Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 00:14, реферат
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек.
Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Информация о работе Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері