Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 12:53, реферат

Краткое описание

Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.
Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтайшылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетті, кейінірек ол «Филлипс қисығы» деп аталды.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары
1.1. Жұмыссыздықпен күрес
1.2. Жұмысқа орналастыру іс-шаралары
1.3. Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресетін кейбір аспектілері.

ІІ-тарау. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2012-2013
жылдарға арналған бағдарлама
2.1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
2.2. Жұмыссыздық деңгейiн бағалау
2.3.Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жумыссыздык.docx

— 26.13 Кб (Скачать документ)

1) азаматтарды жұмысқа орналастырудың  мүмкiндiктерi туралы және осы  немесе басқа бiр жұмысқа орналасқысы  келген адамдарға қойылатын талаптар  жөнiнде хабардар етедi;

2) жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң  түлектерi мен әлеуметтiк қорғауға  аса мұқтаж азаматтарға лайықты  жұмыс таңдауда, сондай-ақ жаңа  жұмыс орындарына, вахталық әдiспен, шетелде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi;

3) жұмыс iздеуде қиындық көрiп  жүрген азаматтарға консультация  бередi; 
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; 
5) жұмыссыз азаматтарды оқытады және қайта оқытады; 
6) шағын несие беру арқылы жұмыссыздарға өзiнiң жеке iсiн 
ұйымдастыруға жәрдемдеседi; 
7) кәсiби даярлауға, iскерлiк машықтарын үйретуге мемлекеттiк 
тапсырысты кәсiби білім беру оқу орындарының желiсi арқылы анықтайды; 
8) бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының түлектерiн жұмысқа 
орналастыруға жәрдемдеседi. 

 

Еңбек рыногының қажеттілiктерiн ескере отырып, жұмысшылар мен 
мамандар даярлаудың көлемi мен бейiндерiн әзiрлеуде және түзетуде оқу 
орындарына ақпараттық және әдiстемелiк көмек көрсетiлетiн болады. 
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар көрсететiн 
жұмысқа орналастырудың дәстүрлi нысандарынан басқа жұмыс iздеушi 
азаматтарды жұмысқа орналастырудың баламалы нысандары дамытылатын болады.

Бұл, ең алдымен, жоғары ақы төленетін  және беделдi жұмыс таңдау үшiн ақы 
төлеуге қабiлеттi, неғұрлым біліктi әрi болашағы бар жұмыс күшін қолданып 
жүрген шеңберінде жұмысқа орналастыруды өз мойнына алатын жұмысқа 
орналастыру жөніндегі жеке агенттіктер. Жұмысқа орналастырудың баламалы 
түрлерінің болуы, бір жағынан жұмыс іздеуші азаматтардың қажетті қызмет 
түрлерін пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан - жұмысқа 
орналастырумен айналысатын ұйымдар арасында бәсекелестік ортаны туғызады. 
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс белсенді түрде жұмыс іздеп 
жүргендер үшін өрістетілетін болады. Жұмыссыздарды тоқсан сайын есепке алу және жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санаттарын анықтау жолға қойылады, еңбек биржаларының қызметі олар адамдарды жұмыспен нақты қамтамасыз ете алатындай етіп жандандырылатын болады. Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады.  

 

 

 

2.3.Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн  нәтижелер

Кедейлiк  ауқымын 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылға қарай 8,7 %-ға 
қысқарту. Жұмыссыздық деңгейiн 2011 жылғы 13,5%-дан 2013 жылдың аяғында 9%-ға дейiн төмендету. Төменде Қазақстан Республикасының халықтың саны, еңбек ресурстары және жұмыссыздықты азайту туралы 2012-2013 жылдарға арналған мәліметтер келтіріледі, (мың адам).

Бағдарламаны iске асырудың есебiнен 2009-2013 жылдары 400,4 мың 
жұмыс орнын құру, бұрыннан бар жұмыс орындарының санын азайтуға жол 
бермеу көзделедi. Квоталаудың есебiнен 82 мың жұмыс орны сақталатын болады. 
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру 295,1 мың адам үшiн 
жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бередi. 52,8 мың жұмыссыз адам кәсiптiк оқуға және қайта даярлауға тартылады.

 

 

 

 

 

 

                                          

 

 

 

 

                                           

                                                 Қорытынды 

 

 

            Жұмыссыздық  – экономикалық теорияның бұрынғы  және қазіргі тарихындағы ең  өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздарды  әлеуметтік қорғауға бағытталғын  бағдарламаны дер кезінде қаржыландыру  жұмысқа ділгер болып отырған  арасындағы шиеленісті бәсеңдетіп  қана қоймай, сонымен қатар отбасына, көп жағдайда, бірден-бір табыс  табу мүмкіндігіне қол жеткіздіреді.         

  Қазақстан Республикасының статистика  және сараптау комитеті ай  сайын қазақстандықтардың тұрмыс  деңгейін анықтау мақсатында  арнайы статистикалық бақылау  және зерттеу жұмыстарын жүргізеді.  «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімдік  даму стратегиясында халықты  әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген.

Жалпы 2009-20012 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың саны өндірісте – 20712 мың адамға, ауыл шаруышылығында – 287 мыңға, транспорт пен байланыс саласында – 68 мыңға, құрылыста – 747 мыңға өскен.        

  Егер аталған кемшіліктерді жоюға  мына міндеттерді шешуге қалаулылары,  түрлі деңгейдегі депутаттар  тікелей араласса, онда жұмыссыздар  біздердің тарапымыздан жүргізіліп  жатқан жұмыстардың нақтылы нәтижесін  сезіне бастаған болар еді.        

  Кедейшілікпен күрестегі ең басты  мәселе – бұл жұмыссыздық деңгейін  төмендету. Егер басымдықтарды  белгілейтін болсақ, мынадай: жұмысқа  орналастыруға жәрдемдесу, кәсіптік  дайындау кезінде оқудың, қайтадан  оқудың құнын төлеу, кәсіби  біліктілігін арттыру және қайтадан  дайындау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру  және еңбек ақысын төлеу, шағын  несие беру үшін жағдай туғызуға, кедейшілікке душар болғанда  материалдық көмек көрсету, шағын  және орта бизнес саласын жұмыспен  қамтуға қолбаныс беру.        

  Қорытып келгенде, біздің экономикалық  реформалар ендігі жерде адамдар  тұрмысының елеулі жақсаруына  әкеле алатындығына және әкелуге  тиіс жағдайға жетіп келе жатқандығына  көз жеткіздім. Ендеше бұдан  әрі қарай жұмыссыздықпен күресті  үдете түсу қажет. Ол үшін  кәсіпорындарды қайтадан ашып, инфляция  көлемін азайтып, адамдарды толығымен  жұмысқа тартуға тырысуымыз керек.  Сонда ғана экономикамыз жаңарып,  дамып, өсіп, мемлекетіміз гүлденген  мемлекетке айналмақшы. Ал, әлеуметтік  жағдайымыз жақсарып, жұмыссыздық  пен кедейшілік болмасын. 

 

 

 

                                   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     В.Д. Камаева. Экономическая теория. Мәскеу-1999

2.     Мауленова С.С. Экономикалық теория, Алматы-2004

3.     Үсенова Г. Жұмыспен қамту және экономикалық өсу, Ақиқат-№2, 2003

4.     Қазақстан әйелдері мен ерлері (статистикалық жинақ), Астана-2007

5.     Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе-2004

6. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2012-2013 жылдарға  арналған бағдарлама


Информация о работе Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары