Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2015 в 13:10, творческая работа
В данной работе изложено стихотворение автора Раыймбекова Күнжамила.
Қаражарға арнау.
Шалқыған шөбі жұпар алабың бар,
Алдыңда әлде қандай заманын бар?
Ілініп бір қарғаның тырнағына,
Бұлай боп кетет деген кімде ой бар.
Алтын ғой топырағын Қаражарым,
Көтерген бүкіл елді қара нарым.
Болат деп кім ойлаған мұндай өмір,
Жетім боп қала бердің, қала бердің қайран жерім.
Елім-ай әттең сенің қайран суың,
Басыңнан ел кеткен соң, кетті туың.
Айырылып Қаражардан кеткеннен соң,
ішерміз қандай жердің ылай-суың?