Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 13:34, реферат
XV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал, қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп- білуге жол ашты.
1.Қайта өрлеу дәуірі философиясы және мәдениетінің пайда болуының алғы шарттары.
2.Гуманизм, неоплатонизм, натурфилософия — қайта өрлеу дәуірі философиясының бағыты ретінде.
3.Қайта өрлеу дәуірінің саяси-әлеуметтік философиясы.
4.Жаңа заман философиясының негізгі сипаттамасы.
5.Ф.Бэкон: индуктивтік әдісті дайындау.
6.Р.Декарт: «Ойлаймын, яғни өмір сүремін». Ғылыми әдіс идеясы.
7.Лейбниц философиясы. Монадалар туралы ілім.
Юм ешқандай түпнегізді мойындамайды.
Себебі, лол үшін шын мәніндегі
түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру
үшін объективтік шындықта өздеріне
сәйкес келетін заттардың болуы
міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім
мүшелерімен тәжірибе арқылы алынған
деректерді көбейту, азайту, байланыстыру
сияқты ой күшінің қабілеті арқылы
қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға
тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық,
көрегенділік т.б. с.с қабілеттіерді
жинап, оларды адамның өзінен тыстатып,
табиғатта жоқ құбылысқа
Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.
Юм осы уақытқа дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық антропологиялық тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист. Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рене Декарт (1596-1650жж) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар»,
«Бірінші философия туралы метафизикалық олар», «Философия бастамасы» т.б.
Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық — «күмәндануды» ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективтік шындықтан іздемейді, керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.
Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-бірінетәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты — кеңістікте көсілуі.
Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны идеяларымен кейінгі философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы, қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.
Спиноза Бенедикт (1632-1677 жж) нидерланд философы. Негізгі еңбектері: «Діни- саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «этика» т.б.
Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол — субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бірреттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім құдай да, табиғат та жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда болуына себепкер (саша зиі). Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: а) кеңістікте көсілу атрибутынан — қозғалыс және тыныштық модустары; б) ойлау атрибутынан — ақыл-ой және жігер модустары, болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер — модустар. әлемтүпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар — түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылыкөрінуі. әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.
Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустер емес, сонымен бірге идеялар да — модустар. Олай болса адамдар өз мүмкіндіктерін, және табиғаттың заңдылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасызіс-әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінугежақындар еді. Ал құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға дегенсүйіспеншілік те — біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені олардың іс-әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.
Құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың,
әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын
түсіну тек математикалық тәсілді
қолданған ғылымдардың ісі, ал дінге
келетін болсақ, оның құдай туралы
айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда
діннің шығуына екі турлі себептер
әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың
өзнен табиғаттағы
Бірақ, Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру және қоғамда тәртіп
Информация о работе Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінің философиясы