Корреляциялық регрессиялық мемлекеттік қарызды, бюджет тапшылығын0 болжау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 09:10, курсовая работа

Краткое описание

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғамның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады және оның бюджетке деген рөлін қарастырамын. Экономиканы реттеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да реттеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе



1. Мемлекеттің экономикадағы рөлі
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу
1.2 Мемлекеттік қарыз немесе сыртқы борыш


2. ҚР Бюджеті және мемлекеттік қарыз көрсеткіштеріне талдау


3. Корреляциялық регрессиялық мемлекеттік қарызды, бюджет тапшылығын0 болжау




Қортынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

ГРЭ(Автосохраненный2).docx

— 174.27 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Жоспар

 

 

Кіріспе

 

 

 

1. Мемлекеттің экономикадағы рөлі

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу

1.2 Мемлекеттік қарыз немесе сыртқы борыш

 

 

2. ҚР Бюджеті және мемлекеттік қарыз көрсеткіштеріне талдау

 

 

3. Корреляциялық регрессиялық мемлекеттік қарызды, бюджет тапшылығын0 болжау

 

 

 

 

Қортынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғамның негізгі  буыны болып табылады. Өз кезегінде  мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады және оның бюджетке деген  рөлін қарастырамын. Экономиканы  реттеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.

Экономиканы мемлекеттік  реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын  экономикалық саясаттың жасалуына  тәуелді болады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да реттеуді қажет етеді.

Ал бүгінгі еліміздің  аяғынан нық тұра бастаған кезеңде  экономиканы мемлекеттік рететудің  жаңа формалары мен әдістерін  жүргізудің маңыздылығы туындап  отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар  мен Жолдаулардың негізінде болып  отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын  ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы  реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар  мен даму жолдарын мемлекеттік рететудің  рөлі орасан зор болып табылады.

 «Экономиканы мемлекеттік реттеу процессіндегі мемлекеттік қарыздың рөлі » деп бүгінгі таңдағы еліміздің борышын көтеріп отырмын.

Тақырыпты орындаудағы мақсат пен міндеттеріме келесілер жатады:  Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру, қала құрылысы, заводтар салу және т.б. экономиканы мемлекеттік рететудің қажеттігі аса маңызды боп татабылады. Сыртқы қарыздардың көбеюі кері экономикалық салдарға әкеледі. Мұның өзі экспорт пен импорттың арақатынасына, ұлттық валютаның курсының өзгеруіне отандық экономиканың дамуының тежелуіне әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Экономиканы  мемлекеттік реттеу

Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне  тән кемшіліктерді мемлекет экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті. 

Мемлекеттік реттеудің келесідей  түрлері бар:

    • Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
    • Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі нұсқасы;

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің басты үлгілері:

    • Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
    • Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:

  1. Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан;
  2. Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарын келісім-шарт жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;
  3. Әкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау шараларымен айналысады.
  4. Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатына және ұлттық экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.

Ал экономиканы мемлекеттік  реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең тараған:

    • Ұлттық қорғаныс;
    • Фундаменталды ғылым;
    • Космостық зерттеулер;
    • Денсаулық сақтау;
    • Қала құрылысы, заводтар салу;
    • Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;
    • Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;
    • Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
    • Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;
    • Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің мақсаттары келесідей:

  • Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
  • Бәсекелік ортаны барынша қолдау.

Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:

  1. Экономикалық өсім;
  2. Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;
  3. Бағаның тұрақтылығы;
  4. Сыртықы экономикалық тепе-теңдік.

Экономиканы мемлекеттік  рететуде негізгі субъект мемлекеттің  өзі болып табылады, ал реттеу объектісі  экономиканың әлсіз және реттеуді қажет  ететін салалары мен аумақтары.

 

1.2 Мемлекеттік қарыз немесе сыртқы борыш

Мемлекеттік борыштың пайда  болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік  бюджеттің тұрақты тапшылығы  болып табылады. 
Мемлекеттік сыртқы борыш – шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы. 
Дүниежүзілік тәжірибеде  мемлекеттік мөлшерді салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш – борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылды. Мұндай қатыстың қауіпсіз денгейі 18 пайыз болып саналады.

Мемлекеттік борыштың пайда  болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік  бюджеттің тұрақты тапшылығы  болып табылады.

Ұлттық экономиканың дамуы  шетелдік несиелерсіз, инвестицияларсыз мүмкін емес. Бірақ шетелдік капиталды  және валюталық ресурстарды тарту  оларды тиімді пайдалануды қажет  етеді. Сыртқы қарыздардың көбеюі кері экономикалық салдарға әкеледі. Мұның  өзі экспорт пен импорттың  арақатынасына, ұлттық валютаның курсының өзгеруіне отандық экономиканың дамуының тежелуіне әкеледі. Сондықтан қазіргі борышымызды ескере кетсек.

 

 

2.  ҚР Бюджеті және мемлекеттік қарыз көрсеткіштеріне талдау

Жалпы сыртқы борыш (бұдан  әрі – ЖСБ) көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 11,8 млрд.АҚШ долларына немесе 9,4%-ға ұлғайып, 137 млрд.АҚШ долларын құрады.

2011 жылы ЖІӨ-ге шаққанда  ЖСБ-ның үлесі – 66,6% болса, 2012 жылдың  қорытындысы бойынша 68,3%-ды құрады.

Мемлекеттік борыштың көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 448,7 млрд. теңгеге немесе 13,3%-ға өсті.

Бюджет тапшылығы 906,5 млрд. теңге болды, бұл – жоспарланғаннан 76,6 млрд. теңгеге кем, оның ЖІӨ-дегі үлесі 3,0%-ды құрады немесе Заңда белгіленген  көрсеткіштен 3,1%-ға төмен болды.

2012 жылғы 1 қаңтардағы республикалық бюджеттің кірістері 102,4% орындалды, жоспардағы 4 346,2 млрд. теңгенің орнына кірістердің түсімі 4 451,7 млрд. теңгені құрады немесе 105,5 млрд. теңгеге артты.       Сурет-1


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикалық бюджеттегі кірістердің  үлесі түсімдердің жалпы көлемінде  – 78,5%-ды, өтелген бюджеттік кредиттердің үлесі – 2,1%-ды, қарыздар түсімдерінің үлесі 19,4%-ды құрады.

Қазақстан Республиксы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру үшін 184,6 млрд.теңге бағытталды. Сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан негізгі қарыз берушілер мыналар болып табылады: Халықаралық қайта құру және даму банкі – 363,2 млрд. теңге, Азия даму банкі – 149,9 млрд. теңге, Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі – 127,9 млрд. теңге.

 

Қазақстан Республикасының  сыртқы қарызының қазіргі жағдайы

1.кесте … 2008ж –2012 жылдар аралығындағы ҚР сыртқы қарызының серпіні

( Млрд , тенге )

 

Көрсеткіштер

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

Мемлекет сыртқы қарыз

257,4

401,2

598,7

617,6

729,0

сыртқы қарыз

Өсу қарқыны %

158

155,2

149,2

103,1

118

Ауытқуы +; -

110,6

143,8

197,5

18,9

111,4


 

Бұған талдауды біз келесі сурет-2 көре аламыз

сурет-2


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік салаға арналған шығыстар соңғы 10 жылда 10,5 есеге ұлғайды. 2002 жылы осы шығыстар 204,8 млрд.теңгеге  жүргізілген болса, 2012 жылы 2 143,9 млрд.теңгені құрады.  

Жүргізіліп отырған белсенді әлеуметтік саясат халықтың өмір сүру деңгейінің едәуір жақсаруына алып келді. Бұл ретте, халықаралық сарапшылар Қазақстанды орташа көрсеткіштен жоғары кірісі бар елдер тобына жатқызатынын атап өту қажет.

2012 жылы бағдарлама «Ауыл  инфрақұрылымын дамыту» деген  тағы бір бағытпен кеңейтілді  және 9,9 млрд.теңге бөлінді, оның  ішінде 9,8 млрд.теңге игерілді. Осы  бағыттағы 563 жоба толығымен аяқталды, ауылды жерлерде 7,3 мыңнан астам  жұмыс орындары құрылды. 

Тұрмыс дәрежесінің сапасын  арттыру және ұлттың денсаулығын  нығайту үшін 2012 жылы «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру жалғастырылды, оған 78,4 млрд.теңге бөлінді. 

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымдардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 60,2 % артты және 149 құрады.

Медициналық технологиялар тізбесі кардиохирургия, трансплантология, нейрохирургия, онкология саласында 268-ден 341-ге дейін кеңейтілді:

Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2012 жылы 111,4 млрд.теңге бағытталды. Бұл ретте республикалық бюджет есебінен – 90,3 млрд.теңге, жергілікті бюджет есебінен – 21,1 млрд.теңге жұмсалды.

Талдауды қорыта келе мұнда  біз экономикамыздын өркендеп, онын одан ары қарай дамуына каражаттардында  көптеп бөлінуін көріп отырмыз,  тағыда айта кететін болсақ, ұлттық экономиканың дамуы шетелдік несиелерсіз, инвестицияларсыз мүмкін емес. Бірақ бұл көрсеткіштердің қатты өсіп кетуі экономикамызға кері әсерін тигізетін болады, біз оны болжамдай отыра, алдын-ала білуіміз керек.

Мемлекетіміздің сыртқы борыштарға бату себебінің тағы бір себебі ол – бюджеттің тұрақсыздығы. Оның көрінісін «сурет-3»-тен көре аласыздар.

Республикалық бюджеттің  тапшылығы  906,5 млрд.теңгені немесе жоспардағы 3,3% -дың орнына жалпы  ішкі өнімнің 3,0%-ын құрады. Республикалық  бюджет тапшылығын қаржыландыру   – 904,6 млрд.теңге – қарыз алу  және 1,8 млрд.теңге – бюджет қаражатының  қалдығын пайдалану есебінен жүзеге асырылды.

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сурет-3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. БОЛЖАМ!

               Бюдет тапшылығы мен мемлекет  борышы        млрд тг

Көрсеткіштер

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

Мемлекет сыртқы қарыз млрд тг

257,4

401,2

598,7

617,6

729,0

Бюджет тапшылығы млрд тг

-327,5

-510,9

-554,8

-576

-906,5

Информация о работе Корреляциялық регрессиялық мемлекеттік қарызды, бюджет тапшылығын0 болжау