Гегель логикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2012 в 18:08, реферат

Краткое описание

Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып,оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясыныңірі өкілі Г.Ф.Гегель болатын.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Гегельдің өмірбаяны
Гегельдің философиясының логикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гегель логикасы.doc

— 47.50 Кб (Скачать документ)

               Қазақстан Республикасының Білім  және Ғылым министирлігі

 

                       Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Реферат

 

Тақырыбы:  Гегель логикасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Боранбаева М  ГМУ 

 

Тексерген: Қалиева К

 

 

 

 

                                           

 

                                      Жоспары:

 

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

Гегельдің өмірбаяны

 

Гегельдің философиясының логикасы 

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

  Кіріспе

 

      Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып,оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясыныңірі өкілі Г.Ф.Гегель болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси әлеуметтік жағдайының біршама үлкен өзгеріске түсіп,елдегі ішкі қайшылықтар белең алаң алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсірісе, он жеті он сегізінші ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым м

ен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық  зерттей отырып, оларды өз жүйесін  жасауға кеңінен пайдаланады.

     Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық,зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі « Кім абстрактілі ойлайды» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғанына қарамастан, таным тоериясының келелі мәселерән көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Георгтың өмір баяны

 

      Георг Вильгелм Фридрих Гегель адамзаттың ұлы ойшылы, ойлау туралы ойлаудың,диалектикалық логиканың негізін салған «Жаңа дәуірдің Аристотелі», әрбір саналы адам Гегельдің атын есіткенде басындағы қалпағын қолына алып тағзым еткені абзал.

    «Философия пайғамбары» Гегель өзінің «Философия тарихынан лекцияларында» философия тарихында логикалық пен тарихилықтың диалектикасын бастама ұғымымен үйлестіре,категорияларды зерттеген филисофтарды атап өтеді. Элей философтары «болмыс» пен «ештеме» категорияларының баламасын зерттеді. «Қалыптасу» категориясы Гераклит философиясының түйіні, ал Демокрит идеяның логикалық дамуы сатысын «өзі үшін болмыспен» байланыстырады. 

    Платон «мән» категориясын зерттесе, ал Аристотель философияда тұңғыш рет «ұғым» категориясына дейін көтерілді. Неоплатонизм «нақтылы идея» ұғымын ұсынып, ежелгі философияның даму кезеңін аяқтайды. Бүкіл орта ғасыр философиясы дамуының негізі «мән» мен «формальді рефлексия» қарама қарсылығында болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гегель  философиясының логикасы

 

Гегель философия ғылымын  үш бөлікке бөледі:

Логика өзінде және өзі  үшін болатын идея туралы ғылымы

Табиғат философисы өзінің өзге болмысында болатын идея туралы ғылым

Рух философиясы өзінің өзге болмысынан өзіне қайтып оралатын идея туралы ғылым.

Табиғат философиясы мен  Рух философиясы логиканың жүзеге асатын формалары.

     Гегель өзінің логикасын болмыстан бастайды. Болмыс дегеніміз шынайы, таза ой, немесе ойлау бастамасы,логика басталуы. Біз болмыс туралы,тек қана болмыс туралы айтқанда,ойдағы бол тұрған нәрселердің бәрінің бол керек. Болмыс дегеніміз тегінде біздің ойымыз жеткен тұстан ары қарай ашық тұрған абстракциялы мәселе. Болмыстың тегін терең ойлана бастасақ, біз нәрселерден айырмашылық, өзгешелік сезе бастаймыз.

    Болмыс өзіндік ұғым, өзінің өзгешелігінде өзгемен қатынсата бола тұра өзгеге өтеді. Болмыс дегеніміз абсолюттік нәрсе, оның анықтамасы өте абстрактты, абсолюттік немқұрайлық пен барабарлық, тепе теңдік мазмұнсыз дефинция. Бастама абстрактті бастама болуы керек дедік.Ештеме жоқ бар болы тұрғанда бірдеме пайда болуы керек, бастама таза ештеме емес, ол бірдеме пайда болатын ештеме, сондықтан бастама болмыстан басталады. Бастама, сөйтіп болмыс пен ештемеден тұрады, ал болмыс пен ештеме бірлігі, басқа сөзбен айтқанда ол болмыс емес бола тұра болмыс және болмыс бола тұра болмыс емес.

    Логика, ойлау болмыстан бастайды, ал болмыс өзін жоқтан, немесе ештеме емес ретінде ашады. Бұл ештеме емес, болмыс, қалыптасуға өтеді, ал оның нәтижесі нақты болмыс, яғни болмыстың неғұрлым жоғары, неғұрлым толысқан формасы болып табылады. Нақты болмыс сапаға әкеледі, сапа мөлшерге өтеді, сапа мен мөлшер бірлігі өлшемді анықтайды.

   Гегельдің логикасы жалпы объективтік және субъективтік болып бөлінсе де, шын мәнінде үш бөліктен тұрады:

  

Болмыс логикасы: сапа,мөлшер,өлшем; болмыс,ештеме,қалыптасу;

   Мән логикасы:мән,құбылыс,шындық;  барабарлық,айырмашылық қарама қайшылық негіз; қайшылық өзіндік қозғалыстың, дамудың қайнар көзі:

  

Ұғым логикасы: субъективтік объективтік идея,

                                  Субъективтік: ұғым пікір тұжырым

                                 Объективтік: механизм химизм телеология

                                   Идея: өмір таным идеясы абсолюттік  идея

Жоғарыда көрсетілгендегідей Гегель философиясы триада тезис,антитезис,синтез түрінде көрініс табады.

 

 

 

Гегель  триадасының моменттерінің сипаты:

 

Тезис                          Антитезис                              Синтез

 

Өзінде                        өзге үшін                            өзге үшін

Тікелейлік                 жанамалану                         өзіндік жанамалау

Барлық                      алынған,берілгендік          қайта оралу

Өзінікі                       жатсыну            еркіндік

Анықталмағандық    шектілік мағынасы          ақиқи шексіздік

                                    «шексіздік»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Қорытынды

 

    Осылайша Гегель философиясының логикасын қорытындылаймыз.

    Жалпы Гегель философиясының маңызы:болмыс пен сана туралы мәселеде. Ол болмыс пен идея арасында қайшылық жоқ. Олар барабар, парасат, сана, идея болмысқа ие, ал болмыс санаға ие. Ақылға қонатынның бәрі шындық, шындықтың бәрі ақылға қонымды дейді.

    Кейбір әлеуметтік саяси көзқарастарын атап айтсақта болады. Мемлекет құдайдың дүниедегі өмір сүру формасы. Құқық еркіндіктің нақты бойына сіңірген болмысы. Жалпы мүдде жеке мүддеден жоғары болуы тиіс. Жеке адам мүддесі жалпы, ортақ игілікке құрбандыққа шалынуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  •  Философия және Мәдениеттану Ж.Алтаев
  • Қысқаша философия тарихы Ә.Нысанбаев
  • Философия әлемінде Н.Иманқұл

Информация о работе Гегель логикасы