Этнос

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 18:25, реферат

Краткое описание

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Этнос.doc

— 51.00 Кб (Скачать документ)

Этнос


Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.

 

Этникалық топ


Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.

Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.

  • Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.
  • Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады:
    • Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;
    • Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;
    • Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді;
    • Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады;
    • Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.

 

Этникалық бейімделу


Этникалық бейімделу - этникалық топтардың (қауымдастықтың) күнделікті өмірге, қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы; көне заманда жекелеген шағын топтардың өздері тұратын табиғи ортаның жағдайына бейімделуі. Мысалы, киім дайындау барысында жергілікті климат пен ондағы бар материал ресурсы ескерілді (жапырақтар, өсімдік талшықтары, мал немесе аң терісі және т.б.), үйі (үңгір немесе жер там, ағаштан, саз балшықтан, күйдірілген қыштан немесе тастан жасалған; еңбек құралы (тас, сүйек, күйдірілген қыш және т.б.); тіл және ауыз әдебиеті (мысалы, теңіз болмаған жердің тілінде де бұл ұғым болмаған); аңыздар, ертегілер де жергілікті аң-құстарды, табиғат құбылыстарын бақылаудан туындаған; билер мен алғашқы суреттер (жергілікті аңдардың, құстардың қылықтарын, оларды аулау тәсілдерін бейнеледі). Осы негізде алғашқы этникалық белгілер қалыптасты. Көші-қон барысында алғашқы этникалық белгілер жаңа ортаға бейімделіп жаңарады, ескілері ұмытылып, санадан біртіндеп, біржола өшеді. Көптеген дәстүрлер қоғам дамуына орай өшкенімен де, көбіне, аңыз-әңгімелерде, мейрамдарда, халықтың жадында тіпті әдеттегі құқық пен күнделікті түрмыста да сақталады. Сондай-ақ әсіресе, демографиялық және экологиялық дағдарыстар кезінде этностар "бөтен" дәстүрлерге де бейімделеді.

 

Этникалық бірегейлік


Этникалық бірегейлік - этнос пен оның өкілінің өзіндік сана-сезімінің негізі. Этнос - өзінің бірегейлігін сезінген халық. Этникалық бірегейлік негізіне келесі белгілер жатады: "жер қыртысы" (табиғи орта, атамекен, Жер Ана); "қан" (антропологиялық белгілер: нәсілі, көз қиығы, бет әлпеті және т.б.); тіл (бірдей ойлап, әлемдік құндылықтарды біркелкі түйсініп, пікір білдіру құралы ретінде); діл (мәдени-психологиялық стереотиптер және мінез-құлық, әдет-ғұрып үқсастығы); көркем мәдениет (өнер, мейрамдар); тұрмыс (ұлттық тағам, киім, тұрмыс-салт ерекшеліктері); мифология (бірегейліктің негізін құрайтын құндьшықтар мен үміттердің жүйесі).

Этникалық құрамда болу


Этникалық құрамда болу - атадан балаға мұра болып қалатын, белгілі бір топ мүшелері ортақтасатын мәдени өзгешелік (әдет-ғұрып, салт- дәстүр, мінез-құлықтантілге дейін). Діни немесе кландық белгілермен астасатын этникалық белгілер көп жағдайда саяси қақтығыстардың себебі болады.

Этниканың саясаттандырылуы


Этниканың саясаттандырылуы - қоғам өмірінде этнос рөлін, мәнін арттыру, баса көңіл аудару және саяси өмірдің барлық қырын этнос төңірегіне шоғырландыру; этникалық мәселелерге тым саяси мән берілу; этникалық топтардың саяси мәселелердің шешімін қабылдауға қатысу мүмкіншілігін кеңейту арқылы оларды саясатқа тарту.

 

Этникалық сіңісу[өңдеу]


Этникалық сіңісу (этникалық ассимиляция) - бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі. Этникалық сіңісудің күшейіп, қарқын алуында элем, аймақ, мемлекет халықтарын интернациоландыру шешуші рөл атқарады. Бұл процесс көбіне бытыраңқы орналасқан этностарда аса қарқынды жүреді. Нәтижесінде этнос басқа этностың құрамын толықтырып, соларға "сіңіп" кетеді. Этникалық сіңісудің күшеюінің тағы бір арнасы - ұлттықаралас некенің көбеюі.

 

 

Этнократия


Этнократия - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық, kratos - билік] - көпэтникалы мемлекетте бір этностың, әдетте, елдің, байырғы тұрғыны болып табылатын мемлекет құрушы титулды ұлттың биліғі.

 

 

Этноцентризм[өңдеу]


Этноцентризм - [грек, ethnos - тайпа, халық, centrum - шоғырлану, орталық] - адамның өмірдегі барлық құбылыстарды өз этникалық тобының құндылықтарымен өлшеп, бағалауға бейімдігі; өз өмір салтын артық көріп, басқаларға таңу. Ұғымды 1883 ж. Л.Гумплович енгізіп, 1906 ж. У.Г. Самнер дамытты. Оның пікірінше, этникалық топтың ішіндегі қатынастар мен топаралық қатынастардың арасында айырмашылық алшақ. Егер топтың ішінде жолдастық және ынтымақтастық басым болса, топтар арасында күдікті, шүбәлі, күмәнді және жауласу басым. Этноцентризм бір жағынан этникалық топтың бірлігін қалыптастырып, көрсетеді. Қарабайыр деңгейде басқа этникалық топтарға салқын қарайды.Этноцент¬ризм идеология ретінде - ұлттық-этникалық санасезімнің теориялық деңгейі дамуының өнімі.


Информация о работе Этнос