Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2013 в 18:31, лекция
«Қазақ әдебиеті тарихының» алтыншы кітабы ХХ ғасырдың басындағы әдеби даму заңдылықтарының басты ерекшеліктерін саралап көрсетуге, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың мұраларын талдап зерделеуге арналды.
Сонымен, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші - бесінші, алтыншы кітаптары тұтас бір дәуірдегі әдеби процестің ішкі-сыртқы заңдылықтарын сарлап көрсетеді де социалистік реализм әдебиеті алдындағы көркемсөз шежіресін қамтиды.
Кітаптың құрылымы "60-80
жылдардағы қазақ әдебиеті", "Поэзия",
"Проза", "Драматургия", "Сын
мен әдебиеттану" атты жанрлық
шолу тараулармен бірге "І.Есенберлин",
"Х.Ерғалиев", "Ж.Молдағалиев",
"С.Мауленов", "ТАхтанов", "Ә.Нүрпейісов",
"Қ.Мұхамеджанов", "Ғ.Қайырбеков,
"С.Жүнісов", "М.Мақатаев" "Қадыр
Мырза-Әли", "Т.Молдағалиев", "Ә.Кекілбаев",
"М.Мағауин", "Қ.Ысқақов", "Ш.Мұртаза"
сынды сол дәуірде үздік
Кіріспеде 60-80 жылдардағы әдеби процестің даму тенденциясы әдебиеттің көрнекті туындылары негізінде көрсетілген. Қазақ әдебиеті тарихының даму жолдарының ерекшеліктері, әдебиетке жасалған биліктің әр қилы ықпалы, заман мен қоғам, адам арасындағы байланыс сабақтастырыла қаралған.
Поэзия жанрына арналған
тарау өз ішінен лирика, поэма болып
екіге бөлініп зерттелді. Лириканың
заманның озық идеялары мен жаңалықтарын
танытуда ұшқарылық танытқаны, көркемдік
деңгейі жағынан жаңа сапаға көтерілгендігі
зерттеуде жете айтылды. Эпикалық жанрдың
өсу, өркендеу жолы тегіс болмағандығы,
оның себеп-салдары да сөз болады.
Қазіргі қазақ поэзиясының
Проза жанрының жедел өркендеуі көрнекті жазушылардың шығармаларымен айқындалды. Прозаның өзі өз ішінен әңгіме, повесть, роман (тарихи және осы заман романы) жанрлары бойынша зерттелді. Әңгіме жанрына қомақты үлес қосқан Т.Әлімқұлов, О.Бөкеев, Т.Нұрмағамбетов, Д.Исабеков т.б. жазушылардың шығармалары зерттеу нысанына алынды.
Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан",
Ә.Шәріповтің "Партизан қызы", Н.Ғабдуллиннің "Кестелі
"Осы заман романдары"
тарауында қазіргі өмір туралы
шығармалар бүгінгі күн
Бұл тұста қазақ драматургиясы
дәстүрлі жолын ары қарай
жалғастырып, сол дәуірдің талап-талғамынан
туған құнды
шығармаларымен толыққандығы да зерттеуде
жете айтылды.
Тарихи тақырыпқа жазылған Ш.Мұртаза,
О.Бодықов және бүгінгі
күн өмірінен алынған Т.Ахтанов, С.Жүнісов
пьесалары зерттелді.
О.Бөкей, Д.Исабеков, Н.Оразалин, А.Сүлейменов,
С.Балғабаевтардың пьесаларында әлеуметтік
құбылыстарды зерттеудегі шығармашылық
батылдық пен философиялық топшылаулар
кездесетіні, оқиға мен тартыс ұйымдастыруда,
бейне сомдауда өткенді қайталамайтын,
жаңаша, өзгеше бір ізденіс үрдістері
байқалатыны да баса айтылған.
Әдеби сын мен әдебиеттанудың мәселелеріне заман талабына сай жаңа пайымдаулар жасалып, тың пікірлер білдірілген. Бұл саладағы ізденістің өнімді болғандығы нақты мысалдармен көрсетілген. Шығармалары әлем тілдеріне аударылып, ұлттық әдебиетке қомақты үлес қосқан ақын-жазушылардың шығармашылық өміріне жеке-жеке тараулар арналды. Әрбір қаламгердің көркемдік ізденістері шығармаларға талдау жасау негізінде айқындалды. Олардың ұлттық мұрамызға қосқан үлесі сарапталып, қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны анықталды.
Ұжымдық зерттеуді жасауға қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері қатысқан.
10 том - тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихы.
"Қазақ әдебиеті тарихының"
бұл соңғы оныншы томы 1991-2001 жылдардағы
әдебиетке ғылыми сыпаттама
Бүгiнгi дербес Қазақстан - егемен мемлекет болуымен қатар, демократияшыл қоғам құрылысына кiрiскен ел. Бодандық қапасынан босанып, өз тағдырының кiлтiн өз қолында ұстау, еркiн тыныстап, ерiктi сезiну қай халық үшiн де - ұлы оқиға, қайталанбас дәурен, ғажайып құбылыс. Ежелден еркiндiк аңсаған қазақ қауымы үшiн бұдан өткен бақыт, қуаныш болмасқа керек. Әрқашан халқымен бiте қайнасқан көркем өнер өлкесiнiң өрендерi елiмен бiрге шаттық шабытына бөленiп, жасампаз творчествоға жұмыла бет қойды. Ұлы уақыт пафосы, ұлт өмiрiн жаңғырту рухы егілген көркем туындыларын үстi-үстiне толассыз жамыратып, әдебиетiмiздiң жаңа тарихын бастап та кеттi.
Қазақ әдебиеті тарихының
соңғы оныншы томы құрылымы жағынан
негізінен бұған дейінгі
Бұл томды жазу iсiне сақа әдебиеттанушылармен қатар, орта буын, жас зерттеушiлер қатыстырылды. Олардың iшiнде атап айтқанда, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Елеукенов ("Алғы сөз", "Кiрiспе", "Роман", "Повесть, хикаяттар"), жазушы, сыншы, "Қазақ әдебиетi" газетiнiң бөлiм меңгерушiсi Д. Рамазан ("Әңгiме"), филология ғылымдарының кандидаты С.Байжанов, әдебиетшi К.Бейсенбiқызы ("Деректi әдебиет"), филология ғылымдарының докторы А.Мархабаев ("Фантастика"), жазушы, оқытушы ғалым Ү.Уәйдаұлы ("Сатира"), филология ғылымдарының кандидаты Ә.Қайырбеков ("Лирика"), филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Нарымбетов ("Поэма", "Әдеби өмiр шежiресi", "Әдебиет көрсеткiшi" - 1991-1997 жылдар), ғылыми қызметкер А.Қалиасқарова ("Әдебиет көрсеткіші" - 1998-2001 жылдар), профессор Ә.Сығаев ("Драматургия"), филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Мамраев, филология ғылымдарының кандидаты С.Ананьева ("Қазақстан халықтары әдебиетi"), филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Тұрысбек ("Әдебиеттану"), филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Әбдезұлы ("Әдеби көркем сын"), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Маданова ("Қазақ әдебиетiнiң халықаралық байланыстары") секiлдi зерттеушiлер бар.
Информация о работе ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы