Шағын кәсіпкерліктегі этика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 15:10, реферат

Краткое описание

Мәдениет — адамдардың өнідірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы. Мәдениет – бір заттың не құбылыстың жоғарғы деңгейі, жоғарғы қарқында дамуы, дағдысы.
Кәсіпкерліктегі мәдениет — белгілі бір мемлекетте (қоғамда) қалыптасқан құқықтық нормаға (нормативтік актілер, заңдармен), іскерлік дағдыларға, этикалық және адамгершілік ережелерге, өркенниетті бизнесті жүргізудегі мінез-құлық нормаларына сәйкес субъектілердің кәсіпкерлік қызметті іске асыру қағидасы, әдісі, тәсілдерінің белгілі бір жиынтығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

15 ТЕМА КАЗ.doc

— 84.00 Кб (Скачать документ)

15 Тақырып КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТ  ПЕН ЭТИКА 

 

1. Кәсіпкерлік мәдениет: мәні және маңыздылығы

 

Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі. Ол мәдениеттің жалпы түсініктеріне негізделеді және онымен тығыз байланысты.

Мәдениет  — адамдардың өнідірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы. Мәдениет – бір заттың не құбылыстың жоғарғы деңгейі, жоғарғы қарқында дамуы, дағдысы.

Кәсіпкерліктегі мәдениет — белгілі бір мемлекетте (қоғамда) қалыптасқан құқықтық нормаға (нормативтік актілер, заңдармен), іскерлік дағдыларға, этикалық және адамгершілік ережелерге, өркенниетті бизнесті жүргізудегі мінез-құлық нормаларына сәйкес субъектілердің кәсіпкерлік қызметті іске асыру қағидасы, әдісі, тәсілдерінің белгілі бір жиынтығы.

Кәсіпкерлік қызмет – тұлғалардың экономикалық бостандығының қызметі. Бірақ та экономикалық бостандық сол кәсіпкерлік қызметке қатысты ержелер мен қағидаларды орындамауын білдірмейді, керісінше мемлекетте бекітілген нормаларға, заңдылықтарға сай қызмет атқаруы қажет.

Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне төмендегілер жатады.

  • кәсіпкердің өзіне жүктелген міндеттемелер мен жауапкершілікті атқаруы;
  • кәсіпкерлік оның субъектісінің қызмет етуімен тығыз байланысты. Яғни, өзінің қызмет етуінде адалдық таныту. Адамдарға, тұтынушыларға, әріптестерге, мемлекетке шынайы, адал қарым-қатынас көрсету – кәсіпкерлік мәдениеттің түп тұлғасы.

Кәсіпкерлердің  жалпы этикалық нормалармен, фирманың этикалық кодексін, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерін, кәсіби этиканы енгізетін жиынтық элементтерді сақтауы маңызды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің жалпы мәдениеттілік, тәрбиелік деңгейі, олардың қоғамдағы дәстүрлер мен дағдыларды сақтауы, заңды бизнес жүргізуге қажетті білім деңгейін меңгеруі де маңызды.

Кәсіпкерлік мәдениет құқықтық және этикалық нормалар критерилері ретінде келесілерді енгізеді: мемлекетпен, қоғаммен, жұмыскерлермен, тұтынушылармен, әріптестермен, бәсекелестермен және басқа да шаруашылық субъектілермен, сонымен қатар, кәсіпкерлікке жанама не тікелей әсер ететін қызмет етуші құқықтық актілер, ережелер, нормалар, стандарттарды сақтауы.

Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы келесідей  факторлармен айқындалады:

  • өркенниетті сыртқы кәсіпкерлік орта;
  • қоғамдық және мемлекеттік менталитет;
  • қоршаған ортаға байланысты құқықтық нормалар, ережелер, міндеттемелер;
  • кәсіпкерлердің жауапкершіліктері;
  • кәсіпкердің өзі және корпоративтік мәдениет.

 

14.2 Кәсіпкерлік ұйымдардың  мәдениеті

 

Кәсіпкерлік мәдениет жалпы мәдениеттің құрамында  қарастырылатын кәсіпкерлік ұйымның  мәдениетінің қалыптасуынан, сол кәсіпкерлердің мәдениетінен, олардың кәсіпкерлік және іскерлік этикасына байланысты сипатталады.

Фирма мәдениеті, сәйкесінше келесідей ішкі факторларға байланысты:

  • іске асырылатын кәсіпкерлік қызмет міндеті;
  • кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру;
  • фирма меншік иесінің және қызметкерлердің ынталандырылуымен;
  • басқарушылық мәдениет деңгейімен, фирма жетекшілерінің және жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынастар механизмі;
  • нарықта алдыңғы қатарлы позицияны иемденуге мүмкіндік беретін  басқарудың ерекше стилі;
  • фирма қызметінің нәтижесіне қызметкерлердің өздерінің толық қатыстылығын сезінетіндей жағдайды қамтамасыз ету;
  • фирма ұмтылатын белгілі бір құндылықтар жүйесінің болуы;
  • фирма жетекшілері, менеджерлерінің кәсіби деңгейдегі жоғарғы құзыреттілігі және оларды оқыту мүмкіншіліктері;
  • басшылықтың қандайда да бір істің соңғы нәтижесі бойынша кінәлілерді іздестірмей, өз мойнына жүктеуі;
  • қызметкерлердің еңбек өнімділігі мен оны сапасының материалдық сыйақымен қосарлануын қамтамасыз ету;
  • фирманың ұсынатын тауарлары не қызметі бойынша жоғарғы сапалылық пен тиімділікке бағыттанушылығы;
  • тұтынушыларға тауармен қоса жақсы ұйымдастырылған сервистік қызмет көрсету;
  • тауар мен қызметтің жоғарғы сапалылығын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды енгізумен байланысты өндірістің мәдениеттілігі;
  • еңбектің қажетті санитарлы-гигиеналық және қауіпсіздік шарттарын қамтмасыз ету;
  • фирмада сауықты, жағымды климаттың қамтамасыз етілуі.

Кәсіпкерлік ұйым мәдениетінің пайда болуы мен  қалыптасуы және оның жіктелінуі төмендегі  сызбада (сурет 14.1) қарастырылған.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cурет 14.1 Кәсіпкерлік ұйым мәдениетінің  пайда болуы мен қалыптасуы

 

3. Кәсіпкердің іскерлік  және кәсіптік этикасы

 

Кәсіпкерлік этика — өркенниетті кәсіпкерліктің қалыптасуындағы күрделі мәселе. Өйткені - жеке тұлғалардың қоршаған орта құбылыстары, адамгершілік, мейірімділік пен зұлымдық турасында, моральдік қағидалар мен мінез-құлық нормаларына сәйкес білімі мен тәжірибесі.

Кәсіпкерліктегі этикалық нормалар нарық қажеттіліктері мен нақты тұтынушылардың, мемлекеттің, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кәсіпкерлік қызметті іс жүзіне асырушы азаматтардың мінез-құлық белгілерінің жиынтығы. Кәсіпкерлік этика елдегі, әлемдегі, сонымен қатар, кәсіби этикада және де қандайда болмасын қызмет саласында қалыптасқан жалпы этикалық норма мен мінез.-құлық ережелеріне негізделеді. Азаматтардың мінез-құлықтарының жалпы этикалық нормасына байланысты кәсіпкерлік этика, адалдық, ар-ұждан, беделдік, қайырымдылық, иннабаттылық, сыпайылық, адамгершіліктік, өзіндік жақсы көрушілік, ұятсыздық, жалғандық, зұлымдық, кек алушылық, қырсықтық, дөрекілік және т.б. түсініктермен тығыз байланысты.

Кәсіпкер  өз имиджын қалыптастырып, этиканы  сақтауы керек. Ол мінез-құлық шекарасы, сызығы не екендігін, сыпайылық, әдептілік, өнегелілік “өзін-өзін қоғамда қалай ұстау керектігі” үшін емес, қарапайымды өмірлік ұстаным үшін қажетті. Сонымен қатар, қарым-қатынас орнату мәдениетін ұмытпауы керек, өз эмоциясын толығымен басқаруы қажет. Мінез-құлықтың, іс-әрекеттің өркенниетті стилін, өзінің жағымды бейнесін, яғни кәсіпкерлік қызметте табыстылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, өз қызметінен толықтай қанағаттылық табатын кәсіпкер имиджін қалыптастыру керек.

Кәсіпкерлік этиканың қалыптасуына қоғамдық менталитет формасы мен қатынастар ықпал етеді, олар өз ретінде кәсіпкердің адамзаттық қасиеттінің айқындала отырып, өзінің азамат ретінде бағалануына, экономикалық бостандығына, қоғам, тұтынушылар алдында жауапкершілікте болуына әсер етеді. Кәсіпкерлік этика кәсіпкерлердің түпкі сезімдік қағидаларына негізделеді.

Кәсіпкерлердің  этикалық мәселелері ең алдымен тұтынушыларға  байланысты пайда болып, шешімін  табады, сондықтан да мемлекет тұтынушылар  мүдделерін қорғайды. Кәсіпкерлердің этикалық қатынастары жалдамалы  жұмыскерлермен тығыз байланысты. Бұл қатынастар кәсіпкерлік табыстылық деңгейіне ықпал етеді. Өркенниетті кәсіпкерліктің дамуында шаруашылықтық әріптестермен, бәсекелестермен, қоғаммен қарым-қатынас маңыздылығы ерекше орынды алады.

Кәсіпкерлік этика келесі категорияларда айқындалады: айтқан сөзді ұстанушылық, міндеттемелерді орындау, орындамаған міндеттемелері бойынша түпкі жауапкершіліктік сезімді ұстану. Кәсіпкерлік этиканы зерттеушілер өркенниетті кәсіпкерлердің этикалық нормасын келесідей тізбекте қалыптастырды:

  • өз қызметінің нәтижесі тек қана өзі үшін емес, сонымен қатар, басқалар не қоғам үшін пайдалы екендігіне сенуі;
  • өзін қоршаған адамдар жұмыс істегісі келеді және де істей алады, сол кәсіпкермен қатар өз мүмкіншіліктерін іске асыруға тырысады деп түсіну;
  • өз бизнесіне сенеді, оны тартымды шығармашылық деп санайды, бизнеске өнер ретінде көзқарас танытады;
  • бәсекенің қажеттілігін мойындайды, сонымен қатар, ынтамақтастық пен бірлестіктің қажет екендігін біледі;
  • өзін тұлға деп санайды, ал кез келген тұлғаны өзі сияқты санайды;
  • кез келген меншікті құрметтейді, мемлекеттік билікті, қоғамдық қозғалыстарды, әлеуметтік тәртіпті, заңдарды;
  • өзіне ғана емес, басқаларға да сенеді, кәсіптілік пен құзыреттілікті, біліктілікті құрметтейді;
  • білімді, ғылымды, техниканы, мәдениетті бағалайды және де экологиялық нормаларды сақтайды;
  • жаңа енгізілімдерді енгізуге ұмтылады;
  • қажетті қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті қарамағындағыларға ауыстырмайды;
  • басқа адамдардың жетіспеушіліктеріне шыдамдылық танытады;
  • мақсаттарды қызметкерлердің жеке мақсаттарымен байланыстырады;
  • ешкімді де мұқатпайды, кемсітпейді;
  • шекіз шыдамдылықты, төзімділікті игереді.

Кәсіпкер  өз имиджін құра отырып этикетті сақтау керек және де нақты мінез-құлық ерекшеліктерін иемдену үшін келесілерді ескеруі міндетті:

  • танысу ережелерін;
  • іскерлік қатынастар жүргізу ережелерін;
  • өзара шарт немесе келісімдер жүргізудегі ережелерді;
  • сыртқы келбет пен тұрпатына, іс-қимылына қойылатын талаптарды;
  • сөз сөйлеу талаптарын;
  • қызметке қатысты құжаттар мен кәсіпкерлік этиканың құрамды бөлігі болып саналатын кәсіпкерлік этикеттің басқа да элементтерін сақтау керек.

Кәсіпкерлік этикет кәсіпкердің өзінің бизнесін жүргізу барысында кез-келген жағдайда қарым-қатынас орнататын сыртқы әлеммен, басқа кәсіпкерлермен, бәсекелестермен, қызметкерлермен, барлық азаматтармен өзара әрекеттесуін реттейтін ережелер жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

    1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // www.akorda.kz
    2. Багиев Г.Л., Асаул А.Н. Организация предпринимательской деятельности
    3. Лапуста М.Г., Поршнев А.Г. и др.  Предпринимательство. М.: ИНФРА-М, 2001. - 448с.
    4. Токсанова А.Н. Основы предпринимательской деятельности. – Астана, 2007..-480с.
    5. Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. – Астана.: Елорда, 2001ж.-308б.
    6. Бусыгин А.В. Предпринимательство. Основной курс. М: ИНФРА-М, 1997. - 607с.
    7. Пелих А.С., Чумаков А.А. и др.  Организация предпринимательской деятельности.  Ростов-на-Дону, Издательский центр "МарТ", 2002. - 335с.
    8. Осипов М.Ю. Основы предпринимательского дела. - М.: Век, 1996
    9. Основы предприниматrельской деятельности: экономическая теория. Маркетинг. / Под. редакцией Власовой В.М. - М.: "Финансы и статистика", 1996.
    10. Глушенко Е.В. Основы предпринимательства. М.: Вестник, 1996.
    11. Гриффин Р., Ростей М. Международный бизнес. 4-е изд./пер. с англ. Под ред. А.Т. Медведева. – СПб: Питер, 2006.-1088с.
    12. Дашков Л.П. Предпринимательство и бизнес. М.:Маркетинг, 1995.
    13. “ҚР кәсіпкерлікті дамыту мен шаруашылықтық қызметтің бостандығы туралы” Заңы 13.01.1993ж. // www.zakon.kz
    14. Организация предпринимательской деятельности/ / ww.philka.ru. / bibliotekar.ru
    15. Хейг М. Выдающиеся брэнды. – Ростов н/Д: Феникс, 2006-368с.
    16. Қазақстан Республикасы Конституциясы // www.akorda.kz
    17. Макконелл К.р., Брю С.Л. Экономикс: Принципы, проблемы и политика. В 1т.: Пер с англ. Т.2. 
    18. Котлер Ф., Армстронг Г. Основы маркетинга, 9-е издание.: Пер. с англ. – М.: Издательский дом  “Вильямс”, 2003. – 1200б.: ил.- Парал. Тит. Англ.
    19. Маркетинг: Учебник для вузов/ Н.Д. Эриашвили, К. Ховард, Ю.А. Цыпкин и др.; Под. Ред. Н.Д. Эриашвили. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. – 623 б.
    20. Амблер Т. Практический маркетинг / Пер. с англ. под. Общей ред. Ю.Н. Каптуревского. – СПб: Издательство “Питер”, 1999. – 400б. – (Серия “Теории и практика менеджмента”).
    21. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент /Пер. с англ. под ред. О.А. Третьяк, л.А. Волковой, Ю.Н. Каптуревского. – СПб: Издательство “Питер”, 2000.- 896б.: ил. (Серия “Теория и практика менеджмента”). 
    22. Совремменый маркетинг: учеб. для чтудентов вузов, обучающихся по специалностям экономики и упр. и «Коммерция»/ Луис Бун, Дэвид Куртц. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.-1039с.
    23. Шаекина Ж.М., Набиев Е.Н., Базарова С.К. Маркетинг негіздері. Оқу құралы. Астана.: Парасат әлемі, 2007ж. – 244б.
    24. Есимжанова С.Р. Маркетинг в Казахстане: теория, методология, практика. – Монография. – Алматы: “Аян-Эдет”, 2001. 288б.
    25. Голубков Е.П. Основы маркетинга. – М.: Изательство “Финпресс”, 1999.-656б.
    26. Маркетинг: Под. ред. А.Н. Романова. – М.: Банки и Биржи, ЮНИТИ, 1996.-560б.  
    27. “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. – 07.02.2006ж, 5-6, 11-14б.
    28. Кәсіпкерліктің жедел курсы: оқу-әдістемелік құралы. Экспресс-курс предпринимательства: учебно-методическое пособие. Бижан Б.А., Иссык Т.В. -Алматы, 2009.-160п/с.
    29. Европейская Федерация национальных консалтинговых ассоциаций (FEACO) //www.asconco.ru.
    30. Қазақстан Республикасы статистика агенттігі. Шағын және орта кәсіпкерлік мониторингісі//www.stat.kz.
    31. Хозяйствующие субъекты в Республике Казахстан: Сборник законодательных актов№ - Алматы: «ЮРИСТ», 2002.-131с.
    32. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауын іске асыру // www.poslanye.kz.
    33. Қазақстан Республикасы Парламенті // www.parlam.kz.
    34. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі  
      бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы // www.ncgp.kz.
    35. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // www.akorda.kz
    36. Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. – Астана.: Елорда, 2001ж.-308б.
    37. Земляков Д.Н., Макашев М.О. Франчайзинг. Интегрированные формы бизнеса: Учеб. пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003ж.-142б.
    38. Лебедев И.В. Франчайзинг по-русский. Мифы и реальность [Текст]. – СПб.: Вектор, 2006ж.-160б. – (“Know how”)
    39. “Финансовый и Организационный Консалтинг”. Франчайзинг как способ развития бизнеса. – М. 2005ж.-11б.
    40. Сосна С.А., Васильева Е.Н. Франчайзинг. Коммерческая концессия. – М.: ИКЦ “Академкнига”, 2005ж.-375б.
    41. Частное предпринимательство: основные понятия, теория и практика.: Учеб. пособие. - М., 1994ж. – 143б.
    42. Стэнворт Д.; Смит Б. Франчайзинг в малом бизнесе / Пер. с англ. Павловой Л.Н. - М.: ЮНИТИ, 1996ж. – 200б. - (Руководство Барклайз Банка по малому бизнесу)
    43. Филип Ф. Зайдман. Франчайзинг. – Вашингтон.: Компания “Rudnik”, 1998ж.- 80б.
    44. Яновская Ю.М. Новый метод ведения бизнеса - франчайзинг // Труд за рубежом. - М., 1997ж. - N 3. - 35-42б.
    45. Практикум по франчайзингу для российских предпринимателей / Под ред. Силинга С.А. - СПб., 1997ж. – 195б.
    46. Пузакова Е.П., Масленкова А.А. Франчайзинг как специфическая форма объединения экономических интересов инопартнеров // Вестн. Акад. - Ростов н/Д, 1999ж. - N 1. - 81-84б.
    47. Рыкова И.В. Франчайзинг: новые технологии, методология, договоры. - М.,2000ж. - 224б.
    48. Лысенко С. Франчайзинг: готовый бизнес или упорный труд // “Женщины Восток-Запад”.-2006ж.-№2, 8-9б.
    49. Гражданский Кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий. Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Васин. – Алматы.: “Жеті жарғы”, 2000ж.- 800б.
    50. “Кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы” Қазақстан Республикасының Заңы // ҚР Парламентінің жаршысы – 2002ж.-№12, 117 құжат, 16-27б.
    51. Шейн Скот А. От мороженного к Интернету. Франчайзинг как инструмент развития и повышения прибыльности вашей компании / Пер. с англ; За науч. ред. Е.Е. Козлова. – Днепропетровск.: Баланс Бизнес Букс, 2006ж.-208б.

 

 


Информация о работе Шағын кәсіпкерліктегі этика