Жинақтаушы зейнетақы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 20:20, курсовая работа

Краткое описание

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

зейнетакы.doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

5) Қазақстан  Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезінде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорында  міндетті зейнетақы жарналары  есебінен жинақталған зейнетақы  қаражаты бар адам қайтыс болған  жағдайда олар Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген тәртіппен  мұраға қалдырылады.

     Ерікті зейнетақы  жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері

     Ерікті  зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін  зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған  зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:

1) елу  бес жасқа толған адамдардың;

2) мүгедектердің; 

3) Қазақстан  Республикасынан тыс жерлерге  тұрақты тұруға кететін немесе  кеткен және кету ниетін немесе  кету фактісін растайтын Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  құжаттарды табыс еткен адамдардың  құқығы пайда болады.

     Ерікті  зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған  зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген тәртіппен  мұраға қалдырылады.

     Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері:

1. Ерікті  кәсіптік зейнетақы жарналары  есебінен жинақтаушы зейнетақы  қорларынан зейнетақы төлемдеріне: 

1) елу  жасқа толған;

2) Қазақстан  Республикасынан тыс жерлерге  тұрақты тұруға кететін немесе  кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

     Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған  зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

     Жинақтаушы зейнетақы  қорларынан жинақталған зейнетақы  қаражатын төлеу:

    1. Жинақтаушы  зейнетақы қорларынан зейнетақы  төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.

    2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың , сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға құқығы бар.

    3. Алушыға Орталықтан тағайындалған  ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің  және кесте бойынша төленетін  зейнетақы төлемдерінің сомасы  тиісті қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.

    4. Кесте бойынша төленетін зейнетақы  төлемдерінің мөлшерін есептеуді  жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.

    5. Міндетті зейнетақы жарналары,  жинақтаушы зейнетақы қорларынан  ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары  есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

    6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен  қалыптасқан жинақтардан зейнетақы  төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың  тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.

   Аударылған  міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер беру:

     Егер  Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

     Агенттер Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізуге міндетті.

     Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді салымшыларға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешікірмей табыс етіп отыруға міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды.

     Қорыта  айтқанда, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

     Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.

     Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің  және зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және (немесе) банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.

     Жинақтаушы  зейнетақы қорының зейнетақы  активтері тек мына мақсаттарға  ғана жұмсалуы мүмкін:

1) тізбесін  уәкілетті органдар белгілейтін  қаржы құралдарына орналастыруға;

2) зейнетақы  төлемдерін Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жүзеге асыруға; 

3) зейнетақы  жинақтарын басқа жинақтаушы  зейнетақы қорына не зейнетақы  аннуитеті бойынша Қазақстан  Республикасының заңдарында көзделген  тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;

4) қате  есептелген зейнетақы жарналарын  және өзге де қате есептелген  ақшаны қайтаруға. 

5) Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  зейнетақы төлемдерін төлеуді  және жинақталған зейнетақы қаражатын  аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.

3. алып тасталды

4. Алушы қайтыс болған жағдайда  оның отбасына не алушыны жерлеген  адамға жинақтаушы зейнетақы  қорлары жерлегенi үшiн он бес  еселенген айлық есептiк көрсеткiш  шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолы төлем жасайды.

     Жинақтаушы зейнетақы  қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің  бақылау жасауды жүзеге асыру  тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

     Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейінгі мерзімде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келіп түсетін зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы. 2005 
 
  1. Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру  туралы, Қазақстан Республикасының  заңы. –Алматы. 1998.
 
  1. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы. – Алматы. 2002.
 
  1. Заң газеті. 2007. 6 ақпан.

Информация о работе Жинақтаушы зейнетақы