Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 05:45, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасында қалыптасқан экологиялық мәселелер: Радияциялық ластану, Арал теңізінің экологиялық ахуалы, Каспий теңізінің жағдайы, Семей полигоны, жерлердің шөлейттенуі, ауыз су проблемасы, орман қорының экологиялық мәселесі.
Қоршаған ортаның радияциялық ластануы. Радияциялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрамагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылатын сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия.doc

— 50.00 Кб (Скачать документ)

№ 10 Практикалық жұмыс

Тақырыбы:  Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары. Қоршаған ортаның радиактивті заттармен ластануы. Ғарыштық кеңістікте антропогенді әсерлердің ықпалы.

Сабақтың мақсаты: қазіргі кезде экологиялық мәселелерді қарастыру. Экологиялық білім мен тәрбие мәселесі.

Қаралатын сұрақтар:

1.Үздіксіз экологиялы білім  берудің ғылыми теориялық негіздері

2.Қоршаған ортаның сапасы және  тұрғындардың денсаулығы.

3.«Үшінші әлем» проблемалары

Әдебиеттер тізімі:

1.Коробкин В.И., Предельский Л.В. Экология. Изд.5-е, доп. и переработ. изд. «Фениксң, 2003. -576 с.

2.Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: Учебник для  вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. -566 с.

3.Воронский  В.А. Экология: Словарь-справочник. Феникс. 1996. – 574 с.

4.Саданов А.К., Сванбаева З.С. Экология –Алматы: «Агроуниверситетң,  1999.

5.Бейсенова  Ә., Самақова А., ЕсполовТ., Шілдебаев  Ж. Экология және табиғатты тиімді  пайдалану. Оқулық. – Алматы: «Ғылымң  ғылыми баспа орталығы, 2004. -328 б.

        Қазақстан Республикасында қалыптасқан экологиялық мәселелер: Радияциялық ластану, Арал теңізінің экологиялық ахуалы, Каспий теңізінің жағдайы, Семей полигоны, жерлердің шөлейттенуі, ауыз су проблемасы, орман қорының экологиялық мәселесі.

         Қоршаған ортаның радияциялық ластануы. Радияциялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрамагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылатын сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

       Радияциялық ластанудың негізгі көздері альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер. Иондаған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни ауруының дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы адамның сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радияциялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.

Сәуле ауруын дәрежесіне, алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар көтере алмайды. Адамдар 50 рентген  сәуле алса ауруы байқалмайды, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.

        Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде алса ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.

       Сәуле ауруы төрт кезеңде жүреді: бірінші кезең сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу, бас ауру. Екінші кезең бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезең, яғни жағдайдың жақсы болып көрінуі кезеңі деп атайды. Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, үшінші кезең өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады. Төртінші кезең сәуле ауруының жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді.

         Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66% түрлі деңгейде шөлейттену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша  жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен үш жүз миллиард  теңгені құрайды.

        Қазақстан  үшін елеулі ішкі  қатерді білдіретін  жердің шөлейттенуі мен тозу  проблемасы шаң тұз дауылының  пайда  болуы және ауа массаларының  ластаушы заттарды алыс қашықтықта жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін.

        2004 жылдың барысында шөлейттенудің  көлемі мен құрғақшылықтың теріс  әсерінің алдын алуға және  қысқартуға, тозған жерлерді және  топырақтың құнарлығын қалпына  келтіруге, ресурстық базаны сақтауды немесе қалпына келтіруге, халықтың экологиялық қауіпсіздігің нығайтып тұрақты  жер пайдалануды экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай ақ шөлейттенумен  күрес процестерін жүргізу.

Топырақ эрозиясы дегеніміз оның су мен желдің әсерінен бұзылуы.  Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде ағаты су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады.

     Эрозия ауаның  интенсивті қызметіне дейінде  болған. Қатты заттардың беттік сулармен  мұхитқа шайылып келуі, ауада үнем топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын дәлелдейді.

Адамның қызметі нәтижесінде эрозиялық процесстердің жылдамдығы бірнеше рет артып кеткен. Мысалы: соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен сегіз есе артқан. Бұл кезде топырақпен бірге енгізілетін тыңайтқыштардан 1,5-2 есе артық өсімдіктерге қажетті заттар табиғи өсімдіктер жабыны бұзылғанда орын алады. Біріншіден өсімдіктер топырақты  тамырларымен  бекітіп тұрады. Екіншіден өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері су және әсіресе ауа ағыстарының  күшін арттырады.

      Экологиялық білім- білім, ағарту және тәрбиелеу ұйымдарында немесе өздігінен мақсатты түрде ұйымдастырылатын және жүйелі жүргізілетін экологиялық білімді, шеберлік пен ептілікті меңгеру және алу процесі, құралы және нәтижесі. Экологиялық білім бұл табиғатты пайдаланудың іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол  табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесімен табиғатты қорғау білімімен толық түйіседі және тығыз байланысты. Білім беру бірыңғай экологиялық тәрбие экологиялық ағарту Экологиялық білім үштағанының бөлігі болып саналады, оларды құрастарушыларға бөлу өте қиын. Олардың барлығы бір бірімен тығыз байланысты және халық арасында экологиялық көзқарасты қалаптастырудың негізін құрайды жердің барлық биосферасы болған адамзаттың мекендеу ортасын өмір сүруге оңтайлы сақтау қажеттігін сезіндіреді.

Қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың негізгі ретінде экологиялық білім беруді дамыту үшін:

Білім берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламаларыны экология және тұрақты даму мәселерін енгізу жолымен үздіксіз экологиялық білім берудің жүйесін қалыптастыру;

       Табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерін айқындау;

Экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологиялары өндірістерді, шикізаттың түрлерін, материалдарды, өнім мен жабдықты, оның ішінде ауыл шаруашылығына да әзірлеу;

Биологиялық әртүрлілікті, биоқауіпсіздіктің ғылыми негіздерін сақтау проблемаласын зерделеу;

Климаттың ықтимал жаһандық  және өңірлік өзгерістерінін табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу,

Адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерістерінін арасындағы байланысты зерделеу;

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған білімді жүйелеу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру.

Сұрақтар:

1.Қазақстанда қалыптасқан  экологиялық мәселелер

2.Радияцияның адам денсаулығына  зияны.

       

Н.Ф.Реймерс айтқандай адамда қоршаған орта – қоршаған табиғи ортаға қарағанда кең ұғым оның мазмұнына тек әлеуметтік орта ғана емес, табиғат асфальтталған жолдар үйлер тб кіреді. Осыған ұқсас көзқарасты басқа авторлар да ұстанады. Қоршаған орта мен қоршаған табиғи орта барабар тепе тең деген көзқарасты ұстанатындар да бар.

Біздің көзқрасымызша бұл негізсіз. Егер философиялық сөздікке үңілетін болсақ, онда табиғат-санадан тыс және оған тәуелді емес, адамның мекен ететін табиғи ортасын білдіретін обьективті нақтылық. В.В.Петровтың пікірі бойынша адамды қоршаған орта дегеніміз адамнеың антропогендік іс-әрекеті процесінде өзгертілген органикалық бірлікте табиғи модификациялық экологиялық жүйелерден құралған табиғи ортаның бөлігі.Бұдан шығатыны әрекеттегі заңнама табиғи орта мағынада түсіндіреді, онда табиғат адамның санасына тәуелсіз болатын обьективті нақтылық. Ал нақты айтқанда бұл адамның шаруашылық іс-әрекетінде аз немесе мүлде өзгертілмеген адамның табиғи мекені.

Қазақстан құқығының дамуының заманауи  кезеңінде табиғат термині қоршаған орта терминімен алмстырылады деп болжам жасауға болады. Ол ғылыми зерттеулердің обьектісі құқықтық реттеу пәні болып табылады. Бұдан бұл немен байланысты деген сұрақ туындайды.

Адам қаншалықты табиғаттың құрамды бөлігі болып табылса да, табиғат қоршаған орта болып саналады. Табиғатқа қатысы жағынан ол  обьект болып табылады.Ол қоршаған ортаның табиғи жағдайына тәуелді. Субьект ретінде адам өзінің шаруашылық міндеттерін шешу үшін табиғи ресурстарды пайдаланады және табиғи процестердің дамуына белсенді әсер етеді.Қоғам мен табиғаттың өзара әсері биологиялық байлныс шеңберінен шығып, әлеуметтік мәнге ие болады.

А.С.Тимошенконың пікірі бойынша бұл үрдіс қоршаған орта терминінің табиғи ортаға барынша сәйкес келуімен байланысты. Коршаған табиғи ортаның жағдайы қандай болса, халықтың денсаулығы да сондай болмақ.

Азамат құқығы – мемлекет таныған, негізгі заңда ресми түрде жарияланған, мемлекет қорғауында болатын адам құқығы. Азамат құқығы тек сол мемлекеттің азаматтығын алған тұлғамен байланысты. Яғни «адам құқығы» ұғымы «азамат құқығы» ұғыымнан мазмұны жағынан көлемдірек, олар жеке адам мәртебесінің заңдық конструкциясында түйіседі.

Одан басқа «адам құқығы» ұғымы – тек заңдық қана емес, философиялық, адамгершілік. этикалық, саяси санаққа  жатқызылады.

Философиялық ұғым ретіндегі жүйе – бұл бір – бірімен өзара байланысты және өзара әрекеттегі бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас бүтін құбылыс. Тұтас нәрсенің өзін құрайтын бөлшектерсіз мүмкін болмайтыны сияқты, жекелеген бөлшектердің де жүйеден тыс дербес қызмет атқаруы мүмкін емес.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары