Ана тілім –өмірімнің айғағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 21:12, творческая работа

Краткое описание

1-жүргізуші: Гректің ұлы ақыны Демосфеннің: «Құр сөздің ғұмыры қысқа» дегеніндей, тілімізді барынша байытып, көркем сөйлеуге тырысуымыз керек, ол үшін мақал – мәтелдерді өмірде жиі қолданған жөн.
Келесі «Тұрақты сөз тіркестері» бөлімінде өздерің білетін тұрақты сөз тіркестері жайлы білімдеріңізбен сайысқа түсесіздер. Ендеше мен әр топқа кезек-кезек тұрақты сөз тіркесін оқимын, сендер нені білдіретінін айтуларын керек. Бір топ жауап бере алмаса, келесі топқа жауап беруге рұқсат.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ана тілім-өмірімнің айғағы сыныптан тыс сабақ.docx

— 23.92 Кб (Скачать документ)

Сабақтың тақырыбы : « Ана тілім –өмірімнің айғағы »

Сабақтың мақсаты: Оқушының білімге  деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту .

Сабақтың міңдеттері:

      1.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы сөйлеу тілін дамыту.

      2.Оқушылардың  сөздік қорларын дамыту.

      3.Ұйымшылдыққа ,достыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар : интерактивті тақта,нақыл сөздер, суреттер.

Сабақтың түрі : Сайыс сабақ

                                     Барысы :

1.Ұйымдастыру

2.Кіріспе сөз

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! 
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. 
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, 
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. 
2-жүргізуші:Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. 
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, 
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. 
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы, 
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, – демекші, «Ана тілім – өмірімнің айғағы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 

Әдеби монтаж 
1-оқушы: Даяна 
Ана тілі, баба тілі, бақ тілім, 
Сенсің менің қуанышым, шаттығым. 
Сенсің менің тазалығым, пәктігім. 
Сенсіз бақыт дүниеде тапты кім?!

2-оқушы: Камила 
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін! 
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін. 
Тіл туралы Заңым енді күшіне, 
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

3-оқушы: Ажар 
Қуан, бабам! Қуаныштың күні бүгін! 
Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар» 
«Халық жауы» атандың-ау сол үшін, 
Ғұмырыңды құрбан етіп жолында.

4-оқушы: Айша 
Қуан, анам! Ұзағынан сүйініп, 
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп. 
Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді 
Пір тұтамын мен алдына иіліп.

5-оқушы: Айдана 
Қуан, балам! Туған тілдің киесі 
Жебеп сені болғанына иесі. 
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс, 
Дүниеде тіршіліктің жүйесі!

1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын, оқушылардың білімі мен өнерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болайық: 
 
Енді осы сайысқа қатысушы топтармен танысайық. Әр топ өздерінің атауын, ұранын айтады.

I- топ. «Жалын»

II- топ  «Қыран»

Жүргізуші: Біздің сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. 
1. «Бәйге» 
2. «Полиглот» 
3. «Мақал – сөздің мәйегі» 
4. «Тұрақты сөз тіркестері» 
5. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле»

 

1-жүргізуші: Ал, дайын болсаңдар, бастайық! Екі топқа сұрақтар беріледі. Сұрақтарға  неғұрлым тез, әрі дұрыс жауап беруге тырысуларың керек.

1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырылады.

Бәйге сұрақтары: 
1-топқа: 
1. Өнер алды не? (қызыл тіл) 
2. Ең бірінші бақытым … (халқым) 
3. Үш биді ата (Төле, Қазыбек, Әйтеке) 
4. Тілдің ең негізгі қызметі? (сөйлесу, қарым-қатынас жасау үшін) 
5. «Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады? (сын есім) 
6. Ашу дұшпан – … (ақыл дос) 
7. Қазақта топ аттылар жарысы қалай аталады? (бәйге) 
8. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы? (құран)

2-топқа: 
1.Үш бәйтеректі ата.( С.Сейфуллин Б.Майлин ,І.Жансүгіров )

 2. Құрғақ сөзіне қарама-қарсы сөз. (ылғал) 
3. Бір топ аттылар тартыспағы қалай аталады? (көкпар) 
4. Мұсылмандардың қасиетті үйі? (мешіт) 
5. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл) 
6. Абайдың туған жылы (1845) 
7. «дала жұлдызы»әңгімесінің басты кейіпкері? (Ыбырай) 
8. Тәуелсіздікті қай жылы алдық? (1991)

 

2-жүргізуші: Өте жақсы! Сайысымызды жалғастырсақ. Келесі «Полиглот» бөлімінде мен әрбір топқа жұмбақ жасырамыз. Сол жұмбақтың шешуін тауып, шешуін орыс және ағылшын тілдеріне аударулары қажет. Сөздерді үш тілде атау қажет. Сөздерді үш тілде бірдей атай алмаса, жауап есептелмейді. Келесі топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі, жауабын дұрыс айтса ұпай осы топқа беріледі. 

1.Көз қорқақ, не батыр? (қол – рука – hand) 
2. Аяғы жоқ, қолы жоқ. 
Шиыр-шиыр жолы көп. 
Өзі сөйлей білмейді, 
Салған ізі сөйлейді (қалам – ручка – pen) 
3. От басында құмған, екі көзін жұмған. (мысық – кот – cat) 
4. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз – глаза – eye) 
5. Сылдыр сұйық, су емес, 
Ішсең сусын қанады. 
Ақ болса да қар емес, 
Шешуін кім табады? (сүт – молоко – milk) 
6. Асқар тауда қара орман (шаш – волосы – hair) 
7. Жылт-жылт еткен, 
Жырадан өткен (су – вода – water) 
8. Қабат-қабат қаптама, 
Ақылың болса, аттама (кітап – книга – book)

 

2-жүргізуші: Келесі бөлім «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Бұл бөлімде параққа жазылған мақалдың бірінші жартысы беріледі, екінші жартысын өздері табулары керек. Артынан құраған мақалдарыңды оқып берсеңдер. 
1-топқа: 
1. Отансыз адам, – ормансыз бұлбұл. 
2. Туған жердің қадірін, шетте жүргенде білерсің. 
3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 
4. Көп тыңда, аз сөйле. 
5. Денсаулық – зор байлық. 
6. Ақыл азбайды, білім тозбайды. 
7. Тіл – тас жарады, 
Тас жармаса, бас жарады. 
8. Ата көрген оқ жонар, 
Ана көрген тон пішер. 
9. Сабыр түбі – сары алтын. 
10. Ел іші – алтын бесік.

2-топқа: 
1. Ырыс алды – ынтымақ. 
2. Еңбек түбі – береке. 
3. Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
4. Өнер алды – қызыл тіл. 
5. Жеті жұрттың тілін біл, 
Жеті түрлі білім біл. 
6. Ерді намыс өлтіреді, 
Қоянды қамыс өлтіреді. 
7. Бірлік болмай, тірлік болмас. 
8. Дос жылатып айтады, 
Дұшпан күлдіріп айтады. 
9. Көре-көре көсем боласың, 
Сөйлей – сөйлей шешен боласың. 
10. Оқусыз білім жоқ, 
Білімсіз күнің жоқ.

 

1-жүргізуші: Гректің ұлы ақыны Демосфеннің: «Құр сөздің ғұмыры қысқа» дегеніндей, тілімізді барынша байытып, көркем сөйлеуге тырысуымыз керек, ол үшін мақал – мәтелдерді өмірде жиі қолданған жөн.

Келесі «Тұрақты сөз тіркестері» бөлімінде өздерің білетін тұрақты сөз тіркестері жайлы білімдеріңізбен сайысқа түсесіздер. Ендеше мен әр топқа кезек-кезек тұрақты сөз тіркесін оқимын, сендер нені білдіретінін айтуларын керек. Бір топ жауап бере алмаса, келесі топқа жауап беруге рұқсат. 

1. Тайға таңба басқандай (анық) 
2. Көз салды (қарады, байқады) 
3. Қас пен көздің арасы (жақын) 
4. Көзді ашып-жұмғанша (жылдам) 
5. Екі көзі төрт болды (алаңдау) 
6. Таяқ тастам жер (жақын) 
7. Ит арқасы қиянда (алыста) 
8. Ит өлген жер (алыс)

Жүргізуші: Соңғы бөлім «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле». Әр топқа 3 әзіл сұрақтан қоямыз. Осы сұрақтарға сендер мақалмен жауап берулерің керек. 
1-топқа: 
1. Ер неше рет өледі? (Ер бір рет өледі) 
2. Адамның қай дене мүшесі батыр, қай дене мүшесі қорқақ? (Көз – қорқақ, қол – батыр).

3. Түкіріктен көл құрала ма? (Көп түкірсе – көл)

4.Қыз бен ұл кімдерге  қарап өседі ?

5.Дос пен дұшпанның  іс-әрекеті 
 
2-топқа: 
1. Кімнің құлағы елу? (Ел құлағы елу) 
2. Ердің қанаты бар ма? (Ер қанаты – ат) 
3. Сөз көмірге, алтынға айнала ма? (Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын)

4.Балалы, баласыз үй қандай болады ?

5.Ауруын жасырған дұрыс  па ? 

Жүргізуші: Өте жақсы! Сайыскерлеріміз сайысқа жақсы дайындалып келіпті. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.

 

 

 

 


Информация о работе Ана тілім –өмірімнің айғағы