Жоғары мектеп психологиясына қатысты отандық және шетелдік ғылыми еңбектер мен іс- тәжірибелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 08:31, реферат

Краткое описание

Қазақстанда психологияның жеке ғылыми сала болып шығуына негіз, тұғыр болған педагогикалық психологияның жаңа бір қарқынмен дамуға беталысы ХХ-ғасырдың екінші жартысында болды. Бұған республикада 1946-жылы тұңғыш психология кафедрасының қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ашылуы, жоғары мектеп оқытушыларының психология-педагогика ғылымдары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуі, оқулық, оқу-әдістемелік құралдар дайындауы орасан ықпалын тигізді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоғары мектеп психологиясына қатысты отандық және шетелдік ғылыми еңбектер мен іс тәжірибелер.docx

— 16.01 Кб (Скачать документ)

Жоғары мектеп психологиясына қатысты отандық және шетелдік ғылыми еңбектер мен іс- тәжірибелер.

    Қазақстанда психологияның жеке ғылыми сала болып шығуына негіз, тұғыр болған педагогикалық психологияның жаңа бір қарқынмен дамуға беталысы ХХ-ғасырдың екінші жартысында болды. Бұған республикада 1946-жылы тұңғыш психология кафедрасының қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ашылуы, жоғары мектеп оқытушыларының психология-педагогика ғылымдары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуі, оқулық, оқу-әдістемелік құралдар дайындауы орасан ықпалын тигізді. Осы кезге дейін біраз отандық тұлғалар психологияға қатысты өз еңбектерін қосуда. Айта кетсек, педагогикалық психология бойынша құнды еңбектерімен, жоғары мектептегі озық іс-тәжірибелерімен – Ш. Әлжанов, Ә. Асылбеков, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, Ә. Сыдықов, С. Балаубаев, Е. Суфиев, М. Мұқанов, А. Алдамұратов, Р. Қарамұратова, Қ. Рақымбеков сияқты талай тұлғалар ғылыми қорды байытып, тарихта есімдері қалды.

   Республикада педагогикалық  психологияның дамуына академик  Төлеген Тәжібаев елеулі үлес  қосты. Ол түрлі деңгейдегі аса  жауапты басшылық қызметтер атқара  жүріп, Қазақстанда алғаш рет  психолог-педагог маман дайындау  ісіне бастамашы болған-ды. Т.Т. Тәжібаев  білім беруде психология мен  педагогиканы үйлестіре отырып, педагогикалық психология аясында  зерттеу жүргізген, К.Д. Ушинскийдің  психологиялық көзқарастарын талдап, қарастырған.

Қазақстанда жоғары мектеп психологиясының      дамуына             академик Т. Тәжібаевтың шәкірті Мәжит Мұқанұлы Мұқановтың қосқан үлесі зор болды. М.М. Мұқанов республикада тұңғыш психология ғылымдарынан докторы ғылыми дәрежесіне ие болған ғалым еді. М.М. Мұқанов оқу-тәрбие психологиясына, білім берудің жас ерекшелікке байланысты психологиялық астарларына қатысты «Педагогикалық психология очерктері» (1962 ж.); «Жас және педагогикалық психология» (1982 ж.) сияқты көптеген осы кезге дейін теңдесі жоқ 200-ден астам еңбектер жазған. Сонымен қатар, М.М. Мұқановтың өзі адамның тұлға және маман ретінде дамуын зерттеп, жетілдіруге үлес қосқан талай шәкірт дайындаған.

Жоғары мектепте психологиялық білім беруге арналған қазақ тіліндегі оқулықтар дайындау республикада психология ғылымының дамуымен астасатыны анық. Осыған байланысты, 1966 жылы А. Темірбеков пен С. Балаубаевтың педагогикалық институттар мен университеттердегі студенттерге арналған «Психология» атты қазақ тіліндегі алғашқы оқулықты дайындап жарыққа шығаруы, психологияның дамуында ерекше рөл атқарды.

Қазір жоғары оқу орындарында дәріс оқып, ғылыми-зерттеу мектептерін құрған ғалымдар Қазақстандағы психология ғылымдарының сан саласын дамытып келеді. Олардың жоғары мектеп психологиясының дамуына қоғам талабына сай маман дайындау, психологиялық білім берудің оқу-әдістемелік негізін нығайту, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың зерттеу жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасау арқылы атқарып отырған еңбектері орасан зор. Қазақстанда психология ғылымының әрқашан көкейтесті болатын мәселелерін зерттеу арқылы республика аумағында ғана емес, әлемдік психология-педагогика ғылымдарының қордалануына себепкер болған ғалым-тұлғалар баршылық. Сондықтан, республикадағы психологияның өсіп-өркендеуі Р.Б. Қарамұратова, С.М. Жақыпов, Қ.Б. Жарықбаев, Ж.Ы. Намазбаева, Х.Т. Шерьязданова, В.К. Шабельников сынды белгілі психолог-ғалымдардың есімдерімен тікелей байланысты әрекетін қалыптастыру мен дамытудың механизмдері тағайындалған. Ғалымның жасаған зерттеу тұжырымдамалары оқытудың психологиялық құрылымын, теориялық-әдіснамалық негіздерін дәйектеп, бірегей ғылыми ұстанымды танытады. С.М. Жақыпов – жоғары мектептің оқу процесіне жүйелі психологиялық талдау жасаған тұңғыш зерттеуші. Студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдірудің, жоғары білім беру тиімділігін арттырудың негізгі шарттары мен кешенді құралдары профессор С.М. Жақыповтың еңбектерінде негізделіп, тұжырымдалған. С.М. Жақыповтың теориялық-эксперименттік зерттеулерінде, іс-тәжірибесін таратуда бірлескен диалогтік-танымдық іс-әрекет оқу процесінің құрылымындағы жүйе ұйыстырушы фактор болатындығы, оқу әрекетінің, оқытудың тиімділігін анықтайтыны жан-жақты зерттеледі.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Ардақ Ерментаева бүгінгі психология ғылымының даму бағытын зерттеудегі еңбегі мен іс тәжірибесі өте зор. Ол өзінің көп жылдық зерттелері мен тәжірибесіне сүйене отырып «Жоғары мектеп психологиясы» кітабын шыгарды.

   Қазақстандағы психологияның өркендеуіне көлемді еңбек сіңірген, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырып келе жатқан ғалым – педагогика ғылымдарының докторы және психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев. Ғалымның этнопедагогика, этнопсихология, психология тарихы бойынша бірегей зерттеулері; студенттерге психологиялық білім беруді жүзеге асыруға қатысты жазған оқу құралдары, оқулықтары құндылығымен, республика аумағында барынша таралып, қолданумен ерекшеленеді. Қ.Б. Жарықбаев ғылыми жетекшілігі арқылы магистр, ғылым кандидаты, ғылым докторы сияқты жоғары академиялық, ғылыми атақтарға ие болған шәкірттерімен де республикадағы психологияның дербес ғылым, пән болуында ерекше орын алады.

Жоғары мектепте «психология», «өзін-өзі тану» пәндері бойынша білім беруде оқытудың белсенді психологиялық-педагогикалық технологиясын қолданудың теориясы мен тәжірибесінің негізделіп, таратылуы да профессор Хорлан Тоқтамысқызының осы жолдағы бастамашылығымен, ерен еңбегімен байланысты. Болашақ психологтердің, педагогтердің, ғалым-зерттеушілердің әлемдік психология қорын танып-білуі үшін Х.Т. Шерьязданова республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында республикадағы психолог-зерттеушілерді ұйымдастырып, жауапты да көлемді жұмыс атқарды. Нәтижесінде, психология бойынша әлемдегі бірегей теориялар, идеялар, тұжырымдамалар тұңғыш рет қазақ тіліне аударылып, «Адамзаттың ақыл-ой қазынасы» айдарымен 10 томдық аса құнды еңбек 2005 жылы жарық көрді. Сондай-ақ, Х.Т. Шерьязданова – республикада тұңғыш рет жоғары мектепте психологиялық білім беру мәселесін көтерген психолог-ғалым. Ғалым студенттердің психология пәндері бойынша оқу процесін құру жолдарын анықтап, тағайындауды басты міндет ретінде қояды. Осыған байланысты Х.Т. Шерьязданова болашақ педагогтер мен психологтерді кәсіби психологиялық дайындаудың мазмұны мен құрылымын жүйелеп, негіздеген де алғашқы зерттеуші болып табылады. Оның еңбектерінде студенттердің жас ерекшеліктерге қатысты қарым-қатынас біліктілігін дамыту, психологиялық білімдерін тереңдету кәсіби дайындаудың психологиялық негізі ретінде сипатталады. Хорлан Тоқтамысқызы ХХ-ғасырдың соңына қарай ерекше зерттеу нысаны болған «педагогикалық қарым-қатынас» категориясын психология аясына кіріктіріп анықтаған. Соның арқасында ғалым педагогикалық іс-әрекет барысындағы кез келген қарым-қатынас тиімді болуы үшін оның «кәсіби педагогикалық қарым-қатынас» деңгейіне көтерілу керектігін, оның жолдары мен амалдарын тұжырымдайды. Сондықтан, профессор Х.Т. Шерьязданованың ғылыми жетекшілігімен педагогикалық психологияның, соның ішінде, жоғары мектеп психологиясының өзекті мәселелері бойынша 30-дан аса ғылым кандидаттары (Г.М. Қасымова, Ұ.И. Ауталипова, М.Қ. Бапаева, Ж.Қ. Әубәкірова, М.Н. Махаманова, Л.Х. Ермекбаева, және т.б.); 3 ғылым докторлары дайындалып шықты.

Қазіргі кезде С.Қ. Бердібаева, Б.Ә. Әмірова, З.Б. Мадалиева, Н.С. Ақтаева, А.Т. Ақажанова, Н.Қ. Тоқсанбаева, т.б. ғалымдар қазақстандық психологияның басты міндеттерін, әр қырлы мәселелерін шешу арқылы өздерінің ғылыми ұстанымдарын нығайтып, дербес ғылыми мектептерінің іргесін қалап келеді.

1. http://reftrend.ru/292775.html

2. http://nauka.kz//

3. https://kk.wikipedia.org/wiki


Информация о работе Жоғары мектеп психологиясына қатысты отандық және шетелдік ғылыми еңбектер мен іс- тәжірибелер