Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 11:45, реферат
Құрметті оқырман, қаһарлы қаңтармен қабаттасып сіздерге Тіл полициясы ішінен «Сыни көзқарас» айдары жол тартты.
Айдардың мақсаты – өнер саласындағы кәсіби мамандардың, өз «асханасына» қанық жандардың ой-пікірін сіздерге жеткізу. Өзекті деген сұрақтарды қоя отырып, мамандардың көзқарастарымен бөлісу. Өнерге сын БАҚ беттерінде шашыраңқы болғандықтан «Сыни көзқарас» айдарын ашып, алуан саланың пікірін топтастыруды ұйғардық. Әр ашық әңгімелесуден кейін «Сұхбаттан соң...» атауымен түйін беріліп отырады.
Бүгінгі теледидар «есалаңдар» көзімен
Құрметті оқырман, қаһарлы қаңтармен қабаттасып
сіздерге Тіл полициясы ішінен «Сыни көзқарас»
айдары жол тартты.
Айдардың мақсаты – өнер саласындағы
кәсіби мамандардың, өз «асханасына» қанық
жандардың ой-пікірін сіздерге жеткізу.
Өзекті деген сұрақтарды қоя отырып, мамандардың
көзқарастарымен бөлісу. Өнерге сын БАҚ
беттерінде шашыраңқы болғандықтан «Сыни
көзқарас» айдарын ашып, алуан саланың
пікірін топтастыруды ұйғардық. Әр ашық
әңгімелесуден кейін «Сұхбаттан соң...»
атауымен түйін беріліп отырады.
Алғашқы қадамды «қоғамның айнасы»
телевизиядан бастадық. Телеарнаның жұмысын
меңгерген, қыр-сырына қанық, практик телемамандармен
сұхбат жүргізетін боламыз.
Тақырыпқа таңғалмаңыз! Атаудағы «есалаңның»
есалаңнан айырмашылығы жер мен көктей.
Оған сұхбат барысында куә боласыздар.
Сонымен, айдардың алғашқы қонағы кәсіби
тележурналист Ұлдай Ділімбетқызы Ибадуллаеваның
пікіріне назар аударалық.
1. Қай арнаны, қай бағдарламаны
көбірек қарайсыз?
Отандық телеарналардың жаңалықтарын,
қолым қалт еткенде «Қазақстан» арнасын
қарауға тырысамын.
2. Жас тележурналистердің кәсіби
шеберлігін қалай бағалайсыз? Қазіргі
заман талабына сай қосқан үлесі қандай?
Ерекше көзге түскендерін атасаңыз...
Отандық телеарналар сахнасына еркін
ойлы, жігерлі, тәкаппар жастар шоғыры
шықты. Олар ана тілдің лексикалық қорын
байытып, ресми ақпарат тіліне жеткізіп,
қазақтың жаңа дәуірдегі телевизия тілін
қалыптастыру үстінде. Әлемдік тележурналистикада
алда, біздер үшін кенже қалған репортаж
жанры қалт-құлт етіп, даму үстінде. Жас
журналистер жаңа форматта батыс стандартты
игеріп келеді. Жаңалықтарда озық ойлы
жүйріктер – Қанат Әуесбай, Мұрат Есжан,
Назым Дәулетбаққызы, Айнұр Омар, Аида
Боранбай, Нұрбол Бекбау, Илхам Ибрагимов,
Алмат Әбдіраман секілді жастар. Бірақ
оларға «бірнеше тілді қатар меңгеріп,
энциклопедиялық білімі тереңдеу және
батыл болса» деген тілек тағы бар.
3. «Жаңалықтар» қызметінде көптің
көкейінен шыққан сараптау бағдарламаларының
қайсысының бәсі биік?
«Астана»-ның «Күнделік», «Жетінші»-нің
«Нысана», «Хабар» агенттігінің «Таразысы»,
КТК-ның «Астарлы ақиқаты», «Алматы» -
ның «Тіл сақшысы» көпшіліктің көңілінен
шыққан талантты жастардың ұжымдық табысы.
«Тіл сақшысы» хабары «аюға намаз үйреткендей...»
нысанаға алғанын орындатпай тынбайтын
өткір бағдарлама болатын. Осындай хабар
үлкен арналарда, аймақтық жергілікті
теледидарларда болса, тіл жыртығының
біраз жамауы жамалар еді. Алматылықтарда
қалыптасқан пікір осы. «Астарлы ақиқатта»
Дина ақпаратты тілшілердің қолы жете
бермейтін жабық көздерден іздейді, табады,
дәлелдейді. Демократия үстемдік ететін
мемлекеттерде айғақтаушы журналистерді
«разгребатели грязи» деп атайды. Ақиқат
астарын қақыратуға бет алған еуростандартқа
тән өсек-аяң стиліндегі бағдарлама қалыптасып
келеді. Бірақ Дина ұлттық мінезімізбен
үндеспейтін кейбір жат көріністерді
жариялаудан тайсалмайды. Жаһандану үрдісіне
ілескен ел теледидарының батыс стандартына
көшуі құптарлық.Телевизия –уақыт ырғағымен
тез өзгеріп, құбылып отыратын өнер. Бұл
– заңдылық. Әлемдік теледидардың жаңа
үрдістерін, әдіс-тәсілін игеруге ұмтылған
Арманкүл,Шынар, Дина мен Бақыт Шойымбекова
командасы –тәуекелшіл, батыл жастар.
Олар бағдарламаларында төзімділікпен
еселеп еңбек етті. Жастар әлемдік ТД*-дың
сатысында жұртпен қатар тұруы керек.
4. Ресейлік «НТВ», «ОРТ» тілшілері
қандай батыл, өткір деп мойындаймыз, біздер
неге сондай дәрежеге жете алмаймыз?
Ресейлік деңгейге жету көптеген факторларға:
эфир ауқымына, саяси үрдістерге, ұлттық
мінезге, бастысы идеялар мен қаражатқа
тәуелді. Және бұл – телевизиялық мектеп.
Отандық арналар ұжымының 80 пайызын жастар
құрайды. Тәжірибемен келетін бұл кәсіпті
игеруге уақыт пен шеберлікті шыңдайтын
мектеп керек. «Қазақ теледидарында» білгір,
атақты тұлғалар болды. Отандық телевизияның
шеберханасында шыңдалған, дәстүрлі мектептің
тәрбиесін көргендер ТД-дан 2002 жылы біржола
аластатылды. Ал олар жастарға дәстүр
сабақтастығы, ұрпақтар жалғастығын тапсыра
алмады.
Енді сауалға оралсақ. Бүгінгі Ресей БАҚ-ы
Путин саясатының құрсауында қалды. Сөздері
от өшіретін Виктор Шендирович, Евгений
Киселев секілді орыс мұжығының қамын
күйттейтін «көкжал» телетұлғалар жоқ.
Біздің бағдарламаларда басты кемшіліктердің
бірі – бірінші кадр. Бұл – кез келген
хабардың ең маңызды жанды жері. Ол – көрермен
назарын ұстап отыратын ілмек іспетті.
Оны іске асыратын режиссер екені даусыз.
Отандық теледидардың тағы бір ортақ кемшілігі
– кәсіпқой қоюшы-режиссер мен операторлардың
тапшылығы. Режиссер жұмысы екінші орында
қалады, сондықтан да телеарналар редакторлық
деңгейден ары аспайды. Режиссерлердің
тарихи сана мен ұлттық мәдениеттану көзқарасы
дүбәра, білгірлері батысшыл келеді. Ресей
арналарында жүзден жүйрік талантты таңдап,
инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылған.
Олардың командасында ұжымдық, идеялық,
орыстық, отаншылдық, мақсаттық «жұмыла
жүк көтеру» ниеті басым. Ақпарат беруде
жылдамдық жолға қойылған. Қысқасы, әркім
өз жұмысымен айналысады. Айырмашылық
осы. Біздің ТД-да шалағай тілшілер қарасы
қомақты. Бұл мәселеде тәжірибесіз журналистке
мін таға беру де әділетсіздік болар. Отандық
телевизияда жұмыс істейтін журналистке
қандай жағдай жасалады? Тұрмысы қандай?
Олар ақты ақ, қараны қара деп айтуға құқы
бар ма? Алдымен құрылтайшының «шаш ал
десе, бас алатын» телебастықтары арнаның
саясатын тықпалап,әлеуметтік көлгірлікті
мадақтауға мәжбүрлейді. Қай арна болмасын
шектеулер бар. Алайда мемлекеттік арнада
да «қалауын тауып, қарды жандыруға» болар
еді. Шеберлік деген қиюы келмейді деген
сөз емес.
5. Теледидарда тіл тазалығы,
сөз этикеті қандай деңгейде сақталып
отыр?
Бүгінде «қазақша сөйлейік» деп зарлаудың
күні өтті, «тіліміздің ғажаптығын, кереметтігін»
дәріптеу дәуірі туды. Тілдің тұнықтығын,
тазалығын сақтап қалу маңызды, әрі бәрінен
маңыздырақ. Сондай-ақ әншілер жүргізетін
ток-шоу, ойын-сауық, сазды бағдарламаларда
тіл тазалығы, сөз этикеті сақталмайды.
Сөз этикеті тек сыпайы мәдениетті сөйлеу
деген мағынада емес, адамдар арасындағы
қарым-қатынасқа ұйытқы болатын тұрақты,
жағымды сөздер. «КТК»-ны тентек Нартай
Аралбайұлын көру үшін қараймыз деген
мақтауды естідім. Бұл жас журналист үшін
шексіз марапат. Нартайды көрерменнің
«тентек» деген «мақтауы» тілшінің сөйлем
мүшелерінің орнын түгел ауыстырып, тілге
инверсияны төпелеп сіңіріп жүргендігін
меңзейді. Инверсия бүкіл арналарда жаңалықтар
тіліне сіңіп барады. Қазір арналарда
ойын-сауық және қазақстандық аралас тілді
сериалдар жүріп жатыр. Бұл – тілге қауіпті.
6. Телеарналарда әнші, актерлер
журналистерді ығыстырып барады. Отандық
арналардағы жүргізушілерден кімді кәсіби
деңгейге көтерілген тұлға деп бағалайсыз?
Ойын-сауық, ток-шоу, әзіл-оспаққа құрылған
хабарлардың басты олқылығы – жүргізушілер
ауқымды тақырыпты игеруге дәрменсіз.
Әнші Мөлдір Әуелбекова жүргізетін «Менің
елім» ток-шоуында Мұрат пен Қаракөз әнші-актер
«жұлдыздардың» ербеңдеген қолдарын,
жасанды сөз саптауын, мағынасыз сауалдарын
сауатты көрермен қабылдай алмады. ТД-дың
абырой-беделін көтеріп жүрген Әйгерім
Сейфолла, Нәзира Бердалы, Жәзира Сәйдеш
– әрқайсысы өзінше дара, жүрекке жетер
сөз айта алатын журналистер. Қыздар отандық
телеарналарда сұхбат-портрет жанрын
қалыптастырып келеді. Яғни, сұхбат-портрет
жанрының мақсаты – кейіпкердің сөзімен
кейіпкер портретін жасау, оның болмысын
толықтай ашу. Жанрдың қиындығы, оның әлеуметтік-психологиялық
және эмоционалдық сипатқа ие екендігінде.
Бұл мақсатты қыздар ойдағыдай атқарды.
Экранға күзде жол тартқан тағы бір жаңа
бағдарлама – «Айтуға оңай...» ток-шоуы.
Тележобаның басты жетістігі – Бейсен
Құранбектің таңдалғандығы. Пікірталаста
журналист әңгіме барысын бақылап, студиядағы
кейіпкерлерге бірдей зейін қою және әңгіме
ағынын уыстан шығармау сияқты талаптың
тізгінін ұстай біледі. Бұл ток-шоуда хабардың
«бас киімі» – компьютерлік пішіндеу
мен дыбыстық безендіру жұтаң жасалған.
«Айтуға оңай...» сөзінің экранда жазылуы
талғамсыз, жазу көрерменді хабарға шақырмайды.
Отандық арналарда жүргізушілер неліктен
тұлға болып үлгірмейді? Айталық «Апта
КZ» шолуының жүргізушілері басшылармен
бірге ауысып отырады. Есболат Айдабосынның
сөзі ширақ, апталықты жақсы жүргізеді.
Бірақ оның айтқанына халық сенбейді.
Әлемнің әйгілі теледидарлары ел үшін
аса маңызды саяси хабарлар мен ток-шоуларды
жүргізуді «жігіт ағасы» биліктің қателігін
дәлелдеп, әділ сөз айта алатын кәсіби
әккі білгірлерге тапсырады. Олармен мемлекет
басшылары да, халық та санасады.
Бізде жабық тақырып аз емес. Жүргізушілер
көрерменнің аңсағанын айта алмайды. Сондықтан
халық оларды тұлға деп мойындамайды.
Яғни, ол журналистке сұраныс жоқ деген
сөз. Қазақта білікті, деңгейі биік, батыл
телетұлғаға лайықты кәсіби тележурналистер
болды. Олар – Иманбай Жұбай, Әлішер Сүлеймен,
Дархан Әбдік, Серік Сарыбай, Берік Уәли,
Досан Қызайбекұлы. Бұлардың ешқайсысы
қазір теледидар көкжиегінде көрінбейді,
алайда оларды көрермен ұмытпайды.
7. Отандық телеөндірістің сапасын
ресейлік «Gallup Media» компаниясы бақылайды.
Олардың қазақтілді бағдарламаларға төрелік
айтуға құқы бар ма? Неліктен бағдарламаларға
сын айтылмайды?
«Gallup Media»-ның құрылтайшысы – «TNS Gallup MediaAsia».
Ол – халықаралық коммерциялық алпауыт.
Олардың шаруасына Мәдениет және ақпарат
министрлігі де араласа алмайды. «Ақша
сөйлеген жерде ешкім сөйлемейді» деген
дұрыс шығар. Отандық телеөндірістің дәрежесін
өлшейтін «Gallup Media» жыл басында телеарналардың
рейтингісін жариялап, орыстілді хабарларды
көш басына шығарып береді. Осылайша ана
тілдегі бағдарламаларды «көрмейді» деп
қазақша хабарларды жалмап келді. Ал елдегі
тәуелсіз, коммерциялық арналар орыстың
экраннан өтіп кеткен күл-қоқысы аралас
кино, ойын-сауық «бірдеңелермен» экранды
толтыра береді. Ақпараттық қауіпсіздігімізге
кім кепіл? Біз білмейтін сауал көп... Бірақ
біз білетін ақиқат – қазақтілді хабарларға
сұраныс күн санап еселеп өсе береді. Сондықтан
алдымен өзімізді жөндеп алуымыз керек.
Үлкен арналардың ел өмірінен алшақтығы
халықты тәуелсіз арналарды таңдауға
мәжбүрлейді. Тәуелсіздер қатарын ғаламтордағы
«К+» «Қазақстан жаңалықтары» толықтырды.
Бұл арнаны жастар өте көп көреді. «К+»-ті
көріп отырып өз еліңнен безіп кеткің
келеді. Осылайша бір арна көрерменді
«жұмақта», енді бірі «тозақта» тұрғызады.
Телеарналардағы хабарлар туралы сын
ортақ пікір алысатын, ой бөлісетін бірде-бір
газет немесе радио хабарлар таратылмайды.
Сондықтан бағдарламалардың жақсы мен
жаманын ажыратып, жүйелі айтатын тәуелсіз
мамандар көзқарасы қажет деп ойлаймын.Сынның
айтылмауының басты себебі – сынды көтере
алмаймыз.
8. Психолог-ғалым Кэвин Датонның
«Есалаңдардың данышпандығы» кітабында
алғашқы орындарда тележурналистер тұр
дейді. Сіз бұл пікірге қалай қарайсыз?
ТД-да санаулы «есалаңдар» болады, қалғандарының
жүгін солар көтереді. Әрине, олар өз терісіне
«сыймайды». «Есалаңдар» ел сойылын соғады
әрі перзенттік парызын терісімен өтейді.
Осылайша халықтың ықыласына, махаббатына
бөленеді. Бүгінгі қазақ ТД-ы Кэвин Датон
мырзаның «Есалаң данышпандарына» аса
зәру...
Құрметті оқырман, келесіде
«Алматы» телеарнасы Бас директорының
бірінші экс-орынбасары, кәсіби тележурналист
Серік Әбікенұлы Сарыбаев мырзамен жүргізілген
сұхбатты оқитын боласыздар!
Айдарды жүргізіп, сұхбаттасушы
Балғын Әділбаева
*ТД - теледидар