Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 17:45, реферат
Біздің дәуірімізге дейінгі УІІ-УІ ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды.Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттік тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді.
Антикалық философия.
Қаралатын мәселелер:
1. Антикалық философияның даму кезеңдері.
2. Алғашқы философиялық (Сократқа дейінгі) мектептер:
а) Милет мектебі: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен;
б) Элей мектебі;
в) Гераклит мектебі;
д) Атомистер.
3. Софистер және Сократ философиясы.
4. Киниктер философиясы.
5. Платон және Аристотель - грек философиясының шыңы. 6.Эллинистік философия.
Біздің дәуірімізге дейінгі УІІ-УІ ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды.Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттік тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді.Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайымен байланыстырылды.Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси- әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқты.
Сонымен қатар, антика философиясының
қалыптасуына Крит-микен, Гомерлік Греция
кезеңдеріндегі әдеби-діни-мифологиялық
көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан
тұжырымдалған данышпандық ой-
Б.д.д. ҮІІ антикалық рухани даму мифологиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. ІІІ ғасыр ойшылардың мәнділіктің генетикалық бастамасын,түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып,оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынын түсіндіріп философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді -Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөлінеді.
Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды.Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпандар қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б.д.д. 625-547жж.).Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген.
Аристотельдің өзінің «Метафизика»
деген еңбегінде заттардың
Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су.Бұл жерде су-мұхит (нун), Абзулардың (Апсулардың) философиялық жиынтықталған ұғым.Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан, ол жай су емес, ол «ақыл-ой», осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді.Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс.Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді.Әлем құдайға толы, құдайлар әлемдегі болып жатқан құбылыстардың, іс-әрекеттің негізгі күші, сонымен қатар, сол денелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде - солардың жаны.Мысалы, магниттің жаны бар, себебі, ол өзіне темірді тарта алады.
Фалестің таным процесінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның төңірегінде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады.
Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып-білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.
Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр (шамамен б.д.д. 611-545 жж.)жалғастырды. Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы» (бұл еңбектің кейбір фрагменттері сақталған), «Жер картасы», «Глобус» (бұл еңбектер сақталмаған). Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі - апейронмен теңестірді. Олай болса, апейрон бастама да, түпнегіз де. Симпликийдің айтуынша, Анаксимандрдың апейроны генетикалық бастама ретінде де, түпнегіз ретінде де таусылмайтын шексіз және төрт дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмескі және мәңгі. Ол ешуақатта да қартаймайды, өлмейді және жойылмайды. Ол мәңгі белсенділікте және қозғалыста болады. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында өзінен қарама-қарсы құбылыстар - ылғал мен құрғақтық, салқындық пен жылылық шығарады. Олар екі-екіден қосылып, жер (құрғақтық пен салқындық), су (ылғалдық пен жылылық),от (құрғақтық пен жылылық) түзейді. Осы төртеуі арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр жер орналасады да, қалғандары оны сумен, ауамен, жарықпен (от) қоршайды. Аспан отының әсерімен судың біраз бөлігі буланады да, мұхиттардан жер көріне бастайды, сөйтіп, құрлықтар пайда болады. Демек, апейрон космостың генетикалық бастамасы ретінде ондағы денелерді дүниеге әкеледі. Аспан әлемі соғыс арбасы дөңгелегінің шеңбері сияқты үш сақинадан (шығыршақ) тұрады. Бұл сақиналар көзге көрінбейді. Төменгі сақинаның көптеген тесіктері бар, сол тесіктер арқылы аспандағы оттар көрініп тұрады. Ортадағы сақинада бір ғана тесік бар -ол Ай. Жоғары сақинада да бір тесік бар -ол Күн.Тесіктер толық, немесе аздап бітулері мүмкін, онда күн мен ай тұтылады. Сақиналар Жерді айналып жүреді, олармен қоса тесіктер де қозғалыста болады. Анаксимандр осылай жұлдыздардың, күннің, айдың қозғалыстарын түсіндіреді.
Анаксимандр ілімінше, тіршілік теңіз бен құрлықтың шекарасы айда, аспан отының әсерімен пайда болады. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде өмір сүрді, кейін олардың кейбіреулері өздерінің қабыршықтарын тастап, құрлыққа шығып, тіршілік етті, сөйтіп, жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарларының бір түрінің ішінде өсіп, өрбіп, ер жеткеннен (есейгеннен) кейін құрлыққа шығып, өмір сүрді.
Анаксимандр ілімінің аңғалдығына қарамастан, онда табиғаттың даму заңдылықтарын табиғаттың өз логикасымен түсіндіруі. Табиғаттың диалекттикасының алғашқы қадамдары болды.
Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д^Іғ. ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа - шексіз (апейрос). Сөйтіп, Анаксимандрдің апейроны түпнегізден ауаның қасиетіне айналды. Ауа үнемі қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылғанда алдымен отқа, содан кейін эфирге айналса, қоюланғанда - желге, бұлтқа, суға, жерге және тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да, қоюлануы салқынға байланысты.
Анаксименнің ілімінше, жер және басқа аспан денелері ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер ауаның әсерінен ылғи да қозғалыста болады. Күн де - жер , бірақ өзінің жылдам қозғалуының себебінен ыстық шоққа айналған.
Ауа тек қана денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да бастамасы. Ал жан болса, ол - бізді біріктіретін бастама. Анаксимен құдайларды да ауадан пайда болды деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, құдайлар ауаны жаратқан жоқ, керісінше, ауа құдайларды жаратты. Олай болса, құдайлар материалдық түпнегіздің модификациясы ғана.
Қорыта айтқанда, Милет
мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр,
Анаксимен барлық заттардың, денелердің
генетикалық бастамасын, түпнегізін
құдайлардың құдіретінен
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (шамамен б.д.д. 544-483жж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін «тұңғиық» деп атаған. Негізгі еңбегі: «Табиғат туралы». Бұл еңбектің 130-дай фргменттері ғана сақталып, бізге дейін жеткен.
Гераклит заттардың
Пифагор (б.д.д. 580-500жж.) Біздің дәуірімізге дейінгі УІ ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан «Ұлы Элладаға» көше бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен сицилияда «пифагоршылар мектебі» деп аталатын одақ құрылып, онда қоғамдық өмідді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттілігі туралы ілім кең өріс алды. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігінуағыздады. Пифагоршылардың өздері бірауыз болмағаны, осыған орай «ата жолын» қуушылар мен мемлекеттік билікке барлық халық қатысуы керек деген ағымдардың арасында тартыстар болғаны белгілі.
Пифагор Самос аралында туып-өскенімен, кейінірек келе, әртүрлі жағдайларға байланысты Египетте, Вавилонда (жрецтерден дәріс алған), Үндістанда болып, ең соңында «Ұлы Элладаның Критон қаласында өмір кешкен.
Пифагор мен пифагоршылар
туралы Аристотель былай дейді: олар
математикамен шын мәнінде
Пифагор философтардың ішінде бірінші болып өз ілімінде сан категориясын қарастырған жан- жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында үгіттеп таратқан ғұлама. Оның ілімдері кейінірек платон философиясының қалыптасуына үлкен әсер етті.
Элеаттар мектебі. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы алғашқы қадам болды.Егер Милет мектебінің өкілдері тупнегіз - физикалық дене, ал пифагоршылар сан десе, элеаттарда түпнегіз - болмыс.
Элеат мектебінің негізін қалаушы және көрнекті өкілі - Колофон полисінен шыққан Ксенофан (шамамен б.д.д. 579-487жж.)болды. Оның пікірінше, барлық заттардың негізі жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына жермен қоса судың да маңызы зор. Жанның өзі де жер мен судан жаралған. Ал судан бұлттар пайда болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Мысалы, Ай - бір жерге шоғырланған бұлт болса, Күн - су буының жануының салдарынан шоққа айналған аспан денесі.
Егер Милет мектебінің өкілдері космостың генетикалық бастамасын, әрі түпнегізін физикалық қасиеттері бар ауа, су, от апейрон десе, Ксенофанолардан әрірек кетіп жер космостың түпнегізі ретінде біртұтастық деп тұжырымдайды.
Ксенофанның түпнегізі - ақыл-ой. Құдай адамдарды жаратпайды, керісінше, адамдар өз бейнесіне қарап, құдайды жаратады.Егер жалқылар адамдар сияқты сурет сала білсе жәнеөнердің түрлерін тудыра алатын болса, онда олар құдайларды жалқы ретінде суреттер еді. Ксенофанның құдайы - таза ақыл-ой, ол материалды емес. Оның барлық күші - данышпандылығында. Ол гректің бұрынғы құдайларындай бір орнынан екінші орынға қозғалып, дүниені кезіп жүрмейді, керісінше, ылғи да тыныштықта болады, қозғалмайды .Ол әлемді тек ақыл-оймен ғана басқаруды, ешқандай да дене күшін жұмсамайды.
Түйсіктер берген ақпараттар шындыққа жатпайды. Ақыл-ойдың өзі де кейде бізді алдайды. Ал ақиқат ақыл-ойдың қорытындысы емес, кездейсоқтықтың жемісі.Осыдан келіп, Ксенофан дүниені танып-білу мүмкіндігін емес, танып-білу мүмкіндігі туралы білімнің болуын жоққа шығарады.
Ксенофанның жалқы құдай туралы ілімін әрі қарай дамытып, оны бір тұтас болмыс ұғымына дейін көтерген ойшыл - Парменид (шамамен б.д.д. 540-480жж.)болды. Оның негізгі шығармалары: «Табиғат турылы», «Ахиллес»(бізге дейін жетпеген). Парменидтің қарастырған мәселелері - болмыс пен бейболмыстың ара қатынастары туралы мен болмыстың ақыл-ойға қатынасы. Бұл екі мәселенің екеуін де тек ақыл-ой арқылы шешуге болады. Ақиқатқа тез жету үшін ақыл-ой көптеген тор мен тап болуы мүмкін.
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, басқаша айтқанда, болмыс - нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нәрсе. Осы пікірін Парменид дәлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт - ол, Парменидке дейін философтар өз тезистерін дәлелдеуден гөрі, метафорамен немесе ұқсастық тәсілін қолдану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші болып өз тезисінің дұрыстығын дәлелдеуге көбірек көңіл бөлді.
Парменидтің ойынша, бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі, оны танып-білуге және оны сөзбен жеткізуге болмайды. Басқаша айтқанда, нақты өмір сүрмейтін нәрсені (бейболмысты) түсінуге де, ойлауға да болмайды. Енді бұл дәлелдің өзін дәлелдеу қажет. Осыдан келіп, Парменид болмыс пен ойлаудың арақатынасын қарастырады. Оның пікірінше, болмыс пен ойлау процесс ретінде де, олардың жемісі ретінде де тепе-тең. Бұл тезисті, заттар мен ойлауды өз алдына жеке өмір сүретін құбылыстар екенін мойындай отырып, ой - затталынған(яғни, материалданған - ойдың бір затты ойлауға бағытталуы) кезде ғана ой болады деп түсінуге, ал зат - тек ойланылған кезде ғана зат болады деп түсінуге болатын сияқты. Осыдан келіп, Парменид: егер болмыс нақты бар деген ой бар болатын болса, онда осы ойда, ойланылатын бейболмыстың бар болғандығы, бірақ ол бейболмыс күйінде емес, болмыс күйінде өмір сүретіндіктен осыған дейін бейболмыс туралы ойланған ойымыздың бәрі болмыс туралы ой болып шығады.