Іскерлік этиканың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 16:00, реферат

Краткое описание

Психологиялық білімдер негізінде педагогика әр адамның жан дүниесі мен қылығында көзделген өзгерістерге келтруші тиімді тәрбие жүйесін құрады. Педагогиканың әрбір бөлімі, психологияның сәйкес тарауларында өзіне тірек болар білімдерді табады: мысалы, оқу – ақыл парасат дамуы мен танымдық процестер теориясына жүгінеді; ал, тәрбие теориясы тұлға психологиясын пайдаланады және т.б. Осы ғылымдардың бірігуінен педагогикалық психология және психопедагогика жарыққа келді.

Содержание

1. Этика ғылымының түсінігі
2. Іскерлік қатынастың түрлері формалары мен функциялары.
Қызметшілерге қойылатын этика талаптары
Пайдаланылған әдебиет тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Этика.docx

— 33.83 Кб (Скачать документ)

Атырау  Бизнес және Құқық колледжі

 

 

 

 

 

Бақылау жұмысы

Пәні: Іскерлік қатынастың этикасы мен психологиясы

Тақырыбы: Іскерлік этиканың  түсінігі

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ЮР-12с/б студенті

 Мулдагалиева Л

Тексерген: Тұрарбек Д.Т

 

 

 

 

 

Атырау 2014 ж.

 

Жоспар

 

      1. Этика ғылымының түсінігі

      2. Іскерлік қатынастың түрлері формалары мен функциялары.

    1. Қызметшілерге қойылатын этика талаптары
    2. Пайдаланылған әдебиет тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1.Этика ғылымының түсінігі

Философия – бұл адамды күшті идеялық сенімге, айқын  түсінуге, білушілікке тәрбиелейді.  
Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.  
Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғарғы нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.  
Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.  
Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.  
Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.  
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениеті, тарихын зерттейді.  
Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты болса, педагогика өзінің ғылыми қалыптасып дамуында фиолософия, психология, анатомия мен адам физиологиясы, гигиена, математика, кибернетика және т.б. ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетілуде. Аталған және басқа ғылым салаларынан көптеген идеяларды педагогика өзінің зерттеу аймағы тұрғысынан өңдеп тәрбиенің мән-мағынасын тереңірек түсінуге және соның көмегімен тәрбиенің теориялық негіздерін нақтылауға пайдалатындығы жөнінде толығырақ түсініктер беруді жөн көрдік.  
Атап айтқанда, философия педагогикалық теорияларды бағыттауда әдіснамалық тараптан жәрдемдеседі, яғни ғылымдарға педагогикалық құбылыстардың сырын ашуда бастау жолды көрсетеді. Педагогикалық зерттеулердің осындай әдіснамалық бастаулары әлеуметтану, этика, эстетика және т.б. ғылымдардан алынады. Ал басқа ғылымдардың идеялары тәрбиенің нақты саласындағы педагогикалық мәселелерді шешуде тікелей негіз бола алады. Мысалы, психология деректері педагогика үшін адамның жеке тұлғалық ерекшеліктерімен оның ішкі жан-дүниесінің заңдылықтарын балаларды оқыту процесінде дұрыс пайдалануға бағдарлайды. Ал педагогика тұлға қалыптасуы мен дамуын басқару заңдылықтарын зерттейді.  
Психологиялық білімдер негізінде педагогика әр адамның жан дүниесі мен қылығында көзделген өзгерістерге келтруші тиімді тәрбие жүйесін құрады. Педагогиканың әрбір бөлімі, психологияның сәйкес тарауларында өзіне тірек болар білімдерді табады: мысалы, оқу – ақыл парасат дамуы мен танымдық процестер теориясына жүгінеді; ал, тәрбие теориясы тұлға психологиясын пайдаланады және т.б. Осы ғылымдардың бірігуінен педагогикалық психология және психопедагогика жарыққа келді.  
Педагогикалық деректерді ашу, сипаттау, түсіндіру, жүйелеу үшін де психологиялық зерттеу әдістері пайдаланылады. Педагогикамен психологияның табиғи тығыз байланысты болатындығының жарқын дәлелі пәнаралық байланысында. Қорыта айтқанда, педагогиканың қай саласы болмасын, өзерттеулерінде өзіне сәйкес психологиялық білімдер қорына арқа сүйенеді.  
Педагогика өз дамуында философиямен тығыз байланысты. Философия ғылымдары (диалектикалық материализм, ғылымтану, әлеуметтану, этика, эстетика, т.б.) педагогикаға тәрбие мағынасы мен мақсаттарын айқындап алуда, адам балмысы мен ойлаудың жалпы заңдылықтары ықпалын дұрыс ескеруде жәрдемін тигізеді.  
Педагогика ғылымы физиология ғылымымен тығыз байланыста. Адам физиологиясындағы іс-әрекеттің шартты рефлекстігі жөніндегі идеялар адамда сыртқы әсерлердің ықпалымен болып жататын өзгерістердің және тәрбиеленушіде ептілік, дағды мен әдет қалыптасудың ғылыми негіздерін ашуда өз септігін тигізеді. Балалардың дене және психикалық даму тетіктерін түсіну үшін адам ағзасының, оның жеке бөліктері мен қызметтік жүйелерінің тіршілік заңдылықтарын жете білген жөн.  
Педагогика ғылымы әлеуметтану ғылымымен де тығыз байланысты бүгінгі күні көптеген ғылыми жетістіктердің көзін ашты. Олар-тәлім-тәрбиенің қоғамдық негіздері, тұлғаның әлеметтану заңдылықтары жөнінде жалпы теориялық түсініктер беру, отбасы тәлімі т.б. көптеген мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізді.  
Сонымен, адам жөніндегі басқа да ғылымдардың идеялары педагогикаға тәрбие заңдылықтарын терең және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік ашады. Өз дәуірінде К.Д.Ушинский «Педагогикалық антропология» еңбегінде «Егер педагогика адамды әр тараптан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен сол адамды жан-жақты танып алуы тиіс»-деген. Бұл жерде көрнекті ғалым педагогика үшін адам зерттеушісі антропологиялық ғылымдардың бәрімен терең таныс болу қажеттілігін баса айтып отырса керек.  
Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысының екінші тарапы-олардың зерттеу әдістері мен тәсілдерін үйрену және шығармашылықпен игеріп, пайдалану. Нақтырақ айтсақ, психология, социология және т.б. ғылымдар педагогикалық құбылыстарды эксперименталды зерттеудегі әдістердің аумағын кеңейтуде септігін тигізеді, мысалы математика, педагогиканы статикалық тәсілдермен байытып отырады.  
Педагогиканың басқада ғылымдарымен байланысы жөнінде айта отырып, оның сол ғылымдарға жасаған әсерін де елемеуге болмайды. Мысалы, педагогикада негіз тапқан ұжымның тәрбиелік ролі хақындағы идея осы мәселелер бойынша психология, социология, философия, этика, және т.б. ғылымдар аймағында жүргізіліп жатқан зерттеулерге үлкен ықпалын тигізіп отыр.

 

            2. Іскерлік қатынастың түрлері формалары мен функциялары.

Психология  ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.

Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.

Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.

Қарым-қатынас ары қарай жеке  адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді.Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.

Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық –қарым-қатынастарды да жатқызады.

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.

Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2-функциясын «қалыптастырғыш» функция деп айтуға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам – оның өзі және ересек адам» . Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық прцесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.

Онтогенездің  бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде – бала өлімі жоқ, ал екіншісінде – балалардың үштен бірі шетінеген.

Бала  мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде «бекітетін, қолдаушы» деген функциясын атауға болады.басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: «Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза». Көптеген псизотерапевттік жүйелерде адамның мұндай жағдайы «қолданылмаған . бекітілмеген» деген ұғым арқылы беріледі, және де «Сенікі жөн емес», «Сен жамансың» деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу «Сен бұл жерде жоқсың», «Сен тірі адам емессің» дегенді көрсетеді.

Атақты  ағылшын психологы Р.Д.Ленг – бекітілмеу ,көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофринияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген балалар ауырады екен.

Адамдар өміріндегі әр түрлі дәстүрлер – амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері «бекітілу терапиясы » деп саналады.Қарым-қатынастың  төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар – «сүйкімді — сүйкімсіз», «ұнайды- ұнамайды» деген терминдермен белгіленеді.Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз әсерін тигізеді.  Келесі , бесінші функциясы «жеке адам ішілік функциясы». Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы- диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С.Выготскйй былай деген: «…адам өзімен зі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды».

Сонымен біз қарым-қатынастың түрін , формалары мен функцияларын қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке адамаралық , тікелей қарым-қатынас түрі, ең терең зерттелетіні де осы түрі.

Әлеуметтік  психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін болса, онда, алдымен жеке адамаралық қарым-қатынас және адамдардың бір-біріне өзара әсерін ғылыми тұрғыда талдау қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Бұл процестер қалай өтеді, олардың формалары, құрылымы қандай, адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны қандай?

Қоғамдық  қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі – эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен , көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:

1)  конъюктивті – адамдарды жақандататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;

2)  дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, біллескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.

Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен , топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.

Кеңестік  психологияда қарым-қатынасты бір жағынан, іс-ірекеттің бір түрі , екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым.Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысышылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асырады. Мұндай үйлетірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.

Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.

Интерактивті жағы –қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.

Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.

Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас – авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері — әсер етілетін объект, «пассивті» обхект болып есептелінеді.

Көптеген  іс-әрекетте , мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет.Мұндай қарым-қатынастың орынсыз , этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.

Манипуляция –қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі – диалогты қарым-қатынас.

Диалог  – тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.

                                3. Қызметшіге қойылатын этика талаптары 
 
Мемлекеттік қызмет этикасы қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.  
 
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік.  
 
Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.  
 
Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.  
 
Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. 
 

 

 
                               Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі 
 
1. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы.Алматы-2004  
2. Әбентаев С. Тәрбие теориясымен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы «Дарын». 2004  
3. Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы.Оқу құралы.Алматы 2007  
4. Бабаев С.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. Түркістан-2010.  
5.Бабаев С, Оңалбек Ж.Жалпы педагогика.Оқулық. Алматы-2006.  
6.Ғаббасов С. Халық педагогикасыныњ негіздері. (монография) Алматы. 1995ж  
7. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. Алматы, 1995ж.  
8. Ушинский К.Д. Педагогика. Алматы: Ана тілі. 1992 ж.  
9. Ұзақбаева С.Тамыры терең тәрбие.-Алматы: Білім, 1997-231 бет.

Информация о работе Іскерлік этиканың түсінігі