Бала устазы ана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 15:30, реферат

Краткое описание

Біздің балаларымыз өте жақсы аталар мен аналар болып өсулері керек. Бірақ бұл аз. Біздің бабаларымыз « Дұрыс тәрбиелеу - біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу бұл біздің болашақ көз жасымыз бен сорымыз, біздің басқа адамдар алдындағы, Отан алдындағы айыбымыз» - деген болатын. Ата-аналар өз балаларын дұрыс тәрбиелесе, өзін бақытты кәрілікпен қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

абала устазы ата ана.docx

— 16.79 Кб (Скачать документ)

Баланың бас ұстазы – ата-ана

Бала тәрбиесінде  ата-ананың  орны  ерекше.  Біздің қазақта «Бақытыңды  басқадан емес, балаңнан ізде »- деген даналық сөз бар.

Біздің балаларымыз  келешектегі  аталар мен аналар, олар да  өз балаларын тәрбиелейтін болады.

Біздің балаларымыз өте жақсы аталар мен аналар болып өсулері керек. Бірақ бұл аз. Біздің бабаларымыз « Дұрыс тәрбиелеу  - біздің қуанышымыз, ал  нашар тәрбиелеу бұл біздің болашақ  көз жасымыз бен сорымыз, біздің басқа адамдар  алдындағы, Отан алдындағы  айыбымыз» - деген болатын.  Ата-аналар  өз балаларын дұрыс тәрбиелесе, өзін бақытты  кәрілікпен қамтамасыз етеді. Егер ата-ана бала тәрбиелеу жұмысына  көңіл бөлмей, немқұрайды қарайтын болса, кәрілігі қайғы мен сордың құрсауында  қалады. Демек, бала тәрбиесі  адам алдындағы  ең күрделі де ардақты жұмыс. Бірақ ата-аналар балаларын  тек өздерінің  ата-аналық мерейі үшін тәрбиелеп қана қоймайтындығын үнемі есте ұстауы қажет.

Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан  басталады.Ата-ананың баламен  жасайтын қарым-қатынасының үлкен  тәрбиелік мәні бар. Әсіресе,отбасындағы ата мен ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие.Мәдениетті отбасындағы ерлі-зайыпты  кісілердің  бір-біріне айтқан игі ниеті,кішіпейілділігі,отбасы қажеттілігінен туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.

Бала тез еліктегіш,иланғыш болғандықтан, жаман қылықтарды да тез үйренеді.  Отбасындағы ерлі-зайыптылар отбасындағы жарамсыз сөздердің, қатынастардың бала тәрбиесіне үлкен нұқсан келтіретіндігін  айтпай кетуге болмайды.

Отбасы жағдайында балаларды әкесі мен шешесі ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен қатар отбасының басқа мүшелері де   тәрбиелейді. Сол үшін барлық отбасы мүшелерінің балаға қоятын талабы алдын ала ойластырылып алынғаны жөн. Егер әкесі баладан бір жұмысты талап етсе, ал шешесі оны қуаттамаса, балада әке-шешесіне  жалған қатынас пайда болады. Баланың мінез ерекшеліктерінің  қалыптасуына  және оларды тәрбиелеуге  ата-ананың басқа кісілермен қарым-қатынасы да күшті әсер етеді. Соның үшін ата-ана өзінің айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен  қарауы керек. Баланың мінез ерекшеліктерінде кемістіктерді болдырмау үшін  отбасы тәрбиесінде  оны тым еркелетпей, ұрып-соғып жазаламай ата-аналық мол мейіріммен , оның барлық қимыл әрекеттерін  терең талдай  отырып, жарамды қылықтарын  айрықша атап көрсетуден жалықпау керек.

Әрбір ата-ана өз баласының  мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге басқа кісілердің балаларындағы  жарамсыз  қылықтарды  сезе қалған  жағдайда, оларға да өз баласындай  көңіл аударып жәрдем бергендері жөн.

Баланың мінез ерекшеліктерін  қалыптастыруда отбасындағы еңбек тәрбиесі  айрықша орын алады. Еңбектің барлық түрі баланы қызықтыра бермейді. Соның үшін, балаға тапсыратын  жұмыстар  олар атқаратын істердің мазмұнына қарайлас болғаны абзал. Отбасындағы  еңбек тәрбиесін  баланың сәби  кезінен-ақ  бастау керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың  ойын үрдісін еңбекке тәрбиелеумен ұштастыра  отырып жүргізген дұрыс.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты үрдіс. 
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді


Информация о работе Бала устазы ана