Философияның арналуы мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 16:21, лекция

Краткое описание

Жоғарыда айтылған қағидалардан шығатын қорытынды – философияның ең негізгі, ең өзекті мәселесі – адамның дүниеге қатысы, оның дүниедегі ерекше болмысы, ол қатынастың мәні немесе табиғаты. Сонымен бірге адамның дүниедегі болмысы, қатынасы сыртқы әлемнің болмысымен қабысып, оның да өзіндік мазмұны қамтиды.

Содержание

1.Философияның пәні мен ерекшелігі.
2. Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм.
3. Қоғамдық сананың түрлері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тема 1.doc

— 41.00 Кб (Скачать документ)

№1 Тақырып. Философияның арналуы мен маңызы

  1.Философияның  пәні мен  ерекшелігі.

  2. Философияның негізгі  бағыттары: материализм және идеализм.

  3. Қоғамдық сананың   түрлері.

 

1.Философияның  пәні мен категориялары

         Адамзаттың өмірінде айрықша  орын алатын оның рухани қызметінінің үлкен бір саласы философия (шығыс халықтарында арабшалған түрде фәлсафа) деп аталады. Ол грек тілінде «phieleo» -  - жақсы көремін, құштармын және «sophia» – даналық деген сөздерден құралған. Яғни даналыққа құштарлық деген мағынаны  білдіреді.  Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия Ежелгі Шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда т.б елдерде, кейінірек  антика  дәуірінде ежелгі Греция топрағында қалыптаса бастаған. Философияның  түпкі туындайтын түбірі адамдардың  әлемдегі айрықша болмысында дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Адам болмысы жөніндегі мәселелер кейінгі тарауларда кең түрде қаралатын болғандықтан, біз бұл жөнінде ой түзеуді осымен аяқтап, оның философияға қандай қатысы бар екендігіне аумасыз.

Жоғарыда айтылған қағидалардан шығатын қорытынды – философияның ең негізгі, ең өзекті мәселесі – адамның  дүниеге қатысы, оның дүниедегі ерекше болмысы, ол қатынастың мәні немесе табиғаты. Сонымен бірге адамның дүниедегі  болмысы, қатынасы  сыртқы әлемнің  болмысымен қабысып, оның да  өзіндік мазмұны қамтиды. 

 

2.Философияның  негізгі бағыттары: материализм  және идеализм

Философия тарихында, әсіресе  оның материалистік бағытында ойлаудың болмысқа қатынасы негізгі мәселе деп  қарастырылылып келген. Бұл әсіресі, марксизмге тән еді. К.Маркс қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды деген қағиданы өз философиясының негізгі еткен, ал оның мазмұны: болмыс қандай болса, сана да сондай. Ф.Энгельс «Людвиг Фейрбах және неміс классикалық философияның ақыры» деген еңбегінде тап осылай деген. Оның ойынша, философияның ең көкейтесіті мәселесі не, ненің негізінде жатады: материя ойлаудың ба, жоқ ойлау материяның ба? Басқаша айтқанда, сана, ойлау тек бар нәрсені ғана немесе соның болуы мүмкін салдарын ғана бейнеледі.  сыртқы дүние оның  болуының себебі болып турады. Материализм материя бірінші, ал сана, ойлау екінші деп, оны өзінің дүниеге тұтас көзқарасының негізгі деп жарияланған тап  осылай етіп түсіндіруге болады деген көзқарасқа сүйенетін. Яғни ол  тұрғыдан сыртқы. Одан алғашқы, бірінші болатын дүниенің табиғатын түсінуге болады. Материализм үшін болмыс пен материя жалпы  бір нәрсе, сондықтан материя бірінші, ал ойлау, сана екінші деп ойлаудың табиғатын түгелімен болмыстың табиғатымен түсіну  кажет деген сөз. Оның үстіне ол - болмыс көбіне  адамның болмысы емес, табиғаттың, әлемнің болмысы. Сол сияқты ойлау материяны, болмысты анықтайды дейтін көзқарас та жалпы алғанда себеп болып тұрған салдардың табиғатын, оның өзіндік өзгешелігін түгел болып тұрған нәрсе салдардың табиғатың, оның өзіндік  өзгешелігін  түгел тудырады дегенге саяды. Егер салдардың не нәрсе екендігін білгіміз келсе, онда себептің не нәрсе екендігін зерттеуміз керек.

 Ойлаудың болмысқа  қатынасы - философияның аса күрделі  мәселелерінің бірі. Ол - адамның  дүниеге қатынасың ішкі аса бір мәнді жағы. Материализм де, идеалистік деп есептелген кейбір  бағыттар да оны көбіне тым қарапайым жадағай шешуге бейім болды.Мәселенің негізгі тіпті болмыс пен ойлаудың қайсысының бірінші, алғашқы екендігінде емес. Олардың бір тұтастықтың ішінде қандай орынға ие  немесе қандай қызмет атқаратындығында. Ең алдымен қандай болмыс, адамнан тыс дүниенің болмысы ма, әлде адамның өзіндік болмысы ма?

  Адам мен оның ойлауы  сыртқы дүниенің  табиғатының  тікелей туындай ма, әлде табиғи  дүние ойлаудың табиғатынан  туындай ма, оның негізін табу мүмкін емес дейтін ойшылдар дуализм аталатын көзқарасты ұстанады. Оның мәні әлемнің екі негізі, субстанциясы бар – Р.Декарт: материя және ойлау, олар өзара байланысты, бірақ бірінен екіншісі туындамайды.

Идеализм

 Идеалистер  мынадай екі топқа бөленеді:

1.объективті идеалистер – бұлар адамнан тыс шындық дүние бар екендігі дәлелдейді. Ол дүниенің негізін белгілі бір күш, рух, идея құрайды.

2.Субъективтік идеалистер: бұлар адамнан тыс объективтік шындықтың бар екендігін теріске шығарады.

 

3 . Қоғамдық  сананың  түрлері.

1.Мифологиялық сана.

Философияның  пайда боуының алғашқы шарты- мифология.

Дүниеге мифологиялық көзқарас, алдыңғы тарауда айтылғандай, алғашқы қауымдық құрылыста пайда  болды. Бұл кезде философиясының  болуын әлі мүмкін емес еді, өйткені философия адам санасының дамуы белгілі бір дәрежеге жеткенде ғана пайда болды. Ол адамға тән сапалар мен қасиеттерді табиғатқа да тән деп қарастырады және, көрінше, табиғаттың объективтік заңдылықтарды мен қасиеттерін субъектінің ішкі психикасымен шатастырып, табиғат аппатарына тікелей әсер етуші деп ойлайды.

2.Діни және атеистік сана.

Дін объективті ақиқатты адам ойында бұрмалап, қиялшылдық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға  қарағанда, дүниеде  кез-келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушы - өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш – Құдірет. Қандай діннің болса да басты мақсаты – адамды  құдыреттің күшіне иландыру. Олай болса, дін дегеніміз – жаратылыстан тыс тұрған құдірет. Алла, періште, жын-шайтан, ана-дүниенің бар екеніне сену.

Дінді бекерге  шығаруды атеизм дейді. Бұл ертедегі гректердің «а» -жоқ,  «теос» - Құдай деген екі сөзінен құралған.

  1. Саяси сана

Бұл таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейілі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Саяси идеология тап күресін, саяси партиялар мен мемлекеттердің мүддесін қорғау үшін пайда болған және сол үшін іскен асырады, Оның нақты белгісін саяси идеологиядан, саяси партиялар бағдармаларынан, мемлекеттердің конституцияларынан, мемлекет және саяси қайраткерлердің еңбектерінен, сөйлеген сөздерінен көруге болады.

3.Құқылық  сана.

Бұл сананы  жасаушы үстем тап, оның көзқарастары. Мақсаты – оның экономикалық және саяси  мүдделерін жақтап, оны нығайту. Құқық дегеніміз, К.Маркс айтқандай, экономиқалық жағынан үстем таптың заңға айналдырылған еркі. Құқылық сананың негізгі мақсаты - демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау.

4.Моральдық  сана.

Қоғамдық сана түріне жататын мораль- адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптердің, ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың өз табына және басқа таптарға, мемлекетке, Отанга, өз халқына  және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді.

5.Эстетиқалық  сана.

Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы - өнер. Ол объективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне құбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнеледі. Көркем бейне негізінде дараланған, нақтылған сын -сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке, нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, түсінікті типтерді, құбылыстарды  бейнелейді,  жақсыға ынталандырады.

 

  Өзін -өзі тексеруге арналған  сұрақтар:

  1. Философия қай  кезде пайда болды?
  2. Адамзаттың тарихында даналықтың  қандай бейнелеры болды?
  3. Қоғамдық сананың формаларға қандай құбылыстар жатады?
  4. Материяның қандай қозғалыстарын білесыз?
  5. Құдай, рух, абсолюттык идея деген құбылыстар қандай идеализмның типыне жатады ?  .
  6. Субъективтык идеализмның саласына жататын құбылыстарды атаныз?
  7. Философия, мифология жане дін арасындағы айырмашылықтарды көрсетыныз.

 


Информация о работе Философияның арналуы мен маңызы