Философия пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2014 в 19:02, реферат

Краткое описание

Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады).

Содержание

1.Философия және дүниеге көзқарас
2.Дүниетанымның тарихи типтерi мифология,дiн және философия
3.Философияның пәнi мен тәсiлi,олардың арақатынасы және басты функциялары
4.Философия және ғылым

Прикрепленные файлы: 1 файл

fil.doc

— 103.00 Кб (Скачать документ)

 

ЖОСПАР:

 

1.Философия және дүниеге көзқарас 
2.Дүниетанымның тарихи типтерi мифология,дiн және философия 
3.Философияның пәнi мен тәсiлi,олардың арақатынасы және басты функциялары 
4.Философия және ғылым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi.Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем,тұтас дүние туралы,ондағы адамның орны,тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дк-сезiмнен,нанымнан,танымнан тұрады. Оның құрамына

бiлiм;

сенiмдер мен нанымдар,

құндылықтар мен ережелер;

эмоционалды-ерiктiк компонентер кiредi.

Сонымен,дүниегекөзқарас-адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi.Бiлiм мен сенiмнiң,ой мен сезiмнiң, көңiл-күйi мен мақсат-мүдденiң, үмiт пен ниетiң т.б. түрлi жақтарының бiрiгуi болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзi туралы бiртұтас ұғымдарының жиытығы деуге болады.Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан,бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне,дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi – практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi – практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi,ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi. Күнделiктi –практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар.Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған ,жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай (теориялық) денгейiн жатады,өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар(категориялдық аппарат), жоғары және қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде, адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi пайда болады,объективтi және субъективтi нақтылықтың қалыпы,моделi құрылады да,адам өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады. Мәселе шешу тұлғаның көзқарысына қоғамда қалыптасқан ой-пiкiрлер,принциптер,әдептiлiк нормалары, құндылықтар табиғаты және т.б. әсерiн тигiзетiнi көпшiлiкке белгiлi. Ал,жеке тұлғаның көзқарастары қоғамдық көзқарастарды «озып кету» мүмкiнбе

2.Көлемi кең шенбердiң iшiне (дк) кiшi шенберлi (философия) енiп тұрады-деп айтуға болады. Демек дк iшiнде философиядан басқа да дк әлеуметтiк тарихи типтерi бар, олар мифология мен дiн. Мифология –

1)адамзаттын рухани мәдениетiнiң ең көне формасы,

2)дүние,табиғат және адам жайында бiртұтас түсiнiк болып табылады,өйткенi онда сыртқы дүние мен адам,ой мен сезiм, бiлiм мен көркем бейне, зат пен идея,объективтiк және субъективтiк дүниелер арасында айқын шекара болмады.

Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi.) Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес,ақал –ойғада,парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарайкосмогониялық-әлемнiң жаратылысы туралы,теогониялық-құдайлардын пайда болуы туралы,астрогониялық-планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк – адамның пайда болуы, этногендiк-рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық – ақрзаман, топан суы туралы, каһармандық т.б. болып тарайды. Сондықтан, мифология-адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы жеткiзуi деугеде болады. Мәселе шешу Мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады. Ал,мифология рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде де,әсересе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға болама (мыс. 20ғ. Д.Джойстың,Ф.Кафканың,ТМанның,Ч.Айтматовтың т.б.әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған) Дiн-дк шындық дүниенi бұрмалап бейнелендiрушi формасы болып табылыды,өйткенi ол дүниенiекiге бөлiп қарастырады және «ғаламат күшке»сенiм-дiни сананың негiзi болып табылады. Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер – индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi. Философияның тарихында құдайдын бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды (А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.).Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi 1)космологиялық дәлел-осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек. Өмiр қайдан пайда болды 2)теологиялық-дүниеде барлығы мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған 3)онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар неге сенедi 4)этикалық-И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге болмайды деген. Адамдардың құдайдан қорққаны тәртiп үшiн керек. Мәселе шешу философия мен дiннiң жақындығы да бар-ол екуi де дк қоғамдық-тарихи формалары ретiнде дүниенi түсiндiрудiң және адамдардың санасы мен мiнез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас мiндеттерiн шешедi.Алайда олардың бiр-бiрiнен айырмашылықтары да орасан зор,қандай

3.Философия(б.д.д.6-5ғғ) Үндiстанда,Қытайда,Мысырда,Грек елiнде пайда болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор,ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шыығадыфилософия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.. Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны бiлдiредi.Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi(антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi).Философияның бастапқы негiздерi мифология,дiн және алғашқы ғылымдарда (математика,физика, астрономия,медицина ) жатыр.Оың ерекшiлiктерi

1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.

2.Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi,мазмұны қандай

3.Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм және сезiм).

4.Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi,базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.

Жоғарыда айтқанның ескере отырып философияға келесi анықтамалар беруге болады Философия-бүкiл адамзаттың даналық ой-пiкiрлерi, талғамы, дүниетанымы, көзқарасы. Философия- жалпыадамзаттық iлiм, адамзаттын рухани табысы. Философия-жалпы теориялық iлiм, ол объективтi шындықтың жалпы зандылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Философия-материя мен сана,таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой санасының дамуы барысында жинақталған,жүйеленген ғылыми ой-пiкiрiдiң теориялық жиынтығы.Философия-бүкiл әлемдi, оның басты салалары (табиғат,қоғам,адамсанасын) тұтас құбылыс ретiнде алып, оның жалпы зандылықтарын ашып, объективтiк шындық жөнiндегi белгiлi қағидалар жүйесiн қалыптастыратын ғылым. Бұл философиялық сұрақтардың iшiнде әң маңызды орынды «адам және әлем» мәселесi алады.Өйткенi, философия iлiмi бүкiл дүниенiң құрылымын, даму орынын, оның өзiнде адамдардын алатын орынын, оның iскерлiгiн қарастырады. Философияның негiзгi мәселесiнiң (ф.н.м.) мәнi шындықтың екi жағынан туып тұр-объективтiк,материалдық және субъективтiк,идеялық; ойлаудың болмысқа қатынасы немесе сананың материяға, рухтын табиғатқа қатынасы деуге болады.Бұл мәселенiң екi қыры барбiрiншi қыры нақтылықтың бастақы себебi неде,дүниенiң негiзi ретiнде ненi алуға болады; ал екiншi қыры дүниенi танып бiлуге болама деген сұрақ. Ф.н.м.бiрiншi жағынаң-дүниенiң мәнi,табиғаты туралы-онтологиялық мәселеден екi қарама-қарсы көзқарастар туып отыр,олар идеалистер мен материалистер. Бiрiншiлер дүниенiң бастамасы,негiзi абсолюттi рух, дүниежүзiлiк ақыл-ой, адам санасынаң тыс және тәуелсiз материалды емес тек рухани, идеалды субстанция, Құдай (объективтiк идеалистер Платон,Г.Гегель,Фихте,Шеллинг) немесе адамның өзiнiн санасы (субъективтiк идеалистер Д.Беркли,Э.Мах,Р.Авенариус,Д.Юм ). Ал екiншiлерi, дүниенiң бастамасы, негiзi тек материалды субсанция ғана,өйткенi ол мәнгi, жасанды емес, және жойылмайды су, ауа, жар, от,атом (тұрпайы материалистер Гераклид,Демокрит); механикалық санауда болатын зат (метафизикалық материалистер Ф.Бекон, Т.Гобс,Ж.Ламетри,Д.Дидро); сан алуан түрлi объективтiк нақтылық (диалектикалық материалистер Маркс,Энгельс,Ленин). Ф.н.м. екiншi жағы- дүниенiң танымалдығы туралы-гносеологиялық мәселеге келетiн болсақ,бұл сұраққа көптеген философтар мақұлдаған жауап бередi. Бiрақ,дүниенi танып бiлу адамның танымдық мүмкiндiктерiмен шектеледi (скептиктер), немесе «өзiндiк» заттарды объективтi танып бiлу мүмкiн емес дейп есептейтiн ойшылдар (агностиктер Д.Юм, И.Кант) да болды.

Қазiргi философияның құрылымы Онтология- болмыс туралы iлiм, гносеология- таным туралы iлiм, философия тарихы- философиялық өй-пiкiрлердiн дамуы туралы iлiм, әлуметтiк философия- қоғам өмiрiнiң болмысы туралы iлiм, этика- әдептiлiк мәселелерiн зертейтiн iлiм, эстетика- әсемдiк пен сұлулы туралы iлiм, антропология- адам мәселесiн зерттейтiн iлiм, аксиология- құндылықтар табиғатын зерттейтiн iлiм, логика-адамның ойлау процесiн зерттейтiн iлiм.

Философияның функциялары

1.Гуманистiк-адамның өз өмiрiнiң мәнiн түсiнуге, табиғат пен қоғамда өзiнiң орының табуға, құлықтылық жол табуға көмектеседi. Адамға адам болуға көмектеседi.

2.Гносеологиялық-адамдардың бiлiмдерiн топтастыра, жинақтай отырып, терендете түседi де, арнайы ұғымдар, категориял арарқылы дүниеге толық, тұтас, жұйелiлiк көзқарас қалыптастырады.

3.Аксиологиялық- адамды этикалық және моральдық, адамгершiлiк тұрғыдан дамытады, адам санасында белгiлi бiр құндылықтар бағдарларын қалыптастырып (жақсылық пен жамандық,еркiндiк және тендiк,әсемдiк пен гармония және т.б.) құндылық ережелерiмен идеалдарын табуға мүмкiндiк бередi (А.Энштейн атом бомбасын жасаудан не үшiн бас тартқан).

4.Әлеуметтiк-философия қоғам дамуын талдай отырып, қоғам дамуының жалпы және спецификалық зандылықтарың ашады.Социумнiң дамуын сараптай отырып, оның даму бағытын болжамдайды.

5.Тәрбиелеушi- мәдениеттi материалды-рухани феномен ретiнде қарастырып, адамның өзiнiң жеке мәдениетiн қалыптастырады (ой әдептiлiгiн, сыни көзқараспен қарау, басқа адамдармен қатынас орнату).

6.Методологиялық- философия жалпы (өзiнiң категориялық аппараты мен, принциптер мен, заңдарымен, әдiс-тәсiлдерiмен) басқа ғылымдар үшiн жалпығылыми және жеке методологиялық фундамент болып табылады.

Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуiне көмек беретiн-ғылым. Ғылымның барлық салалары жекелей және барлығы жиылып әлемдi белгiлi дәрежеде түсiнуге септiгiн тигiзгенiмен дүниетанымының орнын алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетiстiктерi негiзiнде қалыптасады, бiрақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжiрибесiне, оның мәдениетiне сүйенедi, әлеуметтiк дамудың жеткен деңгейi мен өмiр сүру тәртiбiн бейнелейдi. Мұның бәрi бiлiмнiң ерекше жүйесi- философияны игерудi қажет етедi. Мәселе шешуӘр дәуiрдiн ойшылдары философиялық мәселенi қоюына, шешуiне әр-түрлi қараған. Мысалы Френсис Бэкон (1561-1629) табиғаттың дүлей күштерiн игеру ф.н.м. болып табылады десе,осы күнгi сциентизм өкiлi Бэртран Рассел (1872-1970) ф.н.м. мүлде жоқ деп есептеген, ал белгiлi француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуiрi өттi деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша «позитивтi» ғылымдар-физика,математика,химия және т.б. философияны керек етпейдi. Олар барлық мәселелердi өздерi шеше алады, олр «өздерiнше» философия. Бұл көзқарас деген атауға ие болды. 20ғ.француз философы Альфред Камю (1913-1960) негiзгi мәселе- өмiр сүру қажет пе әлде жоқ па деген мәселе болдып табылады дейдi. Бұл көзқарастар мен келiсесiздер ме

4.Философияны түсiнуде және оның дүние мен адамды тануда атқаратын ролiн анықтауда жиi көптеген пiкiрлер айтылды. Мысалы, әйгiлi Аристотель(б.з.д.384-322, философ, энциклопедист-ғалым, формальды логиканың негiзiн қалаушы, Этика және политика,метафизика, физика, биология және психологиядан көптеген еңбектер жазған. Оның iшiнде ең танымалдылары «Категориялар», «Аналитика», «Топика», «Физика», «Метафизика», «Политика», «Никомахтын этикасы» т.б).философияны «ғылымдар иесi» деп атады, құлы иесiнiң алдында қандай болса, жеке ғылымдар да философияның алдында сондай әлсiз деп түсiндi.Жеке ғылымдардын әр қайсысы өзiне тиiстi құбылыстарын зерттеумен айналысушы, ал философия болмыстың ең жалпы бастамалары мен бiрiншi себептерi жайындағы iлiм деп анықтады. Сондықтан ол «бiрiншi философия». Теориялық жағынан пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың философиялық ой-пiкiрлерге тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк көптеген ғасырлар ьойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктi қабылдаған немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны «ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» деп атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен ақиқатқа әкеледi. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде 19ғ. екiншi жартысы мен 20ғ. жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы (тәжiрибеден тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм iлiмiнiң өкiлдiрi философияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның ғылымдылығына күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның «қызметшiсiне» айналдырды. Алайда, қазiргi ғылымдардың негiзiн құрайтын көптеген идеяларды тұнғыш рет философия ұсынған(Левкип пен Демокриттiң- атомдары,Декарттың-рефлекс туралы ұғымы, П.Гассенди атомдардан тұратын күрделi бөлшектер молекулалар деген). Сонымен қатар ғылымның прогрессi өз тарапынан философияны байытты(жаратылыстануда әрбiр ұлы жаналық ашылған сайын материализм өз формасың өзгерттi). Қазiргi заманғы көрнектi зерттеушiлер философиялық көзқарастың ғылыми зерттеуге бағыт берушiлiк маңызың ерекше зор екендiгiн үнемi атап көрсетiп жүр.(Луи де Бройль неопозитивизм алған пiкiр философияға да, жаратылыстануға да зияның тигiзетiнiн атап көрсеттi; Альберт Энштейннiң пiкiрiнше, бiздiн кезiмiзде гi физиктер философиялық проблемалармен көбiрек айналысуда, өйткенi ғылымдарды бұған мәжбүр етiп отырған өз ғылымның қиыншылықтары). Қазiргi заманғы жаратылыстану ғылымдары интеграциялану тенденциясын бастан кешiрiп отыр, сондықтан ол жалпылаудын жаңа теорияларын iздестiру үстiнде (элементарлық бөлшектрдiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi дамуының, күрделi жүйелердiн, басқарудың және т.б. жалпы даму теориясы). Мұндай жоғары денгейлi жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет бар жерде ғана мүмкiн. Сондықтан философия мен жеке ғылымдардың арақатынасы символикалық түрде бiлiм ағашы болып көрiнедiфилософия мұнда-өзек-дiнгек болса, ал жеке ғылымдар-оның сыртқы қабыршығы деуге болады (Р.Декарттың (1596-1650)-барлық философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, орта бұтағы-физика, ал осы бұтақтан таралған бұтақшалар басқа ғылымдар). Өйткенi жеке ғылымдар дүниенiң тек жеке үзiндiлерiн ғана зерттейдi, ал философия болсашы сол ғылымдардың негiзгi даму бағыттарын ұйғарып отырады да, олар жасаған қорытындыларды қоғамдық-мәдени денгейде жалпылап, түсiндiрiп отырады. Әрине философия ұлы данышпандардың өй-толғауларының туындап отыр, бiрақ философияны субъективтiлiкке жатқызуға болмайды (Ницше- философия жеке дара ойшылдың шығармашылығы деп есептеген), өйткенi философия тек форма жағынаң субъективтi, ал оның мазмұны әрине объективтi болып келедi. Ұлы философтардың жүйелерi ғылымилық өлшеуiшке әбден келiп тұр, ол рационалдық, объективтiлiк, жүйелiлiк,интерсубъективтiлiк.

Информация о работе Философия пәні