Антика философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 09:19, реферат

Краткое описание

Антика философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек - рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Антик философиясының кезеңі
Атомистер ілімі
Антик философиясының өкілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

демокрит.docx

— 34.34 Кб (Скачать документ)

 

                   «Астана медициналық университеті» АҚ

 

          Кафедра: Философия және әлеуметтану

 

 

 

 

 

Антика философиясы

 

 

                                                  Орындаған:  207 - ҚДС

                                                                         Махат Ж.Қ.

                                                  Тексерген:  Насилин Г.Ш.

 

 

 

 

 

 

                                               Астана 2013

                               Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Антик философиясының кезеңі
  1. Атомистер ілімі
  2. Антик философиясының өкілдері
  1. Қорытынды
  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   «Антика философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек - рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан  дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың  айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.

   Ежелгі Грекия  дүниетанымының жаңа формасы  – философияны қалыптастырған  негізгі үш мәдени орталықтың  бірі болып табылады. Оның қалыптасуы  да Ерте Үнді және Ежелгі  Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға  сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік  ақыл-ойдың дүниеге келтірген  жемісінің шығыстық фиософиямен  салыстырғанда өзіндік түбірлі  ерекшеліктері бар. Философияның  қалыптасуына алғы шарт болған  грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы  сияқты мифология, дін, ғылыми  білімнің бастапқы түрлері, философияның  қалыптасуына әкеліп соқты. 

       

 

 

   

 

 

 

                        

                                           Антика философиясы

      Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Греция болып табылады.. Ғылымның іргетасы - математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған.

Математиканың теориялық  білімінің салыстырмалы түрде дамыған  үлгілелері антикалық полистер контекстінде алғаш рет пайда болып, қарастырылды. Бір пікірдің екіншісінің алдындағы  артықшылығы дәлеледемелер арқылы анықталды. Негізделген білімнің пікірден артықшылығы антикалық философияда  өзінің  дамуын одан әрі жалғастырды. Антикалық ғылымда әдістерге, ақиқаттың  дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Тұңғыш рет диалектиканың  әдіс ретінде қабылдауға қадам жасалды. Математика саласында негізделген  және дәлелденген білімнің идеалын  қолдану білімді баяндаудың жаңа принциптерін бекітті. Грек математикасында  білімді теория түрінде баяндау  үстем болды: «берілді -дәлелдеу керек - дәлелі». Антикалық философтар математиканың  дамуының теориялық жолына өтуге  қажетті құралдарды өңдеп, математикалық  білімдерді дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы жүйелендірудің алуан түрлі  қадамдары қабылданды. /Фалес, пифагоршылар, Платон/. Бұл процесс Евклидтің  дамыған геометриясының теориялық  жүйесінің құрылуымен аяқталды.

Атомдық ілімнің негізін  салушы ежелгі грек философы-материалисі  Демокритке /б.з.д. 460-370 жж./ мынадай қанатты  сөздер тән: «Мен үшін бәр ғылыми ділелдемелер табу бүкіл Парсы патшалағын меңгеруден гөрі маңыздырақ».

                                         

                                                Атомистер ілімі

    Ежелгі грек  ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур  және ежелгі рим өкілі Лукреций  Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың  шығармаларында кейін матералистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар фиософиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп , жоғалып жатады.

    Демокриттің ілімінше,  дүниенің бастамасы – атомдар  (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп  ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың  негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне- өзі тең, қозғалмайды.  Бұл қасиеттер атомдардың ішкі  мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне  өзіндік пішін, түрлерінің және  көлемінің болуы жатады. Атомдар  бұрыш, шар, қармақ, оймақ, т.б.  тәріздес болады. Атомдар бос  кеңістік болып тұрады.

    Атомдар бос  кеңістікте өз табиғатына тән  үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен  соқтығысқанда өздерінің қозғалыс  бағыттарын өзгертеді. 

Атомдарды бояу түрлері, иіс  дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер  жоқ. Бұл қасиеттер атомдар түйсітерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит-алғашқылардың  бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті  түрде болатындығын айтқан ойшыл.

Тіршіліктің шығуы Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп  түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің  де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған-жылылық. Жандар әр түрлі болады. Космостық  жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан әлде қайда жоғарырақ. Ал адамның  жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі, онда жылумен қоса от та бар. Демокриттің  іліміне ақылды жан – «сана» ұғымы  мен синонимдес ұғым.

    Өмір сүрудің қажетті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от  атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен шығады. Днеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп денемен бірге жан жа өледі.

 Демокрит қоғамның  дамуы және мемлекет мәселелері  туралы пікірлер айтқан. Адмдар  аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты  өмір кешті, ал аң сияқты  қалыптан мұқтаждықтың арқасында  өркениетке өткенде, олар бір-біріне  көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, ағаштың қуысында өмір  сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, бір-бірмен соғыспай, ұрлықсыз, қарапйым да, еркін өмір  кешті. Кейінірек келе отты  пайдалана алатын болды, қулық  – сұмдықтар да көбейді, осымен  қатар өнер де пайда болды.  Осы айтқан жағдайға адамдарды  мұқтаждық пен өздерінің тәжірибелері  жеткізді. Адамдар әлім сақта  сөйлей алмайтын-ды. Адамдардың бір-бірімен  араласып қарым-қатынасқа түсуінің  арқасында түсініксіз дыбыс шығарудың  орнына сөз арқылы қатынас  орнады. Сөйтіп, тіл пайда болды.  Тіл көп турлі болып, адамдардың  тұрған ортасына қарай қалыптасты.

Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған –  адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай  деп жүргеніміз шын мәнінде құдай  емес, тек олар туралы қалыптасқан  бейнелер ғана.

Демокриттің атомистік ілімдарін  әрі қарй жағастырған ежелгі грек философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270ж.ж.)болды. Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана жеткен. Эпикурдың  ілімінше, атомдар – дуниенің алғашқы  бастамасы. Оларға Демокрит атған қасиеттерден басқа көле, салмақ сияқты мәнді  қасиеттер тән. Салмақтың арқасында  атомдар «құлайды» және жолдан ауытқиды. Осындай «өздігінен ауытқитын атомдар» қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара  байланысқа түсіп, жекелеген денелер  пайда болады. Космоста сансыз көп  жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі  өлмейтін бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жаны ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады.

 Эпикур жолын ұстап,  оның ілімін ары қарай дамытқан  ежелгі Рим философы және ақыны  Лукреций Карр болды. Негізгі   еңбегі «заттардың табиғаты туралы»  Лукреций Эпи кур сияқты атомдардың  қозғалыс барысында ауытқуы материалдық  денелерді қалыптастырады, ал олардың  пайда болуы және өзгеріп дамуы   қатал себептілік заңына бағынады  дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына  бейтараптылықпен қарап, олардың  қайғы қасіретін көбейтеді. Осыған  қарамастан, адамдар тағдырға мойын  бірге ұсынбаулары, керісінше,  қолдарынан келгенше тағдырдың  тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары  керек. 

Лукреций әлемдегі заттардың  бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа  жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ  ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды.

Атомистика өзінің тарихи алғышарттарында элеаттар арқылы пифагоршылардың  негізгі идеяларынан бастау алады. Демокриттің негізге алған бос кеңістік ұғымы тікелей пифагоршылардан алынған. Бұл жерде болмыс дербес мәні бар және тікелей сезілетін қасиеттермен емес, сан туралы таза ұғым нысанында түсінілді. Демокрит бұл тұжырымдарды затқа айналдырған: ол (физикалық) кеңістік туралы ұғыммен бірлескен. Соңғысы едәуір абстрактілі және тек бір ғана қасиеті бар – ол өзінің барлық бөліктерінде біртекті және осылайша атомдардың топтасуы және қайтадан топтасуы үшін таптырмас өңір болып табылады. Бұл атомдар, өз кезегінде, өлшем сияқты басты ерекшелікке ие. Заттардың басқа шын ерекшеліктері ретінде нық анықтама үшін жарайтындары: көрінісі, нысаны, бейнесі ғана қалады. Алайда Левкипп пен Демокриттің атом туралы танымдарының философиялық негіздері, күмән жоқ, тікелей элеаттардың ілімінен бастау алады. Бұл ілім атомның басты ережелерінің алдын алады. Сонымен, дәл осы элеат философиясы шеңберінде бөлінбестік ұғымы өзінің логикалық сипатын табады.

Дәлелдеу-математиканың  іргетасы, онсыз математиканың дамуы  мүмкін емес.

                          Антик философиясының өкілдері

Математикадағы рационалдық  ойлаудың тұңғыш өкілі Фалес /б.з.д. 6258-548 жж./ болып есептеледі. Фалес - мемлекеттік  қайраткер, инженер, астроном, философ, математик.

Алғашқы кезде гректер  математикамен шұғылданды. Олардың  алдында бір ғана мақста тұрды. Әлемдегі адамның орны қандай? Математика Хаостан  тәртіп табуға, идеяларды логикалық  бір ізге келтіруге, негізгі принциптерді табцуға ұмтылды. Математика бүкіл  ғылымдардың ішінде телоиялық түде болды. Фалестің геометрия саласындағы  білімі жан-жақты болды. Оған геометриялық құрылымның мынандай негізгі қасиеттері белгілі болды: «диаметр шеңберді тең  екіге бөледі».

Ежелгі грек математикасы біртіндеп дамыды, бірнеше мектептерге  бөлінді. Солардың бірі Пифагордың мектебі  болып табылды. Пифагор Самосский /б,з,д, 580-500жж./ - ежелгі грек математигі. Милетке жақын Самос аралында дүниеге келген. Фалестің шәкірті. Пифагордың ілімі бойынша, сандар заттардың  мәні болып табылады. Математикалық  абстракциялар әлемде белгілі бір  тәртіп орната отырып, жасырын жетекшілік етіп отырады. Сандар-бүкіл тіршіліктің  бастамасы, дүние туралы түсініктің кілті.

Пифагор мектебінің ұраны: «Дүниенің  барлығы сандардан тұрады». Пифагоршылардың  ілімінде ерекше орынды 1,2,3,4 сандары  алды. Осы сандардың қосындысы /1+2+3+4=10/ текрактис деп аталды. Аңыз бойынша, пифагоршылардың анты: «Текрактистің  атынан жан дүниеммен ант етемін. Мәңгі гілденіп тұратын табиғаттың қайнар көзі мен тамыры сонда жатыр. Тетрактиске кіретін сандардың  қосындысы онға тең. Сондықтан он саны идеалды сан болып табылдаы және әлемді бейнелеп көрсетеді.

Пифагордың ең жоғарғы  жетістігі - «гипотенузаның квадраты катеттердің  квадартының қосындысына тең» деп  аталатын атақты теоремасы, кейіннен ғылымға  «Пифагор теоремасы» деп енген атақты дәлілдеуі.

Бұл теорема ертедегі Мысыр, Вавилон математиктеріне де мәлім  болған, бірақ олар дәлелденбеген.

Ғылым саласында Пифагор  мен пифагоршылдар мынандай жаңалықтар ашып, ғылымның дамуына үлкен үлес қосты:  дедуктивтік геометрияны  жасады, кеңістік  геометриясы бойынша  куб, пирамида, додекаэдр деп аталатын үш көпжақтың қасиеттерін зерттеді.

Пифагор ғылымының төрт саласын  қарастырды. Оларды грек тілінде «математа» деп атайды, оысдаен математика деген  термин қалыптасты. Ол төрт сала: сан  туралы ғылым /арияметика/, музыка теориясы /гармония/, фигуралар жайындағы  ғылым /геометрия/ және аспан жайындағы  ғылым /астрономия/.

Информация о работе Антика философиясы