Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 14:14, реферат

Краткое описание

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезінде адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әр бір жасөспірімнің субъективті талап-тілегін ескеріп, бейім-қабілетін және тіршілік өмір өрісін, белсенді саналы шығармашылык қасиетін одан әрі - дамыту кезек күттірмейтін мәселе.
Саналы және мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру - ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде 5
1.1 Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігі 5
1.2 Қиын балалар мәселесінің зерттелуі 8
2 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны 11
2.1 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар 11
2.2 Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының
атқаратын қызметі 13
2.3 Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесі 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

Прикрепленные файлы: 1 файл

диванты окушылар.docx

— 97.10 Кб (Скачать документ)
  1.  
    Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу. 

  1.  
    Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәрбиелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көз-қарасты ұжымшылдық қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру.

  1.  
    Әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және шығармашылық талап-тілектеріне орай қабілетті мен икемшіліктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.

  1.  
    Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымшылдық өмір қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою. 

 
2001-2005 оқу жылдарында  Кентау қалалық ішкі істер  бөлімінің жасы кәмелетке толмағандар  ісі жөніндегі бөлімде 10 оқушы  есепке алынды.  
 
2001 -2002 -1 
 
2002-2003 -2 
 
2003-2004 – 0 
 
2004-2005 -7 
 
2005-2006 -0 
 
Мектепішілік есепке әр сыныптан тәртіп бұзуға бейім 87 оқушы алынды. Сыныптар бойынша қоғамдық тәрбиешілер бекітілді. Әр қоғамдық тәрбиешінің жеке, әр сынып жетекшісінің сыныпқа арналған бақылау күнделігі бар. / таныстыру/ 
 
Әр сынып құжаты ішінде  

  1.  
    Қоғамдық тәрбиеші туралы жалпы мәлімет. 

  1.  
    Мінездеме

  1.  
    Пән мұғалімдермен байланыс, пікірлер.

  1.  
    Хаттамалар.

  1.  
    Түсінік хаттар

  1.  
    Табель көшірмесі

 
Бақылау, зерттеу күнделігі 
 
Келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында сынып жетекшілерімен, ата-аналармен, пән мұғалімдерімен «Қателесу, оны түзету жолдары», «Қысым мен қиянат қарсы әрекет туғызады», «Ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті», «Кекшілдік», «Агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшілігі», «Тәрбиесі «қиын» оқушылармен жұмыс ерекшілігі» тақырыптарымен әр түрлі типтегі іс-шаралар өтілді. Мына тақырыптарда ата-аналар университеті өтілді. «Баланың бас ұстазы- ата-анасы» / конференция/ . «Девиантты балаларды қайта тәрбиелеудің маңызы». «Ата-балаға сыншы» «Әкелер конференциясы». «Ата –бала дәстүрі- әдептілік негізі».  
 
Мектепішілік есепке алынған балалармен көңілділер, тапқырлар, ептілер және «Бәрекелді, сайып қыран» сайыстары өтілді. Ерекше бақылауға алынған оқушылар қоғамдық тәрбиешілер бекітілген: Алиев Жомарт, Тұржанов Сейілхан, Дәуренов Мақсат, Құлтаев Бақытжан, Көлбаев Қанат тәртіп бұзуға бейім оқушылармен бақылау күнделігін жүргізіп, ол оқушылардың сүйікті ісіне тартылуына (үйірмеге тартылу, мектептен тыс, мектепішілік іс-шараларға ) жағдай жасауда.  
 
Қорыта айтқанда, қиын баланы қайта тәрбиелеуде үш кезең бойынша жұмыс нәтижесі шығарылды.  
 
Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде оқушы тәртібінің төмендеу себептерін анықтадық. Баланың жалпы психикасын жан-жақты талдап, адамдармен қатынасындағы жақсы қасиеттерін бағдарлауға назар аудардық. Қандай бір қиын оқушы болсын, оның мінез-құлқынан шамалы болса да жақсы нышандар кездестіруге болатынын білдік. Міне, осы жақсы қасиеттерін негізге ала отырып, оқушыны қайта тәрбиелеудің болашақ жоспарын жасап, оны іске асыруға әрекеттендік. 
 
^ Екінші кезең – педагогтің сынып алдындағы жауапкершілік кезеңі. Педагог өзінің мағыналы ісімен сынып алдында абыройға ие болғанда ғана қиын жасөспірімдермен екі арада сыйластық, сенімдік қарым-қатынастар орнығады. Осындай бір-біріне деген сенім арқылы қиын жасөспірімдердің жағымсыз қылықтарының ішінен тәуір қасиетін бөліп алып, соған оқушының өз назарын аударуға болады. Жеке қайта тәрбиелеу жұмысын осылай жоспарлы ұйымдастырса ғана, баланы өзінің қыңыр мінезінен жирендетіп, ізгі ой-сезімін ояту мүмкіндігі туады. 
 
Үшінші кезең – өзгеріс кезеңі. Бұл кезеңде қиын баланың ішкі дүниесінде «күрес» пайда болады. Күреске шыққан екі қарсыластың бірі- бұрынғы теріс қылықтары да, екіншісі – қалыптаса бастаған жаңа, жақсы мінез машықтары. Бұрынғы теріс қылықтары баланы еліктіріп артқа тартса, үздіксіз жүргізілген тәрбие жұмысы оны алға сүйрейді. Осы бір сәтте тәрбиеші-педагог баланың жақсы қасиеттерін қолдап, ішкі рухани қажеттерін қанағаттандыру арқылы ілгері жетелеп, қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы балаларды бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынасқа түсіріп, жақсы қасиеттерін молырақ қалыптастырады. 
 
^ Соңғы үшінші кезең жеке қайта тәрбиелеудің ең нәтижелі – бекіту кезеңі болып есептеледі. Өйткені, қиын жасөспірім өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, мінез-құлқының оңды сипаттарын өз бетінше дамытуға бет түзейді. Бұдан әрі педагог-тәрбиеші сол тәрбие ортасының өзіндік ерекшелігіне қарай белгілі болған ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдаланып, бала өзін-өзі тәрбиелеуге ақыл-кеңестер беріп отырады. 
 
 
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары 
 
^ 3.1 . Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік 
 
педагогикалық тұрғыдан қарастыру 
 
Қоғамымызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, жезөкшелік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр. Сондықтан қазір жалпы білім беретін мектепте «қиын» баланы қайта тәрбиелеу мәселесі – аса өзекті педагогикалық әрі әлеуметтік проблемаға айналды.  
 
«Қиын» бала ұғымын барлығымыз естіп жүрміз, бірақ бұл терминнің артында не жатыр? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін – ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін – ол басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін – ол белсенді, бағынбайтын сотқар бала. Бұл баланы қалай түзетеміз? Бұл орайда еліміздің осы кезеңдегі әлеуметтік педагогтары «қиын» бала тәрбиесі төңірегінде мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алуына болатындай бірсыпыра оң ұсыныстар беруде.  
 
Атап айтсақ, олар: 

  •  
    оқушы баладағы құндылық бағдарының мазмұнын анықтау;

  •  
    отбасы тұрмысындағы қарым –қатынастарды , сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу;

  •  
    баланың сабақтан тысқары уақытын қадағалау;

  •  
    баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық деңгейін зерттеу;

  •  
    баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;

  •  
    «қиын» баланың пайда болу себебін әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан анықтап алу;

  •  
    «қиын» балаға көмек көрсету үшін мақсатты және жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізу және т.б.- Ал орыс халқының ұлы педагогі әрі өз кезеңінің шебер тәрбиеші- ұстазы А. С. Макаренконың әрбір жасөспірімнің өзіндік жас ерекшеліктеріне сай жеке қайта тәрбиелеу әдісі бұл күндері мектептегі тәрбие ісінде ерекше орын алады. Ол әр сынып жетекшісіне, тәлімгерге төмендегідей ақыл –кеңес береді; 

  •  
    Қиын баланың пайда болу себеп-салдарын білу және әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие жағдайын анықтау;

  •  
    Мінез құлқында аз да болса оң өзгеріс байқалса, соны дамытып, өрбіту, яғни теріс қылықтарына өзін қарсы қойып, өзін қайта тәрбиелеуге дайындау;

  •  
    Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді жою, ата-ана мен бала арасындағы қатынасты жүйеге түсіру;

  •  
    «қиын» баланың ынта ықыласын, талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп, қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстырып, тапсырмаларды бар зейінімен орындауға бетбұрыс жасату;

  •  
    өзін - өзі қайта тәрбиелеуге қабілеті жететініне сенімін арттыру, жеке басын құрметтеуге үйрету, барша оқушыға біркелкі талаптар қою, педагогикалық ынтымақтастық қатынаста болу.

 
Аталған әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алып, біз мектептегі «қиын» баланы қайта тәрбиелеу ісі бойынша ұжымның алдында төмендегідей әлеуметтік педагогикалық талаптар қойдық: 

  1.  
    Әр «қиын» балаға арналған күнделік жүргізу. Күнделікте «қиын» баланы қайта тәрбиелеуді қажет ететін қылықтары есепке алынады: баланың әр сабақтағы белсенділігі, себепсіз босатқан сабақтары, ата-анасының, сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, сыныптағы жолдастарымен қарым – қатынасы, пәндер бойынша үлгерімі және сабақтан тыс уақытты пайдалануы, өз қызығушылығы бойынша үйірмеге қатысуы. 

  1.  
    Педагогикалық кеңесте және әдістемелік бірлестіктер мәжілістерінде «қиын» бала мәселесін жүйелі түрде қарастыру. Арнайы әлеуметтік педагогикалық шешім шығарылады және хаттама жеке жазылады. Шешімнің орындалуын мектеп директоры қадағалайды.

  1.  
    Оқу жылының аяғында педагогикалық кеңесте жеке қайта тәрбиелеудің нәтижесі талданады, жіберілген кемшіліктерді жою жолдары қарастырылады. Келесі оқу жылына қайта тәрбиелеу жұмысының жоспары жасалады.

 
Тәрбиесі қиын оқушыны болдырмау мақсатында біздің мектепте «Бұзақылықтың алдын алу кеңесі» жұмыс атқарады. Кеңестің төрайымы, мүшелері сайланады. Жұмыс жоспары мектептің орналасқан ауданының қиындықтарын ескеріп жасалады. Кеңестің мақсаты: оқушының есепке алынуының себептерін анықтау, қиындықты шешу жолдарын көрсету, бұзақылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Кеңес айына бір рет немесе қажетіне қарай екі рет отырыс өткізеді. Кеңесте оқушының құжаттары қаралып, шешім қабылдағаннан кейін бала мектепішілік есепке алынады. Есепке алынған оқушыға көмек көрсету, алға тарту, қиындықты жеңу жолдарын көрсету мақсатында сынып жетекшісі осы оқушы үшін тәлімгер болып тағайындалады.  
 
 
2 сызба. 
 
Тәлімгер Ата-ана  
 
Әлеуметтік педагог 
 
 
/2 сызба/ Ол әлеуметтік педагогпен, ата-анамен бірлесіп, қайта тәрбиелеу жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп отырады. «Қиын» жасөспірімнің қайта тәрбиеленгендегі деңгейін анықтау үшін келесі белгілер (критерийлер) басшылыққа алынады:  

  •  
    рухани дүниесінің өзгерісі (табандылық, істі өз бетімен орындауы, еңбексүйгіштігі, адалдығы, уайымшылдық және басқа адамдарды түсінуі), дүниетанымындағы өзгерістер, өз болашағына көзқарасы: өзін - өзі баға беру сезімінің оянуы;

  •  
    еңбекке, оқуға, тапсырма мен міндетті орындауға ынталануы;

  •  
    болашақ ұстанған бағытында, жаңа жақсы нышандардың байқалуы;

 
«Қиын» баланы тәрбиелеудің ықпалы мынадай сұрақтар негізінде анықталып отырады: 

  1.  
    Сен мектепте қандай қоғамдық тапсырмаларды орындадың? Олар саған қандай рухани күш – қуат береді?

  1.  
    Мектепті бітірген соң не істемек ойың бар және алдыңда қандай мақсат тұр?

  1.  
    Қолыңнан қандай істер істеу келеді? Мектепте неге үйрендің?

  1.  
    «Отаныңды сүй», «Өз халқыңның азаматы бол» деген нақыл сөздерді қалай түсінесің?

  1.  
    Темекіге – «жоқ». Бұл тұжырымды басқаша қалай айтуға болады?

  1.  
    «Нашақорлық – бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдын алған жеңіл» Сөйлемнің мағынасын түсіндір.

  1.  
    «Ішімдік ішу – азғындатушы және кісі жазалаушы», - дегенді қалай түсінесің?

  1.  
    Ішімдікке салынуға әкелетін жолдарды ата.

  1.  
    «Есірткі – адам баласының қас жауы» Мысал келтір. Есірткіден қорғануға болады ма?

 
10.«Тәуелді болу»  деген не? Тәуелділік қалай пайда  болады? 

  1.  
    «Салауатты өмір салты- біздің мақтанышымыз», - деген сөйлемді қалай түсінесіз? Баланың осы сұрақтарға берген жауаптарын алғашқы жинақталған ақпарат – мәліметтерімен салыстырып, тәлімгер белгілі бір қорытындыға келеді жеке жұмыс жоспарына өзгерістер енгізеді.

 
Осы жұмыстармен қатар мектеп бойынша әлеуметтік мониторинг өткізіліп отырады. Ең алдымен тәлімгер «қиын» баланың отбасының құрамын, тұрмыс – жағдайын, ата-ананың білімі мен бала тәрбиесіне қанша уақыт бөлінетінін анықтайды. Бұл мектеп әкімшілігі үшін мектепте қанша отбасы бойынша «қиын» балалардың отырғанын білуге және сол балалармен жүргізілетін жұмыс түрін белгілеуі керек.  
 
Мониторингтің мақсаты: 
 
Мектеп бойынша «қиын» балалар отбасының әлеуметтік статусын анықтау, балаларының ойлау қабілетіне, психологиясына және физиологиялық дамуына әсер ететін әлеуметтік факторларды анықтау. 
 
 
Ол үшін жинақтау кестесі құрылады. 

 
«Қиын» баланың аты –жөні

 
Отбасы құрамы

 
Отбасының тұрмыс жағдайы

 
Ата – ананың білім деңгейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
Мониторинг мектепте жылына екі рет өткізіледі. Мысалы, 2006 жылдың қаңтар айында мектебіміз бойынша 1-11 сынып оқушылары арасында сауалнама өткізілді. Сауалнамаға 1367 оқушы қатысып, қорытындысы шығарылды. Мектеп бойынша отбасы құрамы талданды (пайызбен алғанда):  
 
Толық отбасы 563, толық емес 147,  
 
Жайлы 197, жайсыз 91,  
 
Көп балалы отбасы 139, тұрмыс жағдайы төмен 49.  
 
Отбасының тұрмыс жағдайына қарай: 
 
Тұрмысы жақсы отбасы 198, қанағаттанарлығы 564, қанағаттанарлықсызы 91. 
 
Ата-аналардың білім деңгейі: 
 
Жоғары білімділер 26,5 % 
 
Арнаулы орта білімділер 37,9% 
 
Орта білімділер 35,6% 
 
Отбасының әлеуметтік деңгейі: 
 
Жоғары деңгейі 9,051%  
 
Орта деңгейі 96,14% 
 
Төмен деңгейі 4,7% 
 
Қорыта келгенде, жоғарыда аталған факторлардың баланың жақсы немесе нашар үлгерім мен даму дәрежесіне әр қилы әсер ететінін байқатты. Мәселен, оқушының білім сапасының төмендеуі ата-ананың білімінің төмендігіне, оның жұмыс істеуіне, яғни әлеуметтік жағдайының нашарлығы, баланың сабағын, тәртібін бақыламауы ғана әсер етеді деп айту қиын. Өйткені кейбір осындай отбасынан шыққан бала жақсы оқиды әрі инабатты болады. Ал кей жағдайда, керісінше, «қиын» оқушының үлгілі отбасынан шығуы байқалады. Сондықтан біз әр «қиын» оқушыға жеке қарау технологиясын басшылыққа алдық.  
 
Сондай-ақ, отбасының көшіп-қонуы, баланың мектеп ауыстырып, ол мектепке үйренуі, сыныптағы балармен мен тіл табысуы оқушының үлгеріміне, тәрбиесіне сыныптық, мектепішілік, қоғамдық жұмыстарға қатысуына кедергі жасайтынын біздің бақылауымыз көрсетіп отыр. Осыған орай біз сынып жетекшілерінің осындай отбасы оқушыларына назар аударып, ол балаларға керекті, қолдан келер бар жағдайды жасап, қадағалауды жүктедік.  
 
Мектебімізде жылына екі рет «қиын» оқушылар арасында әдістемелік апта өткізіліп тұрады. Онда алдымен зерттеу жұмысы жүргізіледі. 
 
Мәселен, осы оқу жылының 2 тоқсанында зерттеу жұмысы 7,8,9 сыныптарда жүргізілді. Оған 87 тәрбиесі қиын оқушы қатысты. Сауалнама 8 сұрақтан тұрады, мысалы төмендегідей: 

Информация о работе Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұны