Антикалық пәлсапа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 21:06, реферат

Краткое описание

Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Софистер.docx

— 23.54 Кб (Скачать документ)

Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.

Ертедегі Грекияның алғашқы  философтары стихиялы материалистік  бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.

Дүние қалай пайда болды, қалай  жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

Ертегірек (антикалық) философиясы  өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

  1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
  2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
  3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.

Сіздің басыңыздан мынадай  жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.

Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған  мектептің негізін салған Китиондық  Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.

Эллинизм[өңдеу]


Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик.


ЭЛЛИНДІК МӘДЕНИЕТ, ұғым ретінде екі түрлі мағынасы бар: хронологиялық жағынан – эллинизм дәуірінің мәдениеті, типологиялық жағынан грек (эллин) және жергілікті элементтердің өзара ықпал етуі нәтижесінде пайда болған. Типол. түсінік “Элиндік мадениетне” Александр Македонскийдің (б.з.б. 4 ғ.) жорықтарынан бастап Рим империясының құлаған (б.з. 5 ғ.) кезіне дейінгі антик. дүниенің бүкіл мәдениетін де қосуға мүмкіндік беріп, хронол. және геогр. шеңберді кеңейте түседі. Бұл жағдайда рим жаулап алушылығынан кейінгі кезеңде пайда болған идеология мен мәдениеттегі өзгерістер назарға алынбайды. Эллиндік дүниенің барлық аум-нда қалыптасқан мәдениет бірыңғай болған жоқ. Ол әрбір облыста мәдениеттің жергілікті, неғұрлым тұрақты дәстүрлі элементтерінің жаулап алушылар мен қоныс аударушылар әкелген мәдениетпен өзара ықпалдасу жолымен қалыптасты. Қосылу формалары көптеген нақты жағдайлардың: әр түрлі этн. топтардың (жергілікті тұрғындар мен келімсектер) арақатынасы, олардың экономикасы мен мәдениетінің әлеум. ұйымы, саяси жағдайының деңгейі әсерімен анықталды. Алайда Э. м-тің барлық жергілікті нұсқаларына қоғамның эллинденген жоғ. топтары мен жергілікті дәстүрлер орнықтылау сақталған қалалық және ауылдық мәдениеттің мазмұны мен сипатындағы ерекшеліктер айқын көрінді.

Философия. Эллинизм дәуірінде платондық Академия, аристотельдік Ликей (перипатетик. мектеп), киники мен кирен мектебі өз қызметін жалғастырды. Осы кезде эллиндік дүниеге өз ықпалын жүргізуге бәсекелес үш жаңа филос. мектеп: скептицизм, эпикуреизм мен стоицизм пайда болды. Скептиктер мектебінің негізін б.з.б. 4 ғ-дың 2-жартысында Пиррон қалады. Бұдан кейін скептицизм Платон академиясымен қосылды. Өз ілімін Демокриттің атомдық ілімі мен киренаик. этиканың негізінде жасағанЭпикур мектебі эллиндік дәуірдің дүниеге деген көзқарасына елеулі ықпал етті. Стоицизмнің негізін салушылар – китиондықЗенон, Клеанф пен Хрисипптің қызметі б.з.б. 3 – 2 ғ-ларда өтті. Сократқа дейінгі философияның (бәрінен бұрын Гераклиттің) тұғырнамасын жаңғырта отырып, стоиктер ғарышты біреуі адам болып табылатын сан алуан логостарға бөлінетін саналы отты тыныс алу деп түсіндірді. Б.з.б. 2 ғ-дың ортасынан діни мифол. дәстүрлері бар Грекия мен Шығыс философиясының жақындасу процесі басталды. Бұл процестің негізгі тұлғасы пифагорлық, платондық және стоиктік философияны қосқан Посидоний болды.


Информация о работе Антикалық пәлсапа