Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 13:14, реферат
Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Тіршілік процестерінің негізі организмде үздіксіз жүріп отыратын және оның тіршілігіне қажет энергияның бөлінуіне әкеліп соғатын заттардың алмасуы.
Заттардың алмасуы үшін организм құрамында күрделі органикалық заттар - белок, май, көмірсу және минералды тұздар мен витаминдер, су бар қоректік заттарды үнемі қабылдап отыру керек.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы.
2.2. Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері.
2.3. Жұтқыншақ
2.4. Өңеш.
2.5. Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері.
2.6. Ішектегі асқорыту.
2.7. Ас қорыту мүшелерінің гагиенасы.
2.8. Белоктың алмасуы.
2.9. Май мен көмірсудың алмасуы
2.10. Су мен тұздардың алмасуы
2.11. Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасу
2.12. Тамақтану гигиенасы
Су мен тұздардың алмасуы
Денедегі судың маңызы. Су адам тіршілігі үшін өте маңызды рөл атқарады. Тамақсыз тек сумен 60 күндей өмір сүруге болады, ал сусыз 8-10 күн ғана өмір сүруге болады. Бала ағзасында судың мөлшері жоғары болады – 75-80%, ал ересек адамда 65 %.
Физиологиялық тұрғыдан судың екі түрін айырады: ішкі және сыртқы. Ішкі суға дененің ұлпаларының құрамындағы су жатады. Ал сыртқы суға адамның ішетін шайы, сұйық тамағының құрамындағы түрлі сусындар жатады. 1 жастағы бала тәулігіне 800 мл, 2-4 ж – 950 мл, 5-6 ж – 1200 мл, 11-14 ж – 1500 мл, ал ересек адам тәулігіне 2,0-2,5 л сыртқы су қабылдауы тиіс.
Судың қызметі: ферменттердің қоректік заттарды ыдыратуына қатысады, қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңуіне, газ алмасу және зат алмасуы қалдықтарын тазалап сыртқа шығаруға, дене жылуының тұрақтылығын сақтауға қатысады.
Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,5 л, тер арқылы 0,5-0,8 л, үлкен дәре арқылы 0,1-0, л, дем шығару арқылы 0,4 л су денеден шығарылады.
Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері, жас ерекшеліктері. Организмнің қалыпты тіршілігі үшін тұздардың да маңызы үлкен. Организмдегі тұздардың проценттік қатынасына байланысты макро және микро элементтер деп екі топқа бөледі.
Макро және микроэлементтердің рөлі әртүрлі. Мысалы, кальций және фосфор сүйектің, ал фосфор мен күкірт мидағы белоктың құрамына кіреді. Натрий мен калий жүйке жүйесінің қозғыштық қабілетіне әсер етеді.
Микроэлементтер: йод – қалқанша безінің, темір – гемоглобиннің, фтор тіс ұлпасының, цинк – жыныс бездерінің құрамында, хром, марганец, бром – гипофизде, мыс - бауырда болады.
1 жасқа дейінгі балалар үшін
кальций көп мөлшерде қажет. Кальций
мен фосфор тұздарының ара
қатынасы мектеп жасына
Нәрестенің дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар.
Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасу
Ағзадағы зат алмасу қуат алмасумен тығыз байланысты. Ұлпадағы белок, май, көмірсу оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және осы заттар денеге бейімделіп қайта өндіріледі. Қоректік заттардың тотығуы нәтижесінде қуат бөлініп шығады. Белгілі бір қоректік заттың 1 г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың калориялық коэфициенті деп атайды. Бұл мөлшер калориямен (кал), киликалориямен (ккал) немесе джоульмен (Дж), килоджоульмен (кДж) өлшенеді. 1кдж = 4,187 ккал. 1 г белок = 4,1 ккал (17,17 кДж), 1 г май = 9,3 ккал (38,39 кДж), 1 г көмірсу = 4,1 ккал (17,17 кДж).
Денеге сіңген жылулық эквиваленті әр түрлі болады. 1 л оттегі сіңген кезде шығатын жылуды оттегінің калориялық эквиваленті деп атайды.
Қуат шығыны екі түрлі әдіспен анықталады: 1) денеден шыққан жылу қуатын тікелей калориметр деген аспаппен арнайы камерадағы температураның өзгеруі арқылы өлшеу – тікелей калориметр әдісі; 2) газ алмасуын (денеге сіңген оттегі немесе денеден шыққан көмірқышқыл газының мөлшерін) өлшеу арқылы – жанама калориметрия әдісі.
Тәуліктегі жұмсалатын қуат мөлшері адамның жасына, денсаулығына, тамағына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс кезінде бұл мөлшер 2-3 есе артады. Ми еңбегінде дене еңбегіне қарағанда қуат аз жұмсалады.
Адам тыныштық күйде болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды. Бұл жағдайда адам организміндегі ең төмен деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жұмсалуын негізгі зат алмасу дейді.
Негізгі зат алмасу деңгейін сыртқы ортаның температурасы 18-20º С, адам тыныш жатқанда, тамақтанғаннан кейін 12 сағаттан соң, аш қарында анықтайды. Әр адамның негізгі зат алмасуы салмағына, бойына, жасына, жынысына, денсаулығына байланысты әртүрлі болады.
Балалардың негізгі зат алмасуының мөлшері жыл маусымына да байланысты. Көктем мен жазда негізгі зат алмасу жоғары болады.
Тамақтану гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдер үшін тамақтың құрамының маңызы зор. Себебі дұрыс өсіп даму үшін балалардың организміне жеткілікті мөлшерде белок, май, көмірсу, минералды тұздар, су және витаминдер қажет. Олардың қатынас мөлшерін ескеру керек. Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок – 1, май - - 1, көмірсу – 6 есе.
Адамның тамақтануы белгілі бір уақытта болу керек. Мектепке дейінгі балалар 5 рет, мектеп жасындағы балалар 4 рет тамақтанғаны дұрыс. Ересек адамдар жұмыс жағдайына қарай 3 мезгіл тамақтанса жеткілікті, ал одан аз болса асқорыту мүшелерінің қызметі бұзылады.
Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей, асқорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағат болу керек. Балалар бақшасында тамақтану тәртібі әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта болады.
Информация о работе Философия, оның пәні және функциясы. Мәдени – тарихи контестегі философия