Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 13:34, курс лекций
Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасты. Сол кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол -дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырамыз.
1. Философия пәні, генезисі және қазіргі әлемдегі рөлі.
2. «Дүниетаным» ұғымы, оның құрылымы (дүниені түйсіну, дүниені қабылдау, дүниені ұғыну, дүниені түсіну).
3. Мифологиялық және діни дүниетанымның философиялық дүниетанымнан айырмашылығы.
4. Философияның даму тарихы.
5. Философияның негізгі функциялары.