Батыс Еуропадағы орта ғасыр философиясындағы теоцентризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2015 в 18:07, реферат

Краткое описание

Ортағасырларды (І-ХV ғ.ғ.) философияның қалыптасуының екі негізгі алғышарты болды:
а) ертедегі грек философиясы, әсіресі платондық және аристотельдік дәстүр;
б) философияны христиандыққа қарай бұрған әулие жазбалар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

философия.docx

— 41.83 Кб (Скачать документ)

Философия дінге қызмет етуі керек, ол діни ақиқатты ақыл катигорияларына салып бейнелеуі және талдауы керек, және сенімге қарсы шығатын жалған аргуметтерді теріске шығарып отыруы керек.       

Ф.Аквинский «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі емес, сондықтан оны таным арқылы дәлелдеп көрсету керек деп тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей құдай болмысының дәлелдерін келтірген:

  1. Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін біреу, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы – Құдай;
  2. Себептілік – тіршілік ететіннің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай;
  3. Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы – Құдай;
  4. Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі сәйкес – Құдай;
  5. Мақсат – жаратылғанның бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай.

 

     Аквинскийдің әлеуметтік философиясы католиктік ілім рухымен шешілді. Мемлекеттік билік – құдайдан, басқару формасы жағдайға байланысты жасалуы керек. Ол монархиялық билікті көздеді. Азаматтық қоғамда шіркеу бірінші орында болуы керек. Жердегі өмір болашақ о дүниелік өмірге дайындық. Мемлекетті жоғарыда Христос, ал жерде Рим папасы басқаруы керек деп тұжырымдады.

XI ғасырда схолостикалық философияда  әмбебаптар мәселесіне байланысты номинализм мен реализм арасында талас-тартыс жүрді.

Реалистер: Аврели Августин, Ансельм Кентерберийский, Альберт Великий, Фома Аквинский.      

Реалист Ансельм Кентерберийский (1033-1109) нақты өмір сүретін тек мәңгі, жалғыз құдай, ол бәрінің мәні. Қалған тіршілік ететінің бәрінің бастауы Құдай. Жалпы ұғымдар қайырымдылық, ақиқат, әділдік адамның іс-әрекетінен тыс шынайы өмір сүрген дейді.      

Әмбебаптардың өмір сүретіндігіне қарсы шыққан номиналистер болды. Олар: Пьер Абиляр, Росцелин, Ульям Оккам. Олар бойынша, нақты өмір сүретін жекелеген заттар, ал жалпы ұғымдар тек атау, затардың ортақ қасиеттеріне берілетін, тек тілде ғана қолданатын атаулар.

Схоластикалык тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог-схоласт, философ Пъер Абеляр (1079-1142 жж.) болды. Негізгі еңбегі: «Бар және жоқ».

Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғаңдықтан, осы негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. Әмбебап жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойыңда бар. Сонымен қоса ол өзі жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де жалпылардың шын өмір сүретіндігіне деген сенім де, бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.

Абеляр осындай екі-ұшты пікірлері үшін номаналистер жағынан да, реалистер жағынан да сынға түсті.   

Пьер Абелярдың пікірінше әмбебаптар үш түрлі өмір сүреді:

  • заттан бұрын құдай санасында, сол арқылы әлем жаратылады.
  • заттарда көптің бірі ретінде;
  • заттардан соң адам санасында, бұрынғының белгісі ретінде.

Дунс Скот (1268—1308 жж.) шотлаңд схоласты, Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі — игілік, дегенді уағыздады. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адамда да бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты — танып біл. Адамдар сезім түйсіктері арқылы заттардың қасиет сипаттарын таныса, ақыл-ой арқылы осы алынған деректер негізінде жалпылықтың (универсалий) мәнін түсінуге ұмтылады. Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдың туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегізі. Олар әр уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, жалпы ұғымын қалыптастырады. Ақыл-ой да, сезімдік түсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, еебебі олар сезім мүшесіне әсер етпейді. Олай болса, таным процесіңде белсенділік көрсететін сезім мүшелері де, сана да емес, тек жігер ғана. Себебі, жігердің өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері құдайдың жігерінен нәр алады. Скоттың пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып біле алмайды, ал діннің пәні – рухани түпнегіз болғанымен де, бірақ оны нақты түрде дәлелдей алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күмәнданбай сену керек.

Дунс Скоттың ілімі скотизм деп аталған өзінің ізбасарлар мектебінің өкілдеріне үлкен әсер етті.

Ортағасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214—1249 жж.) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан болу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы — тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Ол өз қезеңіндегі ғұламаларды схоластикалық беделдің алдында бас июден гөрі тәжірибеге жүгінуге, бос пікірталастықтан — экспериментке, керегі жоқ кітаптардан – табиғатты зерттеуге шақырады. Осы салада өзі де үлкен жетістіктерге жетті.

Білімнің қайнар көзі және негізгі құралы тәжірибе, логикалық пікір және ғылыми бедел. Бірақ осы аталғандардың ішіндегі адамдарды ақиқатқа жеткізетін ғылыми құралдардың ең бастысы — тәжірибе. Себебі, тәжірибе – тәжірибе болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғандары осы тәжірибе арқылы дәлелденуі керек. Кей жағдайда тәжірибе де ақиқатқа жеткізе алмайды, мұндай жағдайда оған философия мен дін көмектеседі. Осыдан келіп, ол философияның міндеті дінді қорғау деген тұжырым жасайды.

Номаналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып трансценденталдық болмыстың онтологиясын қалыптастыру арқылы Суарес, Лейбниц, Г. Биль сияқты ойшылдарға үлкен әсер еткен, ағылшын ғұламасы Уилъям Оккам (1300—1349—50 жж.) болды. Уильям Оккам – ортағасырлық ағылшын теологы, философ — схоласт, номинализмнің ірі өкілі. Оксфорд университетінде сабақ берген, дінсіз деп айыпталып, түрмеден Баварияға қашып барады. Шіркеудің дүниежүзілік үстемдігін орнатуға тырысқан папаға қарсы күрескен феодалдардың идеологы.

Оккамның айтуынша Құдайдың бар екендігі т.б. діни ұғымдар парасат арқылы дәлелденбейді, олар тек қана нанымға негізделген, ал философия теологиядан азат толуы тиіс (екіұдай ақиқат). Оның пікірінше, әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталилер категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса, олар жеке-дара өмір сүре алмайды, тек қана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан, таным процесі заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады, сыртқы және ішкі тәжірибе арқылы түйсініп-білуден тұрады. Ішкі тәжірибе адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түсініп интуитивті нақты білім алса, сыртқы тәжірибеде трансцеңденталилер туралы абстракциялы немесе жалпылар туралы білім жинайды. Олай болса, Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе — интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек.

Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымдарға геометриялық тәсілдің үстемдік етуіне ықпал жасады.

 

 

 


Информация о работе Батыс Еуропадағы орта ғасыр философиясындағы теоцентризм