Әбу Насыр Әл – Фарабидің еңбектері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 15:42, реферат

Краткое описание

Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды Өйткені «көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда Мәуренаһрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету баулу оқыту олардың бес жас кезінен басталатын болған»
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы - Месопотамия болгандықтан жас Әбу Нәсірді аға анасы таяу және орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды Бірақ Әбу Нәсір Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан Бұқара шаһарларына соғып білімін молықтаған секілді Әйтсе де Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран елінде Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді Иран халқының мәдениетімен танысады Содан соң әрі қарай Бағдадқа аттанады1.

Содержание

Кіріспе
3
1. Әбу Насыр Әл-Фарабидің сапарлары
4
2. Әл – Фараби, қылқобыз және домбыра
7
3. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
10
4. Әбу Насыр Әл – Фарабидің еңбектері
14
Қорытынды
17
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Абу-Насыр Фараби.doc

— 106.00 Кб (Скачать документ)

Бүдан әрі ешкім "софистика" мен "еліктеу" екеуін теркіндес  санамауы тиіс. Керісінше, олар кейбір арақатыста ерекшеленсді. Ең алдымен олардың мүддесі әртүрлі: софист тындаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады; сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ  нәрсе бар деп ойлайды; ал оған қарама-қарсы еліктеуші тындаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді.

Біз грек поэзиясы түрлеріне тоқталамыз. Грек поэзиясы мен сипаттағандай, төмендегі топқа бөлінеді:

1.  Трагедия

2. Дифирамбы

3.  Комедия

4.  Ямб

5. Драма

6.  Эпос

7. Диаграмма

8.  Сатира

9.  Поэмата

10. Эпос

11.  Риторика

12. Амфигеноссос (космогония)

13.  Акустика

Трагедия дегеніміз - арнайы өлшемі бар, бәріне тындаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлык, үлгі алар орайлы оқиға бар; онда билеушілер мен шаһар манаптары марапатталады. Орындаушылар әдетте оны патшазадалар алдында келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе, олар трагедияның орнына кейбір әуен қосып, марқұмды жоқтайды.

Дифирамбы - трагедиядан екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады. Дифирамбыда да көбіне қайсыбір патшаларды мақтауға талпынады, бірақ негізінен жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі.

Комедия болса ерекше өзіндк өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке адам мінез-құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға тән құлыктың, сонымен катар сыртқы ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді.

Ямб - ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс...

Драма - алдыңғы түр сияқты, оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді.

Эпос - мейлінше көркем немесе әдеттен тыс эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі.

Диаграмма - заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Онда адамдар жанын күтіп тұрған бақи бақытсыздык бейнеленеді.

Эпика мен риторика - ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Бүнда патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен қызықты жайттары айтылады.

Сатира дегеніміз - музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі. Осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға әдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады.

Поэма да - сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелілік пен бейберекеттікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда, әр поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа - сұлулық пен әдемілікке, келістілік пен ұсқынсыздыққа сәйкес келеді.

Амфигеноссос - жаратылыс ғылымдарын баяндайтын оқымыстылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне дәл келетін ең сәттісі осы.

Акустика – шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі: оның пайдалылығы осымен шектеледі, өзгеге онша қажеті жоқ.

Акындарды үш топқа бһөген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны, өленді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша тсңеулер құуға керемет бейім. Бұ акындар қандай болғнда да өлең өерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары үшкыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұ ақндардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берікқоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар катарына жатпайды; тек олардың жалпы поэзиямен айналысатынына қарап, екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келеді.

Екінші топтағы ақындар - өлең өнерімен толық таныс: қай тәсілді тандамасын олар қағиданың да, бейнелеу құралының да қайсысына болсын жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын акындар сапына толық жатқызуға болады.

Үшіншілердің қатарына - ақындар мен алғашқы екі топтағының шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар бейнелеу мен теңеуде әлгілердің ізденістерін дамытып отырса да, поэзияның  қағидаларына онша қанық емес. Осындай ақындарда қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады.

Үшінші топқа жататын  ақындар шығармалары табиғи дарынмен немесе арнайы жаттығу жағдайында туындауы ләзім. Жоқтау жазуға икемделіп, төселген адамды кейде жағдай сатира немесе басқа поэзия түрлерін де жазуға мәжбүр етеді. Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқүрайды карамайтын жанды, ерекше себептерге байланысты - өзі білмейтін түрде жазуға сыртқы, не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте тумақ.

Одан әрі ақындар өлең жазуда кемелденгендігімен, не баландығымен айрықшаланады3.

Өнер біліктілері мен суретші арасында кейбір сәйкестік бар екенін еске сала кетеміз. Өлең өнері - сөзбен, ал живопись (жанды жазу) енері -бояумен кұлпырады, олар осымен ғана бөлек; ал іс жүзінде екеуі де ұқсас: екеуі де адам сезімі мсн ойына еліктеудің көмегімен әсер етеді.

Сонымен өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай жалпы қағидалардың пайдасы бар. Осыларды жеріне жеткізе талдауға да болар еді: тек ондай қарекет аталмыш өнерде басқа онердің есесінен бір жаксы мамандануға ұрындырады; сол себепті ол бұл тұжырымның үлесіне жатпайды.

 

 

4. Әбу Насыр Әл – Фарабидің еңбектері

Тұңғыш ғылым әлемінде "Екінші ұстаз" атанған адам. Қазақтың тұңғыш психологиялық шығармалар жазған бабасы. Музыка саласында "Музыканың ұлы кітабы" атты тұңғыш ғылыми еңбек жазған ғалым.

Әбу Насыр әл-Фараби - Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым, Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүние жүзінің көптеген тіліне арап, парсы, еврей, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек, т.б. аударылған, бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жетті.

Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, этика мен әдістеменің теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасының құрамдас, оның дүниетанымының ажырамас бөлігі болып табылады.

Әл-Фараби психология жөніндегі  көптеген еңбектің ("Ақыл-ой туралы", "Жан туралы", "Темперамент  туралы", "Түс көру туралы сөз", "Жанның мэні туралы", "Ақыл-ой» және ұғым", "Жас өспірімнің ақыл-ойы туралы кітап", "Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап", тағы басқалар) авторы ретінде де танылады. Ол арап тілді халықтар арасында жан туралы ілімдердің сындарлы жүйесін тұңғыш баяндап, психологиялық терминдер жасады. Өкінішке қарай, оның еңбектерінің көбі бізге жеткен жоқ4....

Әл – Фарабидің  «әлеуметтану қағидасы" деген жазбаларында: "Хәкім барлық айла — амалды пайдаланып, сопа басының һэм тек өз балаларының атын мәңгі қалдыруға, өз ұрпағына немесе өз ұруының адамдарына билікті қалдыруға тырысады", -деп айтқан еді

Бабамыз бастағы қасиетті дамыгпаса, оны елеусіз қалдырар болса, кезеңді өткізіп алса, онда ол қасиетті жойып алу*а болады деп еді. "Адамның ғұмыр сүру мақсаты ең биік бақытқа жету болмақ", - дегн еді қарашоқылық баба. Онысы рас-ақ. Ол үшін алдымсн бақыт дегеннің не екенін білу керек деп еді ол, ал біз сол бақытқа жету ойымызда болса да, сол жеті жүз жыл бұрын өткен бабамыздай ғұмыр сиқырын біле алмай, оған талдау-талғау жасай алмай өтгік. Осы жерде қазақтың "әкеден артық тудым деген бала сынық сүйем кем туады" дегені келіп-ақ түр. Әрине, Әл-Фараби - данышпан адам, данышпандықты табиғатта құдай екінің біріне сыйлай бермеген. Бірақ ілкім уақытта ғұмыр сүрген адамнан кейінгі ілгері жылжыған адамдар артық болуы керек қой. Ал іс жүзінде олай болмай, біз жеті жүз жыл бұрын өткен бабаның білгенін біле алмай сорлы болып отырмыз ғой. Егер ілгері оқулы жұрт сияқты біздің де метап-медіресеміз болса, ұрпағымызға тебіздік тәрбие беріп, Әл-Фараби, Махмұт, Жүсіп, Қожа Ахмет бабалардың білімін білгізсек, ең болмаса солардың білгенінің жүзден бірін, тіпті тамтығын ұғындырсақ та қандай абзал болар еді.

"Адам баласы қарәкатты кездейсоқ жасауы мүмкін,- деген еді Әбунасыр данышпан, - ол бірақ ешқашан бақытқа жеткізбейді", - деген. Демек, адам ғұмырындағы кездейсоқгық та адамның бақьпын байлауға әсер етеді ғой.

Әл-Фараби мирасын меңгерер болсақ, оны дамытар болсақ, алдыңғы қатарлы халықтар арасынан орын алатын боламыз. Мен сіздерді осы сынды ұлы бақыт жолына шақырамын5....

Әл-Фараби Александриялық дәуір ұстаздары Платон, Аристотель болса, ғылымның одан ксйінгі дамуындағы бағдаттық дәуірдегі ұстаз.

Жоғарыда айтқандай  Фараби жалаң орындаушы ғана емес, аса ұлы музыка зерттеушісі, асқан теоретик болған. Оның "Музыканың ұлы кітабы" ("Китаб ал-мусики ал-Кабир") деп аталатын көлемді шығармасын бүкіл музыка тарихшылары бірауыздан музыка теориясы жайлы жазылған үлкен еңбектердің қатарына қосуы тегін емес...

Бұл еңбек ХУ-ғасырда-ақ латын тіліне аударылып Европада музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсер етті.

"Музыканың ұлы кітабында" тек музыка ғана емес, философия, математика, физика, тарих, этнография, т.б. ғылым мәселелері мол ұшырасады.

Фарабидің ежелгі гректің математигі және астрономы Птоломейдің "Алмагест" деп аталатын еңбегіне түсініктеме жазғаны мәлім. Кейінгі кезде Фарабидің "Алмагеске қосымша кітап" деп аталатын еңбек жазғаны анықталып отыр. Міне, осы еңбегінде Фараби Евклидтің "Негіздерінің" әсерімен Птоломейдің еңбегінде қамтылған математикалық астрономия мен геофафия мәселелерін математикалық теормемалар түрінде қайта тұжырымдап дәлелдейді. Мұндай теореманың саны 60-қажетеді6.

Фарабидің тригономстрия саласындағы жаңа бастамалары Шығыста тригонометрияның жаңа қарқынмен дамуына үлкен ықпал етгі.

Ұзаққа созылған тригонометрияның даму тарихында Фарабидің рөлін толық көрсету үшін әлі де бірсыпыра зерттеу жұмысын жүргізуге тура келеді7.

 

Қорытынды

 

Ғылым мен діннің, прогресс пен реакцияның сол 900 жылдық күресінен әл-Фараби бірінші орын алады. Ол-бүкіл шығысқа мәлім ұлы ғалым. Шығыс Рснсссансының атасы еді. Біздің ұлы жерлесіміз, Отырардың түлегі, бүкіл Шығыс философиясы мен ғылымының ұстазы Фарабиге біз көп қарыздармыз.

Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алепо мен Шамда өткізеді.

Ол 80 жасында Шам шаһарында  қайтыс болады. Сүйегі Кіші қақпалардың  ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық  ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымдарға ұсынады. Оның бұл көзқарастары қоғамдық пікірлерімен белгілі бір қақтығыстарға да ұшырады. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка» атты еңбегінен байқауға болады.

Жалпы айтқанда, ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылған ұлы ғалым.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

1. Ислам әлемі. -2000ж., №3. 4-5 б.

2. Әлемнің әйгілі ойшылдары.  Егемен Қазақстан. -11 қаңтар

3. Ана тілі. -2003ж., №49-50. 18 б.

4. Абай. -2004ж., №4. 6-9 б.

5.  Жүз тұңғыш. Жинақ  1-кітап. Бексұлтан Нұржекенұлы.  Алматы:

     «Жалын баспасы», 2005ж., 320 б.

6. Қазақтар. Көпшілікке  арналған 9 томдық анықтамалық. ІІ  том. 

    Тарихи тұлғалар. Алматы, 1998ж., 533 б.

7. А.Көбесов, "Білім және еңбек" жұрналы. "Фарабидің

     тригонометриясы"

1 Ислам әлемі. -2000, №3 (б.4-5)

2 Ана тілі. -2003, №49-50 (б.18)

3 Абай. -2004, №4 (б. 6-9)

4 "Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы", Алматы, "Рауан" 1994, 95-96-бет

5 Ақжан Жақсыбекүлы Әл-Машани, "Әл-Фараби заманы жаңа басталады", "Өркен", 17.11.90.

6Ауданбек Көбесов, "Білім және еңбек" жұрналы. "Евклид "Негіздері" және Фараби".

7 А.Көбесов, "Білім және еңбек" жұрналы. "Фарабидің тригонометриясы"




Информация о работе Әбу Насыр Әл – Фарабидің еңбектері