана, әдет-дәстүрлерінің ұрпаққа берері мол. Әрбір даналық парасаттың өшпейтін себебі — сол халықтың рухани, мәдени мұраларын сақтап, оны жаңартып, жаңа өмір, жаңа адам, жаңа қоғам талаптарына қарай бағыттап, байытып қызмет істетіп отырғандықтан екені түсінікті. Сондықтан да оны қадірлеп-ардақтап таза ұстау, оған қиянат жасамау қай ұрпақтың болсын қасиетті борышы.

      Тамақ, киім, отын, баспана, құрылыс өндіріс материалдары, дәрі-дәрімек бәрінде өсімдіктерден алатыны баршаға белгілі.

Жерге, өсімдікке деген ықылас пен көзқарас әрбір ауылды белгілі бір жолмен, белгілі^ уақытта кешуге, белгілі құдықтың, немесе бұлақтың басына қонуға, малды үйренген жерге жоюға қалыптастырып үйретті. Осындай көшу, қону жағдайларына байланысты мал жайылымы қыстау, жайлдау, көктеу, күзеуге бөлініп, жылдың төрт мезгіліңце әр ауылдың қоныс ететін бслгілі жерлері болды. Бұл сияқты жерді, өрісті бөлу ұзақтан, әріден басталғандықтан атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа тараған берік қағида, дағдыға айналды. Әр жүздің, рудың, ауылдың мал баққан жерлері солардың ортақ меншіктеріне айналып кетті. Басқа біреудің айтайық бір ауылдың, екінші ауылдың жеріне мал жаюы, немесе, ұлықсатсыз келіп көшіп алуы үлкен дау-жанжалға айналатын болған.

Абайдың: «Ерте барсам жерімді жеп қоямындеп, ықтырма мен күзеуде отырар бай» – деуі, бір жағынан байдың сарандығын сықақтаса, екіншіден мал жаятын жердің қатаң есептелуі екенін, жердің шөбін де тиімді пайдаланудың қажеттігін көрсетеді.

        «Көкті жұлма, көктей соларсың», немесе «көктей солғыр», «өспегір» деп біреуге лағынет айту да осындай ұғымынан туғаны өзінен-өзі белгілі. Әрине мұндағы негізгі философиялық мағына тіршілік еткісі келген дүниені тиіспе, залал келтірме, зақымдама деген аталы ақыл. Шынына келетін болсақ өсіп түрған «әдемі ағаштың, гүл, жеміс» ағаштарының адам баласына, түрлі жан-жануарларға, жер көркіне келтірер пайдасы сан алуан.

Біреуге риза болғанда «көсегең көгерсін», «өркенің өссін» дейді. Қазақ қандай тамаша жүрекке жылы тиетін тілек. Халықтын өз туындысымен түсіндіргенде: «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» деген мағынада.

       Суды ылайламау, суды сабаламау, былғамау, әрбір дала тұрғының тікелей борышына айналған. Мұның өзі тек судың ғана қамы емсс, ондағы балықтардың, су бойын мекендеген құстардың қамы. Соларға тыныштық, өрісті өмір жайлы тіршілік тілегінен туған дәстүрлі сөздер.

Казақ ауылдары құдық, бұлақ суларының тазалығына қатты көңіл бөлген. Қыстау, көктеу не жайлау мен күзеуде құдық болса ел көшкенде шегендеп кетіп, көшіп келгенде аршып отырған. Ал мал суаты болған бұлақ бастарын таза ұстап, оның көзін жыл сайын балдыр-батпақтан тазалап, су көзінің бітеліп қалуынан, не құрып к етуінен сақтаған.

      Қазақ елі қанша жасампаз болса, ол соншама өзгертуші де. Ғасырлар қатарында жатқан жер-өлкелер тарихына қарап, ежелгі географияларға зер салсақ, бір кездс жайқалып жатқан талай-талай арналы өзен, өлкелі сулардың жоқ болып ксткенін көреміз. Ал ежелден малшы жүрт көшіп,-қонып, қоныстап жүрген жерлердегі кішкентай бұлақтар мен су көздерінің сол ғасырлар бойы сақталып келе жатқанынына да куә боламыз. Мұнын себебі, қамқорлық жасамаса тозбайтын дүние жоқ. Тек адам ойы өзгерместен өмір кеше береді.

      Жолаушы қазақ ат шалдырған жерінде кездестірген кішкентай тұнбаның көзін көрсе жарықтықай» деп, алақаны мен, не тастың жарқашымен болса да аршып, көзін кеңейтіп кетеді. Аға алмай жатқан туманның көзін ашып кеңейтіп қайда жүрсе өзіне борыш санайды. Мысалы, мал баққан елдің ежелгі және қазіргі мекендерін аралап жүрсеңіз осындай оқиғаларға байланысты қойылған жер-су аттарын жиі кездестіреміз. Арқада Құланбұлақ, Айнабұлақ, Құлан өтпес, «Май-құдық т.б. су аттары, Жидебай, Көкен т.б. Жер аттары санай берсек толып жатыр. Осының бәрінің де қызықты өз тарихы тәлім-тәрбиелік мәні бар.

      Табиғат қорғау және экология проблемаларын дер кезінде және тиімді шешу үшін, әрине маман кадрлар керек, Халық шаруашылығы салаларында табиғат байлықтарын пайдалану процестеріне тікелей қатысатын, басқаратын адамдардың экология және табиғатты қорғау жүйелерінен хабары, тиісті білімі болуы керек.

Табиғатқа жанашыр болу — адамзат қоғамына оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сондықтан табиғат қорғау және экология мәселелерін негізінен мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарын бітіріп халық шаруашылығына жолдама алатын мамандардың өзі мен бірге ала жүретін төл ісіне айландыру керек.

      Қазіргі кезде халықаралық табиғат қорғау және экология қоғамы жер жүзіндегі әрбір халықтың ежелден бері қарай, сонау алыс дәуірлерден бастап, өз өмірінде қолданып келе жатқан табигатты қорғау экология мәселелерін шешу дәстүрлерін жинауға кірісті. Әрбір халықтың халық болып тарихта белгілі бола бастауына, олардың географиялық орналасуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, кәсіп етіп келген шаруашылығына байланысты әр халықтың табиғатты қорғауға және экологияға деген көзқарасы бұрын да әр түрлі болғаны, қазіргі кезде әр түрлі екені белгілі бола бастады.

       Өмірлік тәжірибесі мол, ересек адамның жастарға үлгі-өнеге болуы занды десек, кейде керісінше, жас адамның да өзінен үлкен кісіге ықпал етуі мүмкін. Мысалы Шоқан Ф.М.Достоевскийден көп нәрсені үйренумен қатар, оған да ерекше қабілеттілігімен ықпал етті. Сондықтан да Ф.М.Достоевский Шығыс мәдениеті жөнінен Шоқанға тәнті болды. Оның «Шоқан табиғаттың өзі тудырған дара тұлға» деп бағалауы да тегін емес. Шоқан туралы Г.Потанин «біздің жасымыз одан үлкен болса да, ол білім жағынан бізге аға сияқты еді, біз оның қасында жалаңаяқ бала сияқты едік, … ол біздің жолдастарымызға және маған да білім жағынан «Европаға қарайтын терезе сияқты еді…. Деген болатын.

      Адамның жан-жақты үйлесімді жетіліуіне, яғни біліміне, кәсіптік ебдейлігіне, өндірістік дағдысын дамуына, творчестволық қажеттілігінің өсуіне халық дәстүрлерінің тигізетін әсері ерекше. Кадрлар даярлауда, және олардың біліктілігін арттыруда халық дөстүрлері айрықша роль атқарады. Үздіксіз экологиялық білім беруде де қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін естен шығармауымыз керек. Сондай-ақ, жастарға белгілі бір немесе бірнеше мамандықтарға ие болуға, оларды меңгеруге, еңбек дағдыларын қалыптастыруға халық дәстүрлерінің атқаратын ролі орасан зор.


Информация о работе Халық педагогика», «Этнопедагогика» анықтамалары