Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 15:58, лекция
Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымы-ның қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.
1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фара-би, Жүсіп Баласагұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шыгармашылыгындагы философиялық даналық.
Қазақ ауыз әдебиетіңің өмір туралы толғаныстар көрініс тапқан тағы бір түрі – жоқтау. Өмірден өткен қимас адамына жоқтау айту қазақтың ертеден келе жатқан, қазір мүлдем дерлік ұмыт бола жаздап отырған салты. Жоқтауда өмірдің жалғандығы, баянсыздығы мен тұрақсыздығы қара өлен деңгейінде суреттеледі, өлімнің зандылығы да жоқтауда соз болады. Бірақоның мазмұнындағы маңыздырақ нәрсе – өмірмәндік мәселе. Жоқтау айтқан адам өмірден өткен асыл азаматтың өмірін, ерекше қасиеттерін, тындырған ісін, қоғамдағы орнын және қол жетпеген армандарын сипаттайды. Мамай батырдың шешесі Қараүлек айтқан жоқтау – қазақ жоқтауының классикалық үлгісі. Онда өзінен туған ұрпағын жоғалтқан ананың орасан зор қайғысы. жан азабы, күйзелісі мейлінше дәл суреттелген. Зар салып баласын жоқтаған ана бір сәт өзін жұбатады.
Азалы ананың көңіліне медет болатын күш – баласының үлгілі өмірі. Мамай елі үшін опат болды, онын өлімі жай өлім емес, ерлік өлім, елін жаудан қорғау – батырдың өмірлік мақсаты еді, ол сол мақсатына жетті. Казақтың басқа батырлары сияқты Мамай да өзінің адамгершілік келбетін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде танытты, сондықтан да халықтың беделіне ие болды. Оның өзі әлсе де, ісі жұртының есінде мәңгі қалмақ. Мамайдың мәнді өмірі өлімге осылайша қарсы тұра алды, өлімнің оны жеңуі мүмкін ёмес. Қараүлек ананы жұбататын да осы ой. Өмірдің қай саласында болмасын қазаққа қорғаныш болған өлеңі оның өліммен күресінде де демеу болды. Жоқтау айта отырып көңілін басқан қазақ өмірден күдерін үзбейді, түпкілікті түңілмейді, өмірдің әлімнен күштілігіне сенеді.
Қазақ ауыз әдебиетінің тағы бір маңызды түрі – аңыз. Адам қоғамы пайда болғаннан бері өмір сүріп келе жатқан аңыз қоғам дамуының сатыларынан адаммен бірге өтіп, әлі күнге дейін қоғамдық сананың елеулі бөлшегі болып қалып отыр. Аңыз қашанда адамның өмір сүруін жеңілдету құралы болды деуге болады, мысал ретінде Қорқыт, Асан қайғы туралы аңыздарды және қазіргі заманғы аңыздарды атасақ жеткілікті. Қазақ аңызында Қорқыт ақылды, дан, еліне қамқор парасатты жан ретінде суреттеледі. Бұл тұрғыдан алғанда оны түркі жұртының философы деуге болады, себебі Қорқыт белгілі бір адамның немесе топтың, билік басындағылардың мүддесін қорғаушы емес, қарапайым адамдардың ақылшысы, сөзімен ғана емес, ісімен де өнеге көрсетуші, іс пен сөздің бірлігін қуаттаушы. Еш мінсіз, кемшіліксіз адам туралы қазақтың арманын осы Қорқыт бейнесін көреміз. Бірақ Қорқыт екі аяқты пенде, оны да адам тірлігінің шектеулігі толғандырады. Өлімді жеңудің жолы – өмірді мәнмен толтыру. Қорқыттың түсінігінше, жоғарғы мән – ар-иман. Қорқыт туралы аңыздардың қайсысында болмасын
ар-иман ұғымы міндетті түрде кездеседі, өмір өткінші, қай өмір болса да өліммен бітеді, бірақ ең басть сы – адамшылықты, ар-иманды сақтау.
Қазақ философиясының негізгі кезеңдерін және ауыз әдебиетіні түрлерінде жинақталган дуниетанымдық ұгымдарын тапдау арқылы қазақтың ұлттық философиясы жалпы қазақ халқының, оның әрбір өкілінің бойында қалыптасқанын, қазақ халңының басқа халықтар философкясынан еш кем емес философиялық дуниетанымы бар екенін айқын көруге болады.
Информация о работе Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері