Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 20:16, реферат
Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.
Ежелгі Үнді философиясы
Үнді
философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың
бас кезінде, арийлердің (малшы
тайпалардың) солтүстік-
Ежелгі Үндістан қоғамының
әлеуметтік стратификациялануын
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Варналарға бөліну
дінмен ерекше қасиетті
Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бір-ақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.
Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:
Бөлімнің атауы Негізгі мазмұны
Ригведа
Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.
Брахмандар Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.
Араньяктар
_________________ Орман тақуаларының кітаптары.
Упанишадтар
Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда
болды. Мағынасы - «жанында отыру»,
яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың
аяғының қасында отыру
Упанишадтар негізінде
Үндістанда пайда болған
Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер.
Вайшешика
– атомистикалық ілімге
Ньяя - гносеологиялық
мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған.
Ньяя философиясының негізі
Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.
Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету.
Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Миманса –
таным мәселесімен айналысты.
Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның
негізі Джайминидің «
«Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.
Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады.
Санкхья –
қос реализмді, пуруша мен
Веданта
философиялық толғаныс пен
ә) Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
1.Азаптану.
2.Азаптанудың себебі.
3.Азаптанудан босану.
4.Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
1.Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
2.Тура, әділ ұмтылу. Өз
құмарлығың мен қызбалықты
3.Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
4.Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
5.Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
6.Дұрыс ой. Ойыңның бағытын
саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді
нәрсені қудалап, жағымдыны
7.Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
8.Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.
Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.
Ерте Үнді философиясы
Жалпы адамзат баласының тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуна ғана әкелген жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғышқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялы ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды.
Ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысады. Бірақ, мұндай көзқарас әліде болса философиялық деңгейге жете қойған жоқ еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның ронына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі философиялық ойларының негізін діни мифологиялық жүйеленр құрды. Ой –пікірлерімен қоғамдағы күнделікті шарттарының себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы төрт варнадан ( «варна»- жамылғы, қабық, түрі- түсі мағынасын білдіреді.) тұрды:
1) брахмандар: әулиелер
2) кшатрий: әскербасылар
3) вайшьи: ( купцы)
4) шудра: қызметкерлер мен шаруалар
Әр «варна»- адамдардың қауымдастық салт –санасын, жоралғысын мұқият орындайтын, соғаг орай қоғамдағы орыны анықталған, сол талаптармен шектелген топ. Әр варнаның мүшелерінің өзіндік атқаратын дәстүрлі қызметі болды.
«Брахман» – ертедегі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, ақ түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши»- «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу» мағынасын білдіреді. Кшатрийлер қызыл түсті ұнатқан. «Вайшья» –«тиістілік, тәуелділік» мағынасында, сары түсті қабылдаған. «Шудра»- шаруалар- қара түстілер.
Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.
· Ведалық кезең (б.д.д. ХY ғ- YII ) - өркениетті қалыптасу дәуірі
· Эпикалық кезең (б.д.д. YI-б.д. Iiғ) – ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаның» дүниеге келген аралықтары. Бұл кезеңдегі философиялық ойлар үш түрлі сатыдан өтті деседе болады.
1) веда беделін терістегендер. Б.д.д. УІғ мектептер Жайнизм, Буддизм, Чарвака- лакаята
Махабхарата кітабының алтыншы бөлімі – Бхагавадгитаның теориялық құрылымын қалыптастыру кезеңі (б.д.д. У-ІУғ)
2) Веда беделін қабылдаған, оның мәндерінде сүйенген санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя секілді мектептер.
· Сутралар және олардың түсіндіру кезеңдері ( б.д.д. ІІІғ бастап)
Ерте Үнді философиясының
қаклыптасуы мен дамуы әртүрлі
мектептер, ағымдар,
1) Астика (ортодоксолды) бағыты- ведалардың беделін қабылдаған,
мойындаған мектептер жүйесі. Бұл ағымға Веданта, миманса, санкхья, ньяя,
йога және вайшешика мектептері жатады.
2) Настика (ортодоксальды емес)–веда беделін мойындамай, қабылдамаған Жайнизм, Буддищм,чарвака- лакаята ілімдері
Көне үнді мәденитінің қайнар көзі – вежалар. Ведалар (білім жүргізу мағынасын білдіреді) – ерте үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынсатарын қамтитын діни және философиялық көзқарастарға толы, табынудың, жалбарынудың құрбандық шалу салты туралы гимндердің жиынтығы.
Ведалар (білу)–ертедегі үнділердің: Ригведаның, Атхарваведаның, Самаведаның, Яджурведаның қасиеттті кітаптарының жиынтығы. Аталған кітаптарға қатысты брахмандарда үнді ғұрпының мистикалық мағынасын түсіндіріп, ведалардың символикасы ашып көрсететін араньяктарда (орман кітабы), кейіннен жазылған упанишадтарда (ведаға табыну, мифолого- философиялық тұрғыда негізделетін құдай, адам , табиғат туралы жлпы пайымдау) «веда» сөзімен белгіленеді. «Веда» сөзі «қасиетті кітап, асқан даналық» мағынасымен де қолданылады.
Ведента («Ведтердің аяқталуы»)- үнді философиясындағы Веда беделін қабылдаған жүйелердің бірі.Негізін салған Бадараяна- индивидті жанды сансарадан құтқару.
Бұл әлемнен басқа да әлем кеңістігінде еркінжағдайда және материалдық атомдармен байланысы бар сансыз көп жан өмір сүреді.
Ишнара құдайы ең жоғарғы жаратушы емес, бірақ атомдар үйлесімін жасап, жанды атомен байланыстырып, ажырата алады.
Иога – негізін салған Патанджали. Сана мен тінді біріктіре отырып, сыртқы әсерлерден алшақтау. Веданы қабылдағандар бұл процесті мокшаға жету, яғни азаптан құтылу деп түсінген.
Вайшешика (ерекшелік) – алғаш рет Канада жүйелі түрде түсндіріп берген. Дүние тоғыз субстанциядан: жер, су, жарық, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, ақылдан тұрады. Материалдық объектілердің бәрі алғашқы төрт субстанциялық атомдардан құралады. Атомдар мәңгі, көзге көрінбейді, бөлінбейді. Сол атомдардың бірігуін дүниежүзілік жан басқарады.