Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 17:22, реферат
Кіріспе: Адамның өзін өзі тәрбиелеуі және даралығын бағалай білуі.
Негізігі бөлім: а) Еркін болу құқығы
б) Жеке адамның еркіндік дәрежесі
в) Мәдениеттің адам өміріндегі орны мен рөлі
Қорытынды: Адам өмірінің мақсаты мен мәні
Тақырыбы: Еркін болу құқығы
Кіріспе: Адамның өзін өзі тәрбиелеуі және даралығын бағалай білуі.
Негізігі бөлім: а) Еркін болу құқығы
б) Жеке адамның еркіндік дәрежесі
в) Мәдениеттің адам өміріндегі орны мен рөлі
Қорытынды: Адам өмірінің мақсаты мен мәні
Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу
мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды
бөлігі болып саналады.Өзін-өзі тәрбиелеу
– адамның өз тұлғасын қалыптастыруға,
өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі
дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға
бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі
түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті.
Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің
құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі
дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.Өзін-өзі
тәрбиелеу өте ұзақ және адамның бүкіл
өмірі бойы жалғасатын процесс екенін
айта кету қажет.Өзін-өзі тәрбиелеу адамның
жеке «мендігін»- жүйелі түрде зерттеуін,
қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік
күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу
мектебі адамнан көптеген күш-қайратты
жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылықты,
өзіне деген сын көзбен қарауды талап
етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның рухани
қажеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс
істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор.
Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға
ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды бөлігі
- мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы,
ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың
білімдер байлығын, адамзат мәдениетін
игеруге тырыспай жан-жақты тәрбиелі және
білімді адам болу мүмкін емес.Өзін-өзі
тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады.
Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның
өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның
жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі
бағалау адамның өзін басқа адамдармен
салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай
салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де
өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық
процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен
бастап адам өзін басқа балалармен салыстырып,
зерттеп, мынандай сұрақтарға: «-Неге мен
осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?»,
«Өмірде мен қандай жетістіктерге жете
аламын?»-деген сұрактарға жауап іздеп,
өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге
тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі
тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға
мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған,
нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты
және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған
тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне
байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш
өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен
тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау
болып саналады.Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде
өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның
есінде өздерінің үлкен жетістіктерге
жеткен кездері жақсы сақталып қалады.
Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық,
күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін
байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе
алатынына сенімділік тудырады. Кейбір
өмірлік жағдайларда адам «өткенді ойлап»
осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын
еске түсіргені абзал.
Өзін-өзі бақылау – адамның өз іс-әрекеттерін,
психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін
түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл
адамға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста
болу іскерліктерін, басқа адамдардың
кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне
шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл
көмегімен адам шиеленіс жағдайларды
реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда
байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді
Еркіндік — адамның өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет
етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар
өз әрекетінің объективті жағдайларын
қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда
олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке
ие. Тұлға дегеніміз - индивид дамуының
қортындысы,адам қасиеттерінің неғұрлым
толық түрде іске асырылуы.Ал адам тұлғасының
басты қасиеті –еркіндік.Тұлға үшін еркіндік
иесі болу өмір сүрудің,дамудың ең қажетті
де басты шарты.Еркіндік-бұл танылған
қажеттілік..Тұлғаның мәндік сипаттамасы
бәрінен-бұрын өз-өзін тану,ерікжігер,мінез,
Тұлға бойында оның іс-әрекеті қызықты
болады,сондықтан ол қадам,қимыл субъектісі
болып табылады.Тұлға ұғымы индивидінің
әлеуметтік сапасын,оның бірегейлігінің,даралығының
өлшемін білдіреді.
Тұлға түсінігінің түбінде саналы ерік
бастауы жатады.Жеке тұлға болу-қиын.Жеке
тұлғалық болмыс – тынымсыз күш жұмсау
деген сөз.
Жеке адамның еркіндік дәрежесінің
артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу
үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның
әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі,
жалпы алғанда, қоғамның алға басуының
қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адам құқықтары - туылу кезінен пайда
болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары
мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс
жэне кез келген өзге құқықтың негізгі
түсінігі болып табылады. Олар азаматтық
құқықтар мен саяси бостандықтарды, экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтарды, сондай-ақ
қауымдар құқықтарын (балалар, әйелдер,
ұлттық азшылықтар, халықтар және т.б.)
қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің
өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін
(адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар
деп атайды) немесе белгілі бір игіліктерді
иемдену мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының
өзі болып табылады) қамтамасыз ететін
адамдар мен мемлекет қарым-қатынастарының
нормалары, қағидалары. Жеке адамның өмір
сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның
өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы мәдениет
ұғымымен анықталады.
Мәдениет – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет-философиялық ой-толғамның аса маңызды терең теориялық мәнді ұғымдардың бірі. Мәдениеттің нақтылы-тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді. Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Мәдениеттің мазмұндығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Мәдениет субьектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологгиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп отырады. Мәдениет көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі. Өркениеттіліктің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау блып табылады, мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды қамтиды. Табиғи ортаны игері, қоғамды жетілдіру мәдениет пен өркениеттілік деңгейін көрсетеді. Олай болса, бұл — өркениеттілі пен мәдениет өзара тығыз байланысты және бір обьективті негізде дамиды. Мәдениет – адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс. Оның екі түрі бар: бірі – материалдық жасанды дүние, екіншісі – рухани дүние. Біріншісіне – үй, өндіріс, киім-кешек, екіншісіне – қисса, ертегі, өлең-жыр, діни ғылыми ұғымдар жатады. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Адам ерекше,бірегей,қайталанбас қасиеттеріне қатысты дара құнды жаратылыс.
Адам өмірінің мақсаты
мен мәні.Бұл түсініктерді біржақты анықтау қиын.Эпикурлықтар
өмірдің мәні өз қажеттіліктерінді қанағаттандырып,биологиялық
және рухани тіршілігіңді қамтамасыз
етіп,қуану деп пайымдады.Бұларды қоятын
болсаң онда сен жоқсың,ешқандай қайғыру
да,ешқандай құштарлану да болмайды.
Өмірдің мәні өмірдің өзінде.Адам өмірі
- өзінше құнды.Өмірді бағалап,сүйіп,оны
өзгелер үшн де жақсарта түсуге ұмтылу
керек.Ғұмырдың мәні туралы тек өз өміріңді
емес,өзгелердің өмірін де құрметтеген
кезде ғана айтуға болады.Адамның әлеуметтік
мәнінен әрбір адамның өз қабілеттерін
жан-жақты жамытып,өз мүмкіндіктерін жүзеге
асырып,қоғамдық процеске,оның мәдениетіне
жеке үлесін қосуы қажеттігі дәйектеледі.
Біздің қоғамымызда ақиқат жолымен
өмір сүруге ұмтылатын адамдар санының
артуы ағымы байқалады.Мұндай құбылысты
ақиқат жолына ұмтылып отырудың адамның
түп табиғатында жататынын ескеріп,оны
бірте-бірте үдете дамыта беруге болады
деуге негіз бар.Адам үшін өзінің әділетпен
өмір сүріп жүргенін сезіну үлкен құндылық
болып саналады.Адам жеке тұлға ретінде
өз істері арқылы көрінеді де,халықтың
жанында тек ақиқат жолында, ғұмыр кешіп,ақиқат
жолында жасап,ақиқат жолында әрекет етуші
ретінде ұзақ сақталып қалады.Әрине,әрбір
адам өз өмірінің мәнін, мақсатын,құндылығын
өзі айқындайды.Әрбір индивидтің әр кезеңдегі
өмірдің мақсат-мәнін түсінуі бірдей болмайды,ол
өзгеріп отыруға икемді келеді. Жалпықоғамдық
адам құқы декларациясының 25-бабында:
Әрбір адамға азық-түлікті,киімді,баспананы,