Герменевтикадағы танымдық проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 13:24, реферат

Краткое описание

Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.

Содержание

1)Герменевтикаға жалпы түсінік

2)Герменевтика бағыттары

3)Герменевтика өкілдері

4)Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

философия.docx

— 38.54 Кб (Скачать документ)

Жас Хайдеггердің(1889-1976) көзқарасында герменевтика мен экзистенциализм бірікті, сөйтіп ол герменевтиканың танымдық (гносеологиялық)жағына емес болмыстық (онтологилық) жағына көп көңіл бөлді.

М.Хайдеггер адам тіршілігінің шарты-экзистенциалдар туралы ілімді қарасырды. Экзистенциалдың екі  түрін көрсетті:

 берілгендік, яғни адам болмысы ойлаумен анықталмайды, ол оның осы дүниедегі бар болуымен айқындалады (адам алдын ала «берілген», ол бір, сонан соң ол ойлайды);

 ұғыну,яғни адам өзінің бар екенін тауып, сезініп осыны ұғына бастайды, ал ұғыну дегеніміз түсіндіру және интерпретация (адам дүниедегі өз өмірінің мәнін,мағынасын, дүниедегі өзінің орнын ұғыну болып табылады).

М.Хадеггердің пікірінше  адам болмысы бастапқыдан герменевтикалы (яғни ұғынуға негізделген).

Ганс  Георг Гадамер (1900-1993) философия гносеологиядан (танымнан)герменевтикаға (ұғынуға) өтуі керек деп ойлаған. Оның атақты шығармасы: «Ақиқат және метод. Герменевтика философиясының негіздері».

Гадамер адами тіршілік адамның  қз болмысын бастан кешіруінсіз болмақ емес дейді. Өз өмірінің барысында әрбір  адам:

   тәжірибе жинайды (әсіресе өзге буын өкілдерінің тәжірибесіне қарайды,                    тәжірибесі»);«дүние тәжірибесіне» өз үлесін қосады.

«Дүние тәжірибесін»өткен  шақтан осы шаққа, одан келер шаққа  жеткізу кітаптар, мәтіндер, «тіл»арқылы  жүзеге асады.

Сондықтан мәтіндердің тілін  ұғыну, оны түсіндіру философиясының баты бағыты болу керек дейді,- Гадамер. Мәтінді түсіну адам өмірін экзистенциалды оқиға ретінде, ал өткен мәдениетті тұлға мен қоғамның өзіндік ұғынысу  формасы ретінде қарастырды. Мәдениет дәстүрін интерпретациялау (түсіндіру) өткен шақпен осы шақтың диалогы  түрінде көрініс алады. «Адам  түсініуші, ұғынушы болмыс».

Пол Рикер (1913ж.т.) философияның басты ұғымы -тұлға. Тұлға- бүкіл адами мәдениетті жасаушы. Философия- міндеті адами субъективтікті ұғыну әдісін жасап шығару. Бұл әдіс ретінде Рикер «регрессивті- прогресситі», яғни адамды үш өлшем-өткен шақ, осы шақ, келер шақ арқылы ұғынуды, түсінуді ұсынды.

Филология (грек,philologiaсөзге кұмарлык) — жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалык жағынан талдау аркылы адамзаттын рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, деректеметану, палеография т. б. гуманитарлык пәндердің жиынтығы мәтін Филологиянын алғашкы накты негізі болды, онын дамуына философия елеулі ыкпал етті. Филологиянын ішкі кұрылымы екі жакты карама-карсылыкка негізделген: бір жағында — накты мәтіннің карапайым кызметі, екінші жағында — шегі дәл белгісіз онын жалпы кызметі. Mәдениеттін өзін-езі тануына кызмет ете отырып, Филология жазу өркениетінін неғұрлым толыскан шағында пайда болған. Таяу Шығыстын өте жоғары көне мәдениеті тіпті Филологияны білмеген, ал батыс еуропалык орта ғасырда да ол жоғары сатыда болмаған. Ежелгі Үнді мен Грецияда Филология дүниетанымдык рефлексияның ойлау мен сөйлеуге катысы тұрғысынан зерттелген. Филологиянын жоғарылауы дүниетанымдык ойдын ұлы дәуірлерімен (Аристотельден кейінгі эллинистік әлемде, Р. Декарттан кейінгі 17 ғ-дағы Еуропада, И. Канттан кейінгі 19 ғ.-дағы Германияда) сәйкес келіп отырады. Үнді Филологиясы Панини (б.з.д. 5—4 г. шамасы), Патанджали (б.з.д. 2 ғ.) сиякты үлы грамматистер мен стилистика теорияшылдарын берді. Ежелгі Кытай мәдениетінде де өзінің Филологиялык дәстүрі болған (5—6 ғ. Лю Се т. б.). Бірак жана дәуірге дейін Үнді Филологиясының жетістіктерімен таныс болмаған Еуропа Филологиясы үшін негізгі білім көзі Греция болды, онын негізінде Гомер ілімі жатты. Софистер дәуірінде (б.з.д. 5—4 г.) Филологияны жетілдіруге Протагор, Горгий, Продик айрыкша енбек етті. Грек әдебиет тео-риясы Аристотельдің "Поэтикасында" толығып жетілді. Эллин дәуірінде Филология философиядан бөлініп, онымен Александрия мен Пергамнын кітапханашы-мамандары шүғылданды. Дионисий Фракийский (б.з.д. 170—90 ж.) казіргі кезде белгілі сөз татары туралы ілімді калыптастырды. Кайта өркендеу дәуіріндегі ойшылдар антикалык кұнды деректердін мазмұнын менгеріп коймай, ежелгі дәуірлер тілінде сөйлеп, сол әлемнің рухани дүниесін игеруге тырысты. 16—18 ғғ. Германияда Филологияның жана дәуірі басталды. Неміс филологі Ф. А. Вольф "Филология" терминін колданыска енгізді, 19 ғ,- дағы неміс филологтерінін (Г. Узенер, Э. Роде т. б.) аркасында көне тарихтан Филология бөлініп шыкты. Сол кезде романтизм және баска идеялыкағымдардыңәсерімен классикалык Филологиямен бірге "жана филология", онын түрлері германтану (ағайынды Я. және В. Гриммдер), славянтану (А. X. Востоков, В. Ганка) және шығыстану пайда болды. Бірак кейін тіл білімі, әдебиеттану, тарих т. б. салалар бір кездегі біртүтас тарих-филология ғылымынан бөлініп шыкканына карамастан, Филология баспасездің ерекше бір тәсілі ретінде бірлігін күні бүгінге дейін сактап келеді. Казіргі заманда гуманитарлык білімді математика сиякты формалдандыруға тырысушылык басым. Математиканын накты әдістері Филологиянын шеткі салаларында ғана колданылуы мүмкін, бірак онын негізгі мәніне эсер ете алмайды.

Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді. Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
  2. Тоқшылықова Г.Б. Антика әдебиетінің тарихы. Алматы, 2011.
  3. Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Чекалова Е.И. Ленинград, 1981
  4. Античная литература. Под ред. проф. А.А.Тахо-Годи. Москва, 1973
  5. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007
  6. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет
  7. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005
  8. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет
  9. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 3445 бет
  10. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
  11. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
  12. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  13. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

 

 

 

 

 


Информация о работе Герменевтикадағы танымдық проблемалар