Этическая гигиена

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 19:45, реферат

Краткое описание

Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - ''Гиппократ'' (медицина атасы), ''Аристотель'' (бірінші оқытушы)- Ежелгі Рим, ''Клавдий Гален'' - эксперименталдық медицинаның негізін қалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гигиена.docx

— 19.04 Кб (Скачать документ)

===Физиология  дамуының қысқа  тарихы.===

Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - ''Гиппократ'' (медицина атасы), ''Аристотель'' (бірінші оқытушы)- Ежелгі Рим, ''Клавдий Гален'' - эксперименталдық медицинаның негізін қалады.

Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А.Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ.ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М.Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті.

Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты.

Горянинов, Шванн, және Шлейден-организмнің жасушалардан тұратынын ашты.1859ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді.

XIX және XXғ.физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді дамытты.

XIXғ.рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясия, мидың үлкен шарты -шарлар маңызы ашылды.

И.М.Сегенов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И.П.Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады.

И.П.Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935)-дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды.

Павлов мына бағыттарды зерттеді:

# қан айналу;

# ас қорту;

# жоғарғы жүйке іс әрекеті.

 Ол жоғарғы жүйке іс әрекетінің (жжіә) типтері туралы ілім құрды. Павлов шығармашылығының шыңы үлкен ми қыртысының сигналдық жүйелер туралы ілімі.

Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады.

''Мұсылман елінен шыққан ғалымдар''

Әбу Насыр Әл Фараби (екінші оқытушы) «дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысының қарай атқаратын қызметін білуге тиіс» - деп жазды. Дәрігерлерге жеті міндет жүктеді. «Адам физиологиясы» оқулығының 13-бетін оқы. Авторы Х.К.Сатбаева,2005ж.). Абу Али ибн Сина(Авицина) «Медицина қағидалары» атты кітап жазған.

Қазақстан физиологиясының іргетасын қалаған А.П.Полосухин.Ол КазМи-да физиология кафедрасын 25жыл меңгерді физиология ғылыми – зерттеу институтын ашып 20ж. директоры болды. Ғылыми бағыты лимфология болды.

Н.У.Базанова- ғалым-физиолог, тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор,академик. Еңбектері ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясын аса дамытты.

Х.К.Сатпаева -көп  жылдар  бойы  АММИ- да  физиология  кафедрасының  меңгерушісі  болды. «Адам  физиологиясы»  оқулық кітабының  авторы. 

====Павлов  физиологиясының негізгі  принциптері.====

Тірі  организм - біртұтас.Онда  жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер  әрекеттері  байланысты  және  келісімді  де болады.

Организм  өзін- өзі  реттейтін  қасиеті  бар. Ол  өзіне  қажетті  нәрселерді  алып оған  зат  алмасудың  соңғы өнімдерін бөліп  тұрады. 

Организм  тек  қоршаған  ортамен  тұрақты қатынаста ғана  белсенді  түрде  тіршілік  ете  алады.

Нервизм  принципы -  жүйке жүйесінің  әсерін   организмнің  көптеген  әрекеттеріне  қаратуға  тырысатын  физиологиялық  бағыт.

 Зат  алмасу- өмір  белгісі  және  қажетті  шарт  болып  табылады. 

Адаптация-  органзмнің  қоршаған  орта  әсерлеріне  бейімделуі. Ол  жеке- жеке   физиологиялық  жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін.Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді.

Организмнің өзін – өзі реттеуі оның (тірі организмнен) ерекшелігі  болып  табылады  да қоршаған ортаның әсерлеріне  организмнің  тұрақты  орнын (тіршілік  жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.


Информация о работе Этическая гигиена