Жобамалы анализ. Энергетикадағы техника-экономикалық есептеулер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 18:15, реферат

Краткое описание

Осы Талаптағы қолданылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 27 қазандағы 2005 жылғы N 283 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3945 тіркелген) "Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі Нұсқаулыққа" келісіп алынған.

Содержание

Есептеуге геология-геофизикалық материалдарының көлемін және мазмұнын мемлекеттік сараптамға ұсыну Талабы
Қорларды есептеу түрлері кен орындарды зерттеу дәрежелері
Қорларды есептеу құжаттары
Есеп беру мәтін бөлімінің ресімдеуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
Құрылымдық кескіндемелердің (құрастырмалардың) жүргізілген геофизикалық зерттеулер
Қорларды есептеу құжаттарын ұсыну кезінде толық әдістемесі
Қорларды есептеу - жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың көлемін анықтау

Прикрепленные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ 05.11.2013.doc

— 81.00 Кб (Скачать документ)

Кіріспе:

  1. Есептеуге геология-геофизикалық материалдарының көлемін және мазмұнын мемлекеттік сараптамға ұсыну Талабы
  2. Қорларды есептеу түрлері кен орындарды зерттеу дәрежелері
  3. Қорларды есептеу құжаттары
  4. Есеп беру мәтін бөлімінің ресімдеуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
  5. Құрылымдық кескіндемелердің (құрастырмалардың) жүргізілген геофизикалық зерттеулер
  6. Қорларды есептеу құжаттарын ұсыну кезінде толық әдістемесі
  7. Қорларды есептеу - жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың көлемін анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Жобамалы анализ
  2. Энергетикадағы техникалық есептеулер
  3. Энергетикадағы экономикалық есептеулер
  4. Есеп беру мәтін бөлімінің ресімдеуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
  5. Ілеспе компоненттер
  6. Қорларды есептеу нәтижелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобамалы  анализ. Энергетикадағы техника-экономикалық есептеулер

 

   1. Мұнай, газ, конденсат және  ілеспе компоненттер қорларын  есептеуге геология-геофизикалық  материалдарының көлемін және  мазмұнын мемлекеттік сараптамға  ұсыну Талабы (әрі қарай - Талап)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 1996 жылғы 18 қазандағы N 1288 Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау Ережелеріне сәйкес әзірленді.

 

      2. Осы Талаптағы  қолданылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 27 қазандағы 2005 жылғы N 283 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3945 тіркелген) "Мұнай және табиғи көмірсутек газы кен орындарының қорларын, перспективалық және болжамдық ресурстарын сыныптау жөніндегі Нұсқаулыққа" келісіп алынған.  
      көмірсутегі қорлары - айқындалған, барланған және кені игеріліп жатқан шоғырлардағы стандарт жағдайға (0,1 МПа, 20 С) келтірілген мұнай, конденсат және ілеспе компоненттердің массасы және газдың көлемі;  
      геологиялық қорлар - жер қойнауында табылатын мұнай, газ және конденсат қорлары;  
      тиімді (шығарып алынатын) қорлар - табиғат ортасын қоршаған және жер қойнауын қорғау талаптарын сақтаумен осы күнгі мақұлданған технология мен техниканы пайдаланғанда шығарып алуы экономикалық тұрғыдан орынды қорлар. Геологиялық қорлар бөлігі мұнай, газ және конденсатты шығарып алу коэффициенттерімен анықталады;  
      тиімсіздер қорлар - қазіргі уақытта экономикалық орынсыз шығарып алынған қорлар;  
      мұнай, газ және конденсаттың шығарып алу коэффициенттері - алдыңғы қатардағы өндіру технологиясы мен техникасын қолданып, сондай-ақ жер қойнауымен шоғырларды экономикалық тұрғыдан тиімді шегіне дейін қолайлы режимде пайдаланғанда қорлардың немесе ресурстардың қандай бөлігін жер астынан шығарып алуға болатындығын көрсететін шамалар;  
      қорларды есептеу - жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың көлемін анықтау;  
      қорларды есептеу түрлері кен орындарды зерттеу дәрежелерінің тәуелдігінде болады: қорларды оперативтік есептеу, қорларды есептеу, қорларды қайта есептеу, қорларды төменгі категориядан жоғарғыға өткізу, қорларды есептеу әртүрлі әдістермен өтуі мүмкін: көлемді, көлемді-статистикалық, көлемді-салмақты, материалды балансты, статистикалық, қысымның түсуі бойынша (газ қорын есептеу кезінде).

2. Материалдарды  табыс ету үлгісі     

3. Жер  қойнауын пайдаланушы есептеу материалдарын есептеу үлгісімен қағаз және электронды түрде табыс етеді. Есептеу материалдарын жер қойнауын пайдаланушының кадрлар қызметі растайды.     

4. Қорларды есептеу  құжаттарына ұсынылады:  
      кенорындардың геологиялық құрылымдарының айрықшылығы жөнінде, геологиялық - барлау жұмыстарын жүргізілгендігі, геологиялық есептеу нәтижелері және шығарылған қорлардың көлемдерімен 15 бет көлем аумағында, есептеу авторларымен куәландырылған төрт данада қысқаша анықтама;  
      ұңғымалардың координаттар тізімі, бөлек том түрінде ресімделеді және Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бөліміне арнайы почта арқылы жіберіледі;  
      есептеу авторларымен және жер қойнауын пайдаланушылармен бірігіп қаралған материалдардың хаттамасы;  
      геология және жер қойнауын пайдалану Аумақтық басқармадағы пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі Аумақтық комиссиясының (АҚК) есептеу материалдарын қараудағы хаттамасы (қорытынды).

3. Есептеу  материалдарының мазмұнына қойылатын талаптар.     

5. Қорларды  есептеу материалдары құрайды:  
      есеп беру мәтіні, кенорнының геологиялық құрылысы туралы мағлұмат, онда жүргізілген зерттеу, барлау және эксплуатациялық жұмыстарының нәтижесі және қорларды есептеуін негіздейтін басқа да материалдар; қорларды есептеудегі нәтижелер, кенорынды игерудегі дайындығының бағасы. Жобаланған немесе игеру жүйесінде өзгерістерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар, кенорындарын бағалауға дайындығын өндірісте меңгеру. Бұрын ҚЖМК бекітілген кенорындар бойынша қорлар, қорлардың өзгеруіне және бұрынғы бекітілген параметрлерді есептеу бойынша детальды сараптамалар келтірілуі керек;  
      мәтіндегі қосымшаларда тәртібін құрайтын құжат, гидрогеологиялық, геофизикалық, геологиялық барлау жұмыстарының құжаты және ұңғыманы зерттеу және басқа да ақпарат, қорларды есептеу үшін қажет, сонымен қатар мәтінде көрсетілген қорытындылар және негізгі жағдайлардың негізіндегі мәлімет;  
      қорларды есептеу нәтижелері және операциялары қорларды есептеу параметрлерінің анықтамасы, кенорындардағы бұрғыланған ұңғымалар жөніндегі ақпараттан тұратын таблицалық қосымшалар;  
      графикалық қосымшалар, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері көрсетілген: кенорынның геологиялық құрылымы, мұнайгаздылығы, есептелген қорлардың контурлардың жағдайы, өнімдік резервуардың құрылымы және тағы да басқа;  
      ілеспе компоненттер және мұнай, газ, конденсат қорларының шығарылғандығы анықтайтын негізін құрайтын және олардың компонентерден тұратын, мұнай, газ, конденсаттардан алынған коэффиентерінің техника-экономикалық негізі (ТЭН).     

 6. Қорларды есептеу материалдары барлық мағлұматтарды құрайды, автордың қатыссыз есептеуге тексеріс жүргізуі. Қорларды есептеу материалдары, компютерлік технологияны пайдалануымен орындалған мағлұматтан тұрады, тексеріс жүргізуге және соңғы нәтижелеріне.

4. Есеп  беру мәтін бөлімінің ресімдеуіне  және мазмұнына қойылатын талаптар.      

7. Тармақтардың  көлемі және шығарманың толықтығы  кенорнының геологиялық құрылысының  ауырлығына, сонымен қатар геологиялық  барлау, ғылыми-зерттеу және игеру бойынша жүргізілген жұмыстарының шешіміне байланысты дайындаушы өзі анықтайды. Әрбір тармақта алынған деректердің және зерттелген сұрақтың сапасының толықтығы жайлы қысқаша шешімдер келтірілуі керек.      

8. Қорларды есептеу  құжаттарын ұсыну кезінде толық әдістеменің мазмұны және қосымша өткізілген жұмыстардың аумағы, олардың сапасы, тиімділігі, нәтижесі келтіріледі. Өзгертусіз қалдырылған мәліметтер, алдыңғы есеп берулерде қысқарған түрде сілтеме ретінде келтіріледі. Игерілген кенорындары бойынша, алдындағы геологиялық барлау жұмыстары бойынша ұсыныстар жүргізілген жоқ, "Геологиялық барлау жұмыстары" және "Геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі және сапасы" бөлімдері есеп беру мәтінінен алынып тасталады.      

9. Әрбір кітаптың мәтін аумағы 300 беттен аспауы керек. Мәтінге қосылған кестелі материалдарының жалпылама мінезі болуы керек. Жалпылама және шешім негізінде жасалған көмекші құжаттар мәтіннің қосымшасына орналастырылады. Суреттеуші құжаттар (карталар, схемалар, кестелер, суреттер) мәтінде міндетті түрде керек болған жағдайда ғана орналастырылады. Қорларды есептеу кезінде пайдаланылған негізгі өлшем бірліктері осы Талаптың 1-4 қосымшаларында келтірілген.     

10. Есеп беру мәтіні келесі тәртіп  бойынша орналастырылады:  
      1) кіріспе;  
      2) кенорындары туралы жалпы мәлімет;  
      3) аумақтың және кенорындарының геологиялық құрылымы;  
      4) геологиялық барлау жұмыстары, оның ішінде: геологиялық түсіру;  
      гидрогеологиялық зерттеу;  
      геофизикалық барлау әдісімен зерттеу;  
      салалы-картировкалы бұрғылау, іздестіру және барлау ұңғымалары;  
      ұңғыманы геофизикалық жолмен зерттеу (ҰГЗ);  
      көрінді материалдарды ұсыну әдісі және шешімі;  
      ұңғымаларды сынамалау нәтижелері және әдістемесі;  
      өндірістік-тәжірибелік пайдалану және сынамалау нәтижелері;  
      5) мұнай, газ және конденсаттың қасиеті және құрамы, олардың компоненттерінің өндірістік бағалау белгісі;  
      6) пласты сулар қасиеті және құрамы, компоненттерінің өндірістік баға беру белгісі;  
      7) кен талдауының нәтижелерінің қақпақшалары және өнімді пластар коллекторларының физикалы-литологиялық мінездемесі;  
      8) ҰГЗ құжаттарының интерпретациялы шешімі және әдісі;  
      9) кенорындарының мұнайгаздылығы;  
      10) кенорындарын игеру туралы мәліметтер;  
      11) қорлар категорияларының негізі, есептелген параметрлер және мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттерінің бастапқы қорларын есептеу;  
      12) ҚЖМК-мен бұрын бекітілген пайдалы қазбалар қорлардың қорытынды есебін салыстыру;  
      13) іздеу-барлау жұмыстары процесіндегі қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын кешенді және тиімді пайдалану шаралары;  
      14) геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі және сапасы;  
      15) қорытынды;  
      16) қолданылған құжаттардың тізімі.     

11. Бөлімдерде келесі мағлұматтар  көрсетіледі:  
      1) "Кіріспе" бөлімінде:  
      жер қойнауын пайдаланушы туралы мәлімет;  
      кен орынды қандай жобалық құжаттар арқылы игеру жүргізіліп жатқаны;  
      кенорнының ашылған уақыты және геологиялық барлау жұмыстарын өткізу мерзімі. Кен орнында жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының мақсаттары;  
      ҚЖМК-ның қорларды бұрын бекіткен хаттамаларыньң кезекті сандары және күнтізбелік уақыты, ал қорларды бекітуден бас тартқан жағдайда құжаттарды қайтару себептері;  
      бекітілген қорлар (категориялар бойынша), қор-есеп себептерін анықтау;  
      ҚЖМК-мен алдында қаралған құжаттардың берілген ұсыныстардың орындалуы туралы мағлұматтар;  
      2) "Кен орны туралы жалпы мәліметтер" бөлімінде:  
      кен орнының географиялық және әкімшілік тұрғыдан алатын орны. Ең жақын елді мекендер, оларға дейінгі қашықтық. Тасымалдық (транспорттық) жағдай, кен орнынан ең жақын ірі елді мекенге, теміржол немесе сужол аялдамаларына, мұнай немесе газ құбырына, пайдалану үстіндегі мұнай немесе газ кен орнына, энергия жабдығына және сейсмикалық ауданға дейінгі қашықтық;  
      кен орнының және табиғи-климатикалық ауданының жағдайы: орташа айлық, орташа жылдық және өрескел (экстремалдық) температуралар, жылдық және қысқа мерзімдік жауын-шашынның көлемі, үстемдік ететін желдердің бағыты мен қуаты, қардың қалыңдығы мен таралуы, маусымдық тоңның қалыңдығы; рельеф, гидрографиялық кесте, жергілікті жердің саздануы, кен орнына жақын немесе оның аумағындағы ағын сулар, суайдындар және мұнай және газ өндіру өнеркәсібін алдағы уақытта техникалық және ауыз суды пайдалану мүмкіндігі;  
      кен орнын ашу және барлау тарихы, кен орнын алғаш ашушылар, бұрын жүргізілген жұмыстар және зерттеулер, олардың тәсілдемесі, көлемі, сапасы және әсерлігі (тиімдігі) жөнінде қысқаша мәліметтер. Пайдаланудағы кен орындар бойынша - пайдалануға қосылған жылы, пайдаланылып жатқан қабаттар (шоғырлар);  
      3) "Кен орнының геологиялық құрылысының ауданы" бөлімінде:  
      ауданның геологиялық құрылысы туралы қысқаша мағлұматтар. Ауданның жалпы геологиялық құрылымы шегінде кен орнының алып жатқан орны. Қабылданған стратиграфиялық сызба (схема). Кен орынның қимасын құрайтын шегінділер кешенінің (жиынтығының) қысқаша сипаттамасы, бұл тұста стратиграфиялық бөлшектердің геологиялық жасы, кеңістікте таралуы, қалыңдығы және созылымы мен сүңгуі бойынша үздіксіздігі көрсетіледі. Жиынтықтық (нормалдық) геологиялық-геофизикалық қимамен және стратиграфиялық бөліністер кестесімен безендіріледі;  
      кен орнының бірінші және екінші реттегі (қатардағы) тектоникалық элементтерге орайласуы. Кен орнының тектоникасы туралы негізгі мағлұматтар: қатпарлардың түрлері, пішіні, аумағы, осьтерінің бағыты, қанаттарындағы жыныстардың сүңгу бұрышының өзгеруі, шөгінділердің құрылымы; үзілмелі (опырылмалы) бұзылыстар - жайғасу элементтері, жылжу амплитудасы мен сипаты. Ұсақ амплитудалық бұзылыстардың айқындалып орын тебу заңдылықтары. Мұнайлы-газды қабаттардың кескіні мен жайғасу жағдайына тектоникалық бұзылыстардың тигізетін әсері;  
      құрылымдық кескіндемелердің (құрастырмалардың) жүргізілген геофизикалық зерттеулер, құрылымдық бұрғылау және барлау барысында алынған нақтылы деректермен, ал пайдаланудағы кен орындары бойынша - пайдалану құжаттарымен де расталуы;  
      бұрын қорлары бекітілген пайдаланудағы кен орындары бойынша - кен орнының құрылысын сипаттайтын бұрынғы құжаттардағы мәліметтерді оны пайдалану және қайта барлау барысында алынған деректермен салыстыру, белгілі болған (айқындалған) айырмашылықтарды талдау, алдыңғы геологиялық-барлау жұмыстарының күмәнсыздығын бағалау;  
      кен орындардың геологиялық үлгілерін алдыңғы есептеу үлгілерімен салыстыру, игеріліп жатқан кен орындар үшін, бұрынғы бекітілген қорлардың үйлеспеушілігін айқындау талдауы;  
      әртүрлі тіректік беткейлер бойынша геологиялық қималармен және құрылымдық карталармен безендіріледі;  
      4) "Геологиялық-барлау жұмыстары" бөлімінде:  
      геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жобасы жөнінде мәлімет. Кен орындарды барлау жүйесінің анықтамасы: бұрғыланған қабаттар мен оларды бұрғылау тәртібі, әртүрлі ұңғымалардың саны мен оларды орналастыру тәсілдері, ұңғымалар арасындағы ара қашықтықтар; мұнайлы-газды шектемедегі ұңғымалар саны; бүкіл қима және өнімбергіш қабаттар бойынша тасбаған алу үшін ұңғымаларға түсетін жобалық салмақтар, қабаттарды сынамалау тәсілдерінің кешені;  
      геологиялық түсіру нәтижелері және әдістері, геологиялық түсіруі;  
      геологиялық зерттеу және бақылау әдісі, мазмұны, көлемі;  
      геофизикалық барлау әдістерімен зерттеу. Зерттеу нәтижелері және көлемі, қолданылатын әдістер көлемі және оларды жүргізу әдісі, алынған мәліметтер нәтижелері;  
      бұрғыланған ұңғымалардың өзіндік мақсаттары, олардың конструкциялары, бұрғылау технологиясы, тереңдігі және техникалық күйі. Бұрғыланған ұңғымалардың қаражаты қорлар есебінің датасының күйі, жойылған ұңғымалардың саны және оларды жоюдың себептері, ұңғымаларды нұсқадан тыс пайдалану, барлық бұрғыланған ұңғымалардың жағдайлары туралы есептеу уақытына, қорларды қайта есептеуінде мәлімет, геологиялық-барлау жұмыстарының бұрын қабылданған әдістемесі мен барлау ұңғымаларын орналастыру жүйесінің кен орны геологиялық құрылысына сәйкестігін талдау;  
      барлық кесінділермен ұңғымалардан кернаны шығарып алуы туралы мәлімет және бөлек өнімді қабаттармен, мұнай-газ жиналған аралықтардағы кернамен арналғандығы;  
      ұңғымалардың техникалық күйінің кестелері және керн алынған ұңғымалар кесінділерінің арналғандығы, құрылым карталары, іздеу жүргізу үшін және барлау жұмыстарын зерттеу объектісінде, бұрғыланған ұңғымалар қоры картасымен;  
      ҰГЗ - мен жүргізілген көлем. Әдістер қолданылған комплекс және оның анықтамасы, ұңғымалар саны, әртүрлі әдістермен зерттелгендер, зерттеу әдістерінің тізбесі, барлық өнім бергіш қабаттармен орындалған, олардың салдары. Жүргізілген жұмыстардың техникасы (түрлері және зонд мөлшерлері, масштабтары және геофизикалық параметрлер диаграммасын тіркеу жылдамдығы), олардың нәтижелері және сапасы. Апаратуралардың және жаңа геофизикалық әдістерді пайдалану дәрежелері. Сұйықтықтың физикалық құрамы және тағы да басқа;  
      игеріліп жатқан кен орындарға ҰГЗ-ның кешенінің өзгеруі эксплуатациялық бұрғылау созылған уақытқа дейін, ҰГЗ-ны жүргізу шарттары, балшық қоспаларының мінездемелерінің өзгеруі және тағы басқа;  
      ұңғымалардан алынған құжаттардың сапасы көрсетілген ҰГЗ-ның көлемдерінің кестелері;  
      кабельдерде және трубаларда бұрғылау процесінде ұңғымаларды байқау нәтижелері және әдістері;  
      ұңғымаларды байқау нәтижелері және әдістері, қабаттарды ашу жағдайы, жару түсімі жағдайы, түсім интенсификациясы туралы мәлімет, мұнай және газ түсімдерін өлшеу жалғастығы, ұңғымалардың өнімділігі, әр түрлі тәртіптегі дебеттердің орнықтылығы, забойларды тазалау жағдайы, депрессиялары, газ құрамдары, конденсат құрамдары және тағы да басқа;  
      ұңғымалардың байқау нәтижелері және әдістерінің кестелері және бұрғылау процесіндегі байқау нәтижелерін салыстыру;  
      сутасығыш аралықтары, ашық стволдағы пласто зерттеумен байқау, ҰГЗ-мен құжаттарымен атап көрсетілген. Сутасығыш объектілерінің саны, олардан алынған судың және газдың сынамасы;  
      тәжірибелік-өндірістік пайдалану және сынаманың нәтижелері: ұңғымалар саны; әрбір ұңғыманың жұмыс уақыты, өндірілген мұнай, газдың саны, әрбір ұңғымадағы конденсат пен газ, депрессияның өзгеруі, мұнай, газ, конденсат және судың дебеттері; қабат қысымының өзгеруі;  
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

    Берілген  жұмыста біз жобамалы анализ  жасап, энергетикадағы техника-экономикалық  есептеулер жасадық. Атап айтқанда Қорларды есептеу құжаттарына ұсынылады:  
      кенорындардың геологиялық құрылымдарының айрықшылығы жөнінде, геологиялық - барлау жұмыстарын жүргізілгендігі, геологиялық есептеу нәтижелері және шығарылған қорлардың көлемдерімен 15 бет көлем аумағында, есептеу авторларымен куәландырылған төрт данада қысқаша анықтама.


Информация о работе Жобамалы анализ. Энергетикадағы техника-экономикалық есептеулер