Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 08:40, реферат
Семестірлік жұмысты жазудағы негізгі мақсатым: Өзіміздің қазақ халқының эстетикалық және парасатты санасын зерттеу, оның ішінде эстетика мен парасаттың қалыптасуына зор үлес қосқан ақын-жыраулар, сал-серілер, билер, батырлар философиясының ешқандай философияда жоқ екендігін дәлелдеп ұлттық философияны жоғары дәрежеде дәріптеу.
I Кіріспе…………………………………………………...……..…...…….……...2
II Негізгі бөлім ………………………………………........………………...…3-10
а) Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері...............3-5
ә)Қазақ эстетикасының негізін қалушылар......................................................5-7
б) Ұлттық философиямыздағы парасаттылық санасы...................................7-10
III Қорытынды………………………………………………………...........…....11
IV Қолданылған әдебиеттер.................................................................................12
Жалпы Шығыстың бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философиялық-дүниетанымдық ойы батыстағыдай қалыптасқан жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, музыкада, қанатты сөздерде жатыр. Адам мен әлемнің арақатынасын, адамның өзін-өзі тануы, сөйтіп өзін басқаға танытуы, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы – шығыстық философиядағы ең алдымен толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия. «Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем, – деп атап көрсетті Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында, – тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады». Тәуелсіз мемлекет, асылы, айқын мәдени және рухани адамгершілік бағдарсыз ойдағыдай дамымайды. Өткеннің барлығы із-түзсіз жоғалып кетпейді. Оның есесіне ұлт санасында ертегі аңыз, эпос халықтың философиялық пайымдау жүйесінің өзегі болып, тарихтың қатпар-қатпар қойнауында жинала бермекші. Егер Қазақстанға жағырапиялық және әлеуметтік мәдени шолу жасасақ, біздің еліміз Батыс пен Шығыс өркениетінің ортасында орналасқан. Бұл фактор қазақ халқының кешегі, бүгінгі және болашақтағы рухани болмысына және дүниетанымына әсерін тигізбей қоймайды. Ендеше біздер үшін мәдениеттің экономика мен саясатқа қарағанда артықшылығы басымырақ. Дәстүрлі ұлттық мәдениетті және оның дүниетанымдық әмбебаптарын зерттеуде түркі халықтарының дүниеге көзқарасын айшықтауда Орталық Азия мен басқа да түркі тілдес халықтардың ғалымдарымен біріге отырып, зерттеулер жүргізу үлкен маңыздылыққа ие болу үстінде. Біздің мәдениетіміз бен рухани мұрамызда көп ортақ нәрселер кездеседі. Өткендегі дала ойшылдары: Қорқыт Ата, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Иасауи, Ә.Науаи және басқалардың рухани мұраларын бірге зерттеуіміз қажет. Бүгінгі таңда тәуелсіз елдің рухани атмосферасына сәйкес философия өз мазмұны мен келбетін өзгерту үстінде, ғылыми ізденістердің жаңа дүниетанымдық бағдарлары анықталып, басымды бағыттары айшықталып, философиялық және саяси зерттеудің стратегиясы жасалды.
XX ғасырдағы адам ойлауын Шығыс
мәдениетіне сай логика
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында отандық философия әлемдік философияның құрамдас бөлігі. Ол өз бойына әлемдік мәдениеттің, ғылым мен техниканың жетістіктерін жинақтап, жалпы адамзат рухының логикасын танытатын құбылысқа айналғаны абзал. Сонда ғана қазақтың ұлттық философиясы мен әлемдік философиясы арасында байланыс орнап, зерттеу мен оқыту кең қанат жайып, адам санасы мен рухындағы терең астарлар айшықтана түседі. Міне, осы әлемдік философия тұрғысынан қазақтың ұлттық рухы, әлем образы мен менталитетінің қалыптасуы мен даму тарихы тұжырымдалады. Басқаша айтқанда, қазақ ғарышында, оның ұлы даласында қалыптасқан ойы әлемдік философия тарихының құрамдас бөлігіне айналды. Ал бұл тарихтың субъектілері болып қазақтың дана хандары, билері, жыраулары, ақындары, ағартушылары мен ғалымдары, ойшылдары есептеледі. Осы мағынада түсінілген тәуелсіз Қазақстанның философиясы еркіндік пен әмбебаптық шексіз деңгейге ие болып, адам рухының кез келген биік көріністерін байқатып, адамдардың болмысын біріктіруші негізге айнала бастайды. Кеңестік дәуірден кейінгі уақытта қазақ және түркі философиясы арасындағы байланысты тереңдету мәселесі өзекті бола түсуде. Сонымен қатар XX ғасырда кең дами бастаған жаңа философиялық ойлау типтерін игеру маңызды болып отыр. Өйткені оларда демократиялық мәдениеттің, азаматтық қоғамның қалыптасуы, тоталитарлық ойлаудың түбірінен өзгеруі, рационалдықтың жаңа моделі көрсетілген. Бұл тәжірибе біздің ұлттық ерекшелігімізді ескере отырып, ұлттық философиямыз бен мәдениетімізді атамекенде өркендетуге теориялық көмек береді, басқа мәдени кеңістіктермен сұхбатта және бірлікте болуға ықпал етеді.
Қазақтың дүниетанымы көне, бірақ философиялық нышаны тек ХІХ ғасырдан бертін келе өз арнасын таба бастады деушілер де баршылық. Ойлар шашыранды болса да, ұлттық идея туралы мұндай келте қайырушылық, іштей сіресушілік әлі де түгел тарқаған жоқ. Оның бір бастауы "философия дегеніміз не, ол қандай эволюциялық жолдан өтуде?" деген дәстүрлі сұрақ тұйығына тіреледі. Батыстың философиялық нормалары, стандарттары ғана негізге алынса, қазақ философиясының табиғаты туралы тұйықтар сейілмейді, қайта алыпқашты бұралқы пікірлер қосыла бермек.
Батыстық өркениет заңдылығы мен қазақ даласындағы мәдениеттің қалыптасу кезеңдері біржақты үйлесе бермейтінін терең зерттемей, ұқпай жатырмыз. Бұл - бір. Сондай-ақ қазақ философиясының өзіндік тарихи және идеялық бастаулары, әлеуметтік-мәдени бағдары бар екенін сезінсек те, осы ұстанымды ұғымдық деңгейде дәйектей, тұжырнамалық тұрғыдан жүйелей алмаудамыз. Өз халқымыздың тағдыры мен тарихына деген танымдық шикілік осында.
Қазақ философиясының үлгілері Батыс философиясының классикалық үлгілеріне сәйкес келмейтіні күдік тудырмайды. Бірақ қазіргі кең-байтақ қазақ жерінде қоныстанған түрлі ру-тайпалардың, түрлі халықтардың топтары тоғысқанын тарихшылар тізіп жатады. Ал сол кеңістіктегі мәдениеттің түрлері уақыт өте үлгі етерлік қандай із қалдырды, қазақтың қазақ болып қалыптасуына қаншалықты ықпал етті деген проблема өз арнасы мен жиегін таппай келеді.
Айтпағымыз, қазақтың өткенін көптеген мәдени факторлар тікелей де тұрақты түптеді және жанама да қосымша ықпал етті. Осы тарихи шындықтың нақты көріністері мен көркемдік шығармашылықтың арасындағы сабақтастықты айқындап бере алмаудамыз. Басты мәселе - халқымыз бұрын нені іздеді, немен қанағаттанды? Сыңар да жанама пікірлер айтылып жүр ғой. Тек философиялық-әдістемелі тұжырым жетіспеуде. Содан қазақ дегеніміз кім, ол қашан өзіндік тұрмыстық тіршілікке және этникалық мәдениетке ие болды деген мәселе тиянақты тоқтамсыз, нақты шешімсіз қалуда. Шешімсіз қалуда дегенде салалық білімдегі құнды ұсыныстарды жоққа шығарып отырған жоқпыз.
Мысалы...
Қазақтың өмір сүрген қазіргі еуразиялық кеңістікте мәдениеттің, соның ішінде рухани және қалалық мәдениеттің 5-7 мыңдық тарихы бар деген әдебиетшілердің, археологтардың және т.б. мамандардың ғылыми мәліметтері том-том болып жинақталуда. Ал осы "өркениеттің ұзақ тарихи кезеңіңде көшпелі, жартылай отырықшы және орнықты (қалалық) мәдениеттің арақатынасы қандай болды, мәдениеттің осы үш кезеңінің, түрлерінің ру-тайпалық қатынасқа, дәстүр-салтқа ықпалы қандай болды?" деген сауалға тұщымды ғылыми жауаптарды кезіктіре бермейміз.
Өткеніміз бай. Осы еуразиялық кеңістікте қаншама ру-тайпалар қатар өмір сүрді, олардың өкілдері, олай болса салт-дәстүрлері араласты. Арақатынасты сипаттау кезігеді. Қарым-қатынаста рухани байлықты марапаттау әрдайым жоғары болғанын ескерсек, оны қалай түсіндіреміз? Рухани байлықтың қуаты - сабақтастықта, яғни ұқсастықта және өзімен-өзі үйлестікте болу. Топтасып, араласып өмір сүрудің осы типтес әлеуметтік-гуманитарлық астары кеңінен ашылып, арқауы ортақ бағытта ширатылған жоқ. Ал жеке тың ізденістерді дер кезінде біліп жатқан жоқпыз. Өткенімізге деген кешенді ізденістер қанағаттандыра бермейді. Онсыз мәдени мұраны сақтау, баптау, қолға алу шаралары жемісті болады дегенге күмәндану басым. Өйткені бастау - баяу да әлсіз, ізденістердің жаңа мәдени мағынасы ашылмауда.
Осыдан қазақ философиясының тарихы туралы көзқарастар өз тоқтамын тапқан жоқ демекпіз. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарлама аясында "Қазақ халқының философиялық мұрасы" 20 том болып жарық көрді. Басқа салада да осындай қомақты шығармашылық істер тиянақталынды. Бұлар үлкен ұжымдық шығармашылық жұмыс екені даусыз. Бірақ бұл еңбектерге тұжырымдамалы талдау жасалынбай, қазақ философиясының бастауы, эволюциялық қалыптасу кезеңдері мен жетілу бағыттары өзіндік кәсіби бағасын алған жоқ. Қалың оқырман да, әр саланың мамандары да тындырылған істің рухани құндылығын тиянақты қабылдай қойған жоқ. Мұндай жалпы ақаулық білімнің басқа да - тарих, әдебиет, этнопедагогика, өнертану салаларында орын алып жатқаны аян. Түйін біреу, ортақ: жаңа мәліметтерді ұғымдық, әдістемелі және тұжырымдамалық тұрғыдан бағалау, саралау жұмыстары назардан тыс қалуда, рухани-ғылыми жетістіктерге мән бермеудеміз.
Түрлі мәдениет пен білім саласында жинақталынған алуан мәліметтерді қабылдасақ та, оларды өз тарихымызбен және мәдениетімізбен үйлестіруге лайықты арнайы дайындық керек. Мамандарымыз көненің көзі мен бүгінгі тәуелсіз елдің қажетін бірдей алып кетуі шарт. Ол үшін мамандардың интеллектуалды және әдістемелі мәдениетін бірдей қалыптастыру керек екендігі даусыз. Әзірге бұл бағытта тындырған істерден гөрі, үзілмеген үміт басым. Сызып айтар тағы бір жай бар. Ол төл тамырымыз бен мәдениетімізге деген патриоттық сезімнің, азаматтық құлшыныстың жетіспеуі.
Қорытынды
Сонымен қорыта айтқанда қазір қазақ халқы үшін жасанды, виртуалды әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өз төлтумалығымызды, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлауымыз бен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр. Батыс мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай XXI ғасырдағы рухы биік мәдениетімізді одан ары қалыптастырған жөн. Рухы мен мәдениеті биік деңгейдегі халық пен мемлекеттің болашағы жарқын.
Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам және эстетикалық, парасаты сана.
Қолданылған әдебиеттер
1.Философия оқулық, Д.Кішібеков, Ұ.Сыдықов, Алматы, «Нұр - Кітап», 2002;
2.Философия оқулық, Серік Мырзалы, Алматы, 2010, 552-558 бет;
3.Философия тарихы, Бейсенов Қ.Ш., Шымкент, 2005.
Сайттар
www.google.kz
www.yandex.kz
www.alash.kz
Информация о работе Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері