Aнтикалық философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:07, реферат

Краткое описание

Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды.Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттік тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді.Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайымен байланыстырылды.Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси- әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқты.

Содержание

Кіріспе.
Антикалық философияның даму кезеңдері.
Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері
Негізгі бөлім.
Алғашқы философиялық (Сократқа дейінгі) мектептер:
а) Милет мектебі: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен;
б) Элей мектебі;
в) Гераклит мектебі;
д) Атомистер.
Софистер және Сократ философиясы.
Киниктер философиясы.
Платон және Аристотель - грек философиясының шыңы.
Эллинистік философия.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 61.20 Кб (Скачать документ)

Антисфен өзінің ұстазы Сократтың  рақымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке  тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық - ең құнды  және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады.Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол - тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Жұрттың бәрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тәуелсіз шын мәнінде ерікті рақымшыл данышпандар. Олардың идеалы - өздерін күнделікті қажет тілек-талаптармен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру.Ал, шын мәніндегі, ең жоғарғы бақыт - бақыттымын деп өлу.

Материалдық тұрмыс қасиеттерін  елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдай отырып, нағыз данышпадық, рақымшылық, бақытты іздеген Антисфеннің ізбасары Диоген Синопский (б.д.д. 412-323жж.) киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қойып, осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әңгімелер қалдырған ойшыл.Ол өте кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, ләззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі - ләззат деп уағыздаған.

Киниктер материалдық  игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік (Кирендік - Кирен қаласының атымен) мектептің  өкілдері өмірде өз түйсіктеріңнің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу керек деп уағыздайды. Ал ләззат, бақыт дегеніміз - минуттық сезімдік қуаныштардың жиынтығы, оларды қадірлеп, қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану керек.

Гедонистік философияның негізін қалаушы ойшыл Аристипптің (б.д.д. 435-355) көзқарасының қалыптасуына Сократтың ілімімен қатар софизмнің де әсері болды. Оның пікірінше, танымның қайнар көзі - түйсік. Аристипп тек өзіміз сезінген ләззат пен қасірет қана игілік , рақымшылық деген тұжырым жасайды. Ләззат өткенге де, болашаққа да бағытталмайды, ол тек қазіргі нақтылық. Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек.Аристипп рахатқа бөлену, бақыт сияқты субъективтік көзқарастарды адамдардың іс-әрекетінің негізгі өзегі (мотив) және мақсаты ретінде қарастырады.

Аристипп ізбасарлары - данышпандарға  әдептілік қағидаларды сақтаудың  қажеті жоқ, мысалы данышпан өзін Отаны  үшін құрбандыққа шалмайды, себебі «оның Отаны - бүкіл әлем» деген  идеяларды өз ілімдерінің басты  қағидаларының бірі етіп қабылдап, онда ең жоғарғы данышпандықтың белгісі жатыр деп есептеген.

Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында, кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп (шамамен б.д.д^ғ.) болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды.Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әрқайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады.

Левкиптің бұл пікілері Демокрит ілімінің қалыптасуына зор әсер етті. Демокрит (шамамен б.д.д. 460-371жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Табиғат туралы», «Адам табиғаты туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем құрылысы», «Кіші әлем құрылысы»т.б.

Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы- атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс) болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз болғандықтан бөлшектенбейтін атомдардон тұратын болса, бейболмыс - өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексіз бос кеңістіктерден тұрады. Болмыс сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Ұсақ бөлшектер атомдардың негізгі қасиеттері: мәңгі бөлінбейді, өзгермейді, өзіне-өзі тең (ұқсас), қозғалмайды. Бұл қасиеттер адамның ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар шар, бұрыш, қармақ, оймақ т.б. тәріздес болады. Атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады.

Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда, өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.

Атомдар бос кеңістікте солқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса, олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді.Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар қиындатып қозғалысқа түседі де ортасында ауыр салмақты атомдар, ол шетке таман - жеңіл салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, Жер мен Аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал Аспаннан - от , ауа және ауа құйыны қуып жүрген жұлдыздар пайда болады.

Платон (б.д.д. 427-347жж.) Сократтан дәріс алған оның ілімін әрі қарай жалғастырушы, өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама-ойшыл. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең деген мағына береді), шын аты - Аристокл. 20 жасында Сократтан дәріс алған, кейін Афинада Гекадем (гректердің батыр құдайы) атындағы гимназияда ұстаздық етеді. Бұл мектеп алғашқыда Гекадемия деп, соңғы кезде академия деп аталынады. Негізгі шығармалары: «Аполлогия» (сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әділеттілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей» (космогония), «Заңдар» т.б.

Платон пікірінше, шын болмыс - ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы Парменидтікіндей біртұтас болмыс емес керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. әлемде қанша біртектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялр бір-бірімен тек қана қарым-қатынаста емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, немесе бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әртүрлі міндет атқарады: 1. себептілік; 2. заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; 3. заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар (идеялар) мәңгі, өзгермейді. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым жетіспейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым - «хораны» (материя) кіргізді. Хора - материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Оны денелі, немесе денесіз деп айтуға болмайды. Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан, материя көп түрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея (эйдостар) арқылы келмейді.

Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт - от,жер, су, ауа - түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары.

Платонның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама - әлемдік рух, немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін қосып, байланыстырады. Ол заттарды идеяға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуына көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықт болуы керек. Шынында да, ол қарама-қарсы үш бөліктен тұрады: біріншісі - өзіне өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі - өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі - сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін - Демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Әлемдердің пайда болу себебі - демиургтің жігері. Олай болса космос - демиург жігерінің материя арқылы заттандырылуы және сол әлемнің тірі организмге айналуы. Космостық тіршілік иелерінікі сияқты ақылы мен жаны бар.

Платон мәдениет тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшыл. Оның көптеген ой - пікірлері кейінгі ұрпақ философтарға үлкен ықпалын тигізіп, күні бүгінге дейін өміршендігін көрсетіп келеді.

Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель (б.д.д. 384- 322жж.) болды. Ол философияның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуының негізін қалап, өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл- философ. Ол Франция жағалауындағы Стагир қаласында дүниеге келді. 17 жасында Платоннан дәріс алған, ал 41 жасында Ұлы Александрдың (Македонский) тәрбиешісі болған. Ол Афиныда Ликей, немесе перипатетиктер (қыдырып жүріп сұхбаттасу) мектебі деп аталатын оқу орнын ашты. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласында да ат салысып, көптеген еңбектер жазып қалдырған: «Категориялар», «Аналитика» (І-ІІ томдар), «Топика», «Физика», «Метафизика», «Этикалық трактаттар», «Саясат», «Риторика», «Поэтика» т.б.

Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды да, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады. Осы тұрғыдан мән категориясы мәнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дейінгі ойшылдарға ұқсап мәнді материалдық зат (ат, жер, су, ауа, атом) ретінде де, идея ретінде де қарастырмайды, оны өзіне тән әртүрлі

көріністеріне байланысты тануға болады дейді. Мәннің көріністері:1) түпнегіз, субстрат; 2) болмыстың мәні; 3) болмыстың мәнімен түпнегізден тұратындар; 4) жалпыға бірдей әмбебап жалпылық; 5) жалпылық және 6) ерекшелік.

Ал заттардың себептерін, болмыстың мәнін, әсіресе алғашқы бастамаларды және алғашқы қозғаушы күшті түсініп-білу - ол ақыл-ойдың қызметі. Ондай танып-білу тек философияға ғана тән. Аристотельдің пікірінше адамдар «қоғамдық жануарлар». Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мемлекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген әлеуметтік т.б. қатынастардың өріс алғандығы. Мемлекет басшысы, қалыптасқан қоғамдық жағдайларға сәйкес адамдарды басқаруы тиіс. Әсіресе жастарды тәрбиелеу мәселесі басты мақсат болу керек.

 

Қолданылған әдебиет.

Основные черты и этапы  античной философии. Спиркин А.С. Философия. Учебник. М., 2000.

Философский энциклопедический  словарь. М., 1994.

Асмус В.Ф. Античная философия. М., 1996.

Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 1985.

Средневековье. Эпоха. Возрождения. М., 1997.

Антология мировой философии  в 4-х т. 1969,1972.

Материалисты Древней  греции. Сборник текстов Гераклита, демокрита, Эпикура. М., 1995 .Платон. Соч. в 4-х т. М., 1990 - 1994.

 

 

 

 


Информация о работе Aнтикалық философия