Ежелгі Грекиядағы құқықтық-саяси ойлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 20:16, реферат

Краткое описание

Б.з.д.. мыңжылдықтың басында Ежелгі Грекияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп ру ақсүйектері мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлармен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті. Осындай жағдайда ежелгі грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді.

Содержание

I Кіріспе
1.Ежелгі грекияның даму кезеңдері мен философиялық-құқықтық ілімі.
II Негізгі бөлім
2.1 Софистердің құқықтық-саяси идеялары.
2.2 Сократ Софистерді сынаушы ретінде.
2.3 Платон аристократиялық мемлекет құрылысы туралы.
2.4 Аристотельдің саяси-құқықтық пікірлері.
III Қорытынды:
3. Ежелгі Грек мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырауы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ежелгі Грекиядағы құқықтық.doc

— 116.00 Кб (Скачать документ)

Ежелгі Грекиядағы құқықтық-саяси ойлар 

 

Жоспар:

I Кіріспе

1.Ежелгі  грекияның даму кезеңдері мен  философиялық-құқықтық ілімі.

II Негізгі бөлім

2.1 Софистердің  құқықтық-саяси идеялары.

2.2 Сократ  Софистерді сынаушы ретінде.

2.3 Платон  аристократиялық мемлекет құрылысы туралы.

2.4 Аристотельдің  саяси-құқықтық пікірлері.

III Қорытынды:

3. Ежелгі  Грек мемлекеттілігінің дағдарысқа  ұшырауы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі. 

Кіріспе.

Б.з.д.. мыңжылдықтың басында Ежелгі Грекияда жеке және тәуелсіз полистер формасы  түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп ру ақсүйектері мен қайыршыланған қауым мүшелерінің, байлармен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті. Осындай жағдайда ежелгі грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді. Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді:аристократия (ескі немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттілер тобы) және демократия (халық билігі). Осындай күрес нәтижесінде б.з.д. VI-V ғғ. әртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан әрі дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгі Грецияның саяси және құқықтық  ілімінде көрініс тапты.

Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім.   

 Б.з.д.  мың жылдыктың басында Ежелгі  Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.

Ежелгі  грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң  пайда болуы мен дамуында үш кезең  айқын байқалады. Epic кезең- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады –және «мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады.Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі(Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең— (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары)   эллинизм    кезеңі. Ежелгі  грек    мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)

Б.З.Д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар  архаистік поэзияда, одан кейін Гомер  мен Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды.

Гомердің  «Илиада» және «Одиссея» поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды  мәліметтер береді.

«Одиссея» поэмасында халық жиналысының ролі мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкілдік органның қызметі туралы грек жауынгерлерінің Троя түбіндегі жиналысынан, «Илиада» поэмасындағы мысалдан, «Одиссеяда» Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан білуге болады. Троя түбіндегі жиналыста қатардан жауынгер Тереитжауынгерлердің мүддесін қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерін лауазымды басшылардың ерекше атауы халық жиналысының ролін айкындай түседі. Ал халық жиналысы маңызының төмендеуі «Одиссеяда» айқын көрсетілген Итака аралында Одиссей болмаған жиырма жылда халык жиналысы бірде-бір рет шақырылмаған. Ал Одиссеидің ұлы Телемак жиналыс шақырған, тұрғындардың көпшілігі бұл жиналысқа мән бермеген.

Поэмада Гомер қолданған «дике» (әділдік) және «темис» (әдет, әдет-ғұрыптық құқық) ұғымдары Гомер дәуіріндегі саяси-құқықтық жағдайды түсінуге жәрдемін тигізеді. Гомердің әдеп (дикс) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негізі мен принципі түрінде көрінеді, ал әдет-ғұрыптық құкык (темис) өмірлік әдептің, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрінісін білдіреді.

Б.з.д. VII ғасырдан ежелгі Грецианың саяси  және қоғамдык өмірлік қатынастар Гесиодының «Еңбек жөне күндер» мен «Теотония» поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар кең дүниенің пайда болуындағы гректердің көзқарастары және адамгершілік-құқықтык принциптер сипатталады.  

 

«Теогония»  поэмасы бойынша Зеван Фемидамен (мәңгі табиғи тәртіп пен әділдікті  жаратушы) неке одағынан екі қыз-құдай  Дике (әділдік) және Эвномия (ізгі заңдылық) өмірге келеді. Дике табиғи әділдікті күзетеді және әділетсіздікті жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық бастауының құдайлық сипатын және полистік құрылымдағы заңдылықтың терең ішкі байланысын білдіреді.

Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежелгі Грециядағы «Жен данышпан» деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питгак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енген. Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтык идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон. Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биантең үлген мемлекет деп есептеді. «Өзіңді-өзің таны» қағидасының авторы спартандык, Хилонның «Заңға табын» дсген шақыруы Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең үлкені полис деп Хилон азаматтары шешендерден ірі заңдарды көбірек тындайтын полисті санады.

«Жеті ғұламаның» қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638—559 жж) тарихта атанды реформатор, мемлекеттік кайраткер және заң шығарушы ретінде де білген. Б.з.д. 621 жылы орхон Драконт жазған заң нормалары демос пен евиатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткені ол демостын экономикалық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпеді. Драконт заңдары сонымен бірге шектен тыс қаталдығымен де әйгілі болды. Сондықтан да Афин халқы полисті басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгілі болған Солонға тапсырды.

Архонт  болып сайланған ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық және қалалык демостық және оған қосылған ешатридтердін, мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы«сисахфия»-(«ауыр жүкті сілкіп тастау»), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаске-сіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған.

Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Фклолай, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының «озықтары» билігі — аристократиялық идеяалды жақтады.

Самос аралында туып өскен Пифагор Поликрат тиранның билігінен кейін туған  жерін тастап, Египетте, Вавилонда, Үндістанда болып, ең соңында «Ұлы Элладаның» Критон қаласында өмір кешеді. Ол осы  қалада, кейіннен басқа да полистерде өзінің мектебін ашады. Оның ілімі негізінде пайда болған пифагоршылдық гетрийлер рухы жөнінен аристократиялық құпия философиялық-саяси одақтар Грецияның көп бөлігі мен Оңтүстік Италияда үлкен ықпалға ие болады.

Б.З.Д- V ғасырда саяси-құқықтық ойлардың дамуына  қоғам, мемлекет, саясат және құқық туралы проблемаларға философиялық және әлеуметтік талдаулардың терендеуі едәуір ықпал етті. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды.

Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге  аристократияның пайдалы жақтары  бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, «Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады». Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.

Саяси-құқықтық тақырыпты көпшілік назарына талқылауға ұсыну б.з.д. V ғасырда антикалык  демократияның нығаю және гүлдену  жағдайындағы софистердің атымен тығыз  байланысты — «Софист» атауы «софос»(«данышпан») деген сөзден шыққан. Софистер өз заманында данышпандықтың және мемлекет пен құқық мәселелері жөніндегі ақылыды мұғалімдер болды.

Ежелгі  дәуірдің өзіндe-aқ софистердің екі  ұрпағы: аға ұрпақ (Протагор, Горий, Продик, Гиппий, Антифопт және т.б.) және кіші ұрпақ (Фрасимах, Калликл, Ликоон, Алкидам Элейский және т.б.) ерекшеленеді. Аға ұрпақсофистерінің көпшілігі демократиялық көзқараста болса, кіші ұрпақ, софистерінің едәуір бөлігі аристократия мен тиранияны жақтады.

Б.з.д. 481- 411 жылдары өмір сүрген Протагор өзінің асқан білімділігімен, үздік сөз сайыскерлігімен және тамаша шешендігімен әйгілі болды. «Бардың бар екендігін, ал жоқтығын жоқ екендігін білдіретін барлық, заттың өлшемі — адам» деп айтқан Протагордың бұл негізігі қағидасын көптеген софистер де жақтады. Осы жағдаяттан Протагор демократиялық құрылыстың әділетілігі мен қажеттілігі туралы ой түйеді. Адам мен адам кауымдастығының пайда болу туралы мифтік идеяны оның қолдамауы бұған дәлел бола алады.

Халкидон  қаласынан шыққан Фрасимах софистердің кіші ұрпағының ең тандаулы және әйгілі ойшылдарының бірі болып саналды. Фрасимахтың айтуынша, саясат — құдайдың іс-әрекеті емес. ол адам күштері мен мүддесінің әрқилы болуынан. Билік принципі мен саясатты жүзеге асырудың нағыз өлшемі ретінде Фрасимах күшінін пайдалылығы туралы кағиданы жақтады. Оның айтуынша күш бар жерде ғана әділдік болады, өйткені әділдікті күштілер ғана орната алады.Өзінің бұл ойын Фрасимахәр мемлекет заңдарды өз мүддесіне қарай жасайды деп түсіндірді. Заңдарды осылай бекіткен олар бұл заңдарды әділетті деп жариялайды. Билікке ие болу үлкен артықшылық береді. Фрасимах осылайша мемлекеттік кызметте күштеу мен зорлықтын ролін және саясат пен заңның авторитарлык сипатын атап көрсетті.

Платон  — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқыктық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Ол ірі ақсүйек отбасында дүниеге келді. Жас кезінде ол (б.з.д. 407—399 жж.) Сократтың шәкірті және тындаушысы болды. Сократтың қазасынан кейін, Платон басқа шәкірттермен бірге Афинадан кетеді. Алдымен Мегораға келген жас ойшыл кейін талай ел мен жерге, Египетке, Парсы елдеріне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға барады. Б.з.д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан өзінің философиялық мектебін ашады. Бұл мектептін өмірі ұзақ болып, өзінің өмір сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердің ғылыми ордасы ретінде жұмыс істеді.

Өзінің  еңбектері мен шығармаларында ұлы  ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.

Платон  идеалды мемлекет туралы еңбегінде  әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды.

Платон  идеалды мемлекет құру туралы жобасында  аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.

Платон  адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік  құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептелінеді. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания — мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткенең нашар түрі.

«Заң» деген шығармасында Платон мемлекеттік қүрылымнын. екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскслерін алады. Бұл жер оларға жеке меншік түріңде емес, пайдалану құқығы түрінде ғана беріледі де, мемлекеттін жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлыктың заң шеңберіңдегі шегі анықталады.

Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонын шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384—322жж.) есімімен тікелей байланысты.

Аристотель  тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аритотельде  саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оның кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін —теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады.

Информация о работе Ежелгі Грекиядағы құқықтық-саяси ойлар