Ежелгі Қытай және Үнді философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 19:48, творческая работа

Краткое описание

Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.
·  Ведалық кезең (б.д.д. ХY ғ- YII ) - өркениетті қалыптасу дәуірі
·  Эпикалық кезең (б.д.д. YI-б.д. Iiғ) – ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаның» дүниеге келген аралықтары. Бұл кезеңдегі  философиялық ойлар үш түрлі сатыдан өтті деседе болады.
1) веда беделін терістегендер. Б.д.д. УІғ мектептер Жайнизм, Буддизм, Чарвака- лакаята
2) Веда беделін қабылдаған, оның мәндерінде сүйенген санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя секілді мектептер.
·3) Сутралар және олардың түсіндіру кезеңдері ( б.д.д. ІІІғ бастап)

Прикрепленные файлы: 1 файл

салта ф.pptx

— 910.17 Кб (Скачать документ)

Ежелгі  Қытай және Үнді философиясы

    • Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның орнына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Үнді қоғамы төрт варнадан ( «варна»- жамылғы, қабық, түрі- түсі мағынасын білдіреді.) тұрды:

 

  •  Брахмандар - ой еңбегімен,
  • кшатрийлер - әскери істермен,
  • вайшьялар - жер өңдеумен,         қолөнермен және саудамен,
  • шудралар - қара жұмыспен    шұғылданды.

 

«Брахман» – ертедегі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, ақ түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши»- «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу» мағынасын білдіреді. Кшатрийлер қызыл түсті ұнатқан. «Вайшья» –«тиістілік, тәуелділік» мағынасында, сары түсті қабылдаған.  «Шудра»- шаруалар- қара түс

    • Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.
    • ·  Ведалық кезең (б.д.д. ХY ғ- YII ) - өркениетті қалыптасу дәуірі
    • ·  Эпикалық кезең (б.д.д. YI-б.д. Iiғ) – ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаның» дүниеге келген аралықтары. Бұл кезеңдегі  философиялық ойлар үш түрлі сатыдан өтті деседе болады.
    • 1) веда беделін терістегендер. Б.д.д. УІғ мектептер Жайнизм, Буддизм, Чарвака- лакаята
    • 2) Веда беделін қабылдаған, оның мәндерінде сүйенген санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя секілді мектептер.
    • ·3) Сутралар және олардың түсіндіру кезеңдері ( б.д.д. ІІІғ бастап)

 

    • Ерте Үнді философиясының қалыптасуы мен дамуы әртүрлі мектептер, ағымдар, ілімдермен байланысты. Филиософиялық көзқарастар б.д.д. УІІ-УІ ғ.ғ. қалыптасты. Олар екі топқа бөлінеді:
    • 1) Астика (ортодоксолды) бағыты-  ведалардың беделін қабылдаған, мойындаған мектептер жүйесі. Бұл ағымға Веданта, миманса, санкхья, ньяя, йога және вайшешика мектептері жатады.
    • 2) Настика (ортодоксальды емес)–веда беделін мойындамай, қабылдамаған Жайнизм, Буддищм,чарвака- лакаята ілімдері

 

    • Көне үнді мәденитінің қайнар көзі – вежалар. Ведалар (білім жүргізу мағынасын білдіреді) – ерте үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынсатарын қамтитын діни және философиялық көзқарастарға толы, табынудың, жалбарынудың құрбандық шалу салты туралы гимндердің жиынтығы.
    • Ведалар (білу)–ертедегі үнділердің: Ригведаның, Атхарваведаның, Самаведаның, Яджурведаның қасиеттті кітаптарының жиынтығы. Аталған кітаптарға қатысты брахмандарда үнді ғұрпының мистикалық  мағынасын түсіндіріп, ведалардың символикасы ашып көрсететін араньяктарда (орман кітабы), кейіннен жазылған упанишадтарда (ведаға табыну, мифолого- философиялық тұрғыда негізделетін құдай, адам , табиғат туралы жлпы пайымдау) «веда» сөзімен белгіленеді. «Веда» сөзі «қасиетті кітап, асқан даналық» мағынасымен де қолданылады.

 

    • Буддизм – талап–тілектен бас тарту жолы арқылы қасіреттен, азаптан арылып, Нирванаға («мәңгілік рахат») жетуді көздейтін іни ілім әрі философия. Үндістанда б. д. д. 6-5 ғ. ғ. дүниеге келді. Қазіргі кезде Цейлонда, Жапонияда, Қытайда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т. б. елдерде ресми дін ретінде таралған. Негізін салушы «Будда» («нұрланған») деп аталған Сидхарта Гаутама. Ол қайғы–қасіреттен айырылу үшін имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. өмірден баз кешіп, түлі рахаттардан бас тарту Нирванаға жеткізеді деп санады. Бірақ ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрыстану керек. Сол бойынша адам қайта туудан («сансарадан») арылмақ. Будданың ілімінше адам баласы дүниедегі төрт ақиқатты түсінбей, сегіз игі жолды игермей сансарадан құтыла алмайды.

 

 

Иога – негізін салған Патанджали. Сана мен тінді біріктіре отырып, сыртқы әсерлерден алшақтау. Веданы қабылдағандар бұл процесті мокшаға жету, яғни азаптан құтылу деп түсінген.

Сансара – өмірге қайта келу, қайта туу айналымы.

Карма – іс–әрекетіне байланысыты адамның болашағы анықталатын заңдылық. Буддизмнің енгізгі идеасы – «орташа жол»: «рахаттану жолы» мен «аскеттік жолдың» ортасы.

Буддизмнің төрт игі ақиқаты:

1.     өмір  – азапқа толы;

2.     азаптың  себептері бар;

3.     азапты  тоқтатуға болады;

4.     азапты  тоқтататын жолдар бар.

 

Ол азаптан  құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын  жолдары:

1.     дұрыс  қабылдау (видение);

2.     дұрыс  ойлау;

3.     дұрыс  әрекет;

4.     дұрыс  өмір сүру салты;

5.     дұрыс  күш жұмсау;

6.     ақылды  дұрыс қолдану;

7.     дұрыс  ой шоғырландыру.

 

 

      Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.

       Ежелгі Қытай философиясының  ерекшеліктері:

    • 1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Мемлекет басшысы ван барлык билік соның қолында,одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсұйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу, беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, "жоғары" мен "төменнің" арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.
    • 2)Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды.. Яғни, адамның міндеті –өзінен жоғарыға, өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену.
    • 3)Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге боладыКөптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.
    • 4)Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.

 

    • Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері:   
       
      "И цзин" -"Өзгерістер кітабы", "Щи цзин" - "Өлеңдер кітабы", "Шу цзин" - "Тарих кітабы". 

 

"И цзин" - "Өзгерістер кітабы" - бүкіл Қытай мәдениетінің қалыптасуына зор өсер еткен, маңызын әлі күнге дейін жоймаған шығарма. Кейбір зерттеушілер оны қасиетті кітап деп атап, Ведалармен, Інжіл, Қүранмен бір деңгейге қояды. Ғалымдардың пікірінше, "И цзин" ежелден келе жатқан бал ашу практикасымен байланысты пайда болып, даму барысында философиялық пайымдаудың негізіне айналған. Философиялық ескерткіштердің арасындағы ең көнесі болмаса да, бұл кітап Қытай философиясының бастауы болды деуге болады, бірақ оның түсінуге қиын мәтіндерінің мазмұны әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. "И цзин" 64 гексаграммалардан тұрады, олардың жүйесі үнемі өзгеріп отыратын дүниенің 64 күйі мен құрылымынан тұратын, Көк - Жер - Адам қатынасын білдіретін ілімді құрайды деп түсіндіріледі.

    • "Ши цзин" - "Өлеңдер кітабы" 305 поэтикалық шығармалардан тұрады. Олардың қай кезеңдерде жазылғанын дәл басып айту қиын, қазіргі заманғы ғалымдар бүл өлендер шамамен біздің дәуірімізге дейінгі XI -VII ғасырларда, Қытайда философиялық мектептер әлі қалыптасып үлгермеген уақытта жазылған, кейінірек Конфуций өлеңдерді іріктеп, өндеп, өзінің философиялық ілімінде қолданған, ал оның шәкірттері Конфуций мектебінің негізгі кітабына айналдырған деген болжам айтады. "Ши цзинді" басқа философиялық мектептер де зерттеді. "Өлеңдер кітабында" Көне Қытай қоғамындағы ван, дафу, чжухоу топтарының өмірі, адамгершілік келбеті, әлеуметтік қызметі жырланады. 
       
      "Шу цзин" - "Тарих кітабы" немесе "Қүжаттар кітабы". Кітапты алғаш рет Конфуций қүрастырды, кейіннен әр түрлі ойшылдар оны бірнеше рет өңдеді (олардың кейбіреулері кітапқа өз мәтіндерін де қосып, араластырып жіберген), кейбір бөліктері біздің дәуірімізге дейінгі 213 жылы кітаптар өртелген кезде отқа жағылды деген пікірлер бар. Атынан көрініп тұрғандай, кітаптың тарихи мазмұны басым, бірақ философиялық көзқарастар да (әсіресе, Конфуций мектебіне тән) кеп кездеседі. Мәтіндердің басым бөлігінің мазмүны кітаптың өте ерте, көрнекті Қытай философтары дүниеге келместен бұрын пайда болғанын дөлелдейді. Қазір "Шу цзиннің" 55 тарауы бар, олардың арасында 33 тарауының нақты "Шу цзин"кітабының алғашқы нұсқасына жататыны анықталған. Кітапта қарастырылатын негізгі мәселелер: адам және қоғам, адам және табиғат арасындағы үндестік, ата-баба салттары, Көктің адам мен қоғамға айқындаушы әсері және т.б. 
    • Көне Қытай философиясының негізгі мектептері:   
       
      Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болды. Конфуций мектебі  
       
      Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы

 

Кун-фу-цзы (б.д.д. 551—479 жж.) кедейленген ақсүйек әскер-басы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.  
 
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы — ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды.

    • Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бүл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цин»). Даоцизм ілімі «дао» үғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе және ол Қытайдың дамуы-мен әдептілікті жетілудірудегі негізгі үғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық үғым. «Дао» — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Да-оның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «Дао — барлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түп атасы», «Даоны аспан аясыңдағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.
    • Қорытынды  
       
       
      Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемлекеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған көршіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұста-нымдарын танып білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 
      Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелдi

Информация о работе Ежелгі Қытай және Үнді философиясы