Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы жергілікті билік органдарының рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 00:49, реферат

Краткое описание

Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету. Жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңымен анықталады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты Заң жергілікті мемлекеттік басқару аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті өкілдік пен атқарушы органдардың уәкілдігі, ұйымдастыруы мен іс-әрекет тәртібін анықтайды. Осы заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруы – ол тиісті аумақтың ахуалына жауапты және сол аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында өз іс-әрекетін іске асыратын жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан құрайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

2.1 Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы жергілікті билік органдарының рөлі.doc

— 74.00 Кб (Скачать документ)
    1. Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы жергілікті билік органдарының рөлі

 

Бюджеттік жүйенің  қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету. Жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік  кодекс және «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңымен анықталады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты Заң жергілікті мемлекеттік басқару аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті өкілдік пен атқарушы органдардың уәкілдігі, ұйымдастыруы мен іс-әрекет тәртібін анықтайды. Осы заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруы – ол тиісті аумақтың ахуалына жауапты және сол аумақта  мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында өз іс-әрекетін іске асыратын   жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан құрайды.

Жергілікті  өкілдік орган – ол жергілікті тұрғындармен сайланушы, олардың жігерлерін әлпеттейтін және оны іске асыру  мен бақылау үшін заңнамалар негізінде  шаралар анықтап, қолданатын сайламалы  орган – Мәслихат. Мәслихаттың  уәкілдігіне тиісті аумақтардың жоспарлары,  экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, шығындар жоспарларын бекіту жатады. Мәслихат жергілікті бюджеттерді атқару бойынша сыртқы бақылау жүргізу мен сол жөніндегі есеп беруді қарастыру жасайтын өзінің ревизиялық комиссиясын сайлайды.

Жергілікті  атқарушы органдар – әкімгершіліктер  заңнамаларға сәйкес тиісті аумақтар бойынша жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, бюждеттер  жасап, мәслихаттарға бекітуге ұсынады  және олардың атқаруын қамтамасыз етеді, сол жөнінде есеп беруді қарастырады. Жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық және қаржылық негізін келесілер құрайды:

    • Жергілікті бюджет;
    • Заңды тұлғалар маңында бекітілген коммуналдық мүлік;
    • Заңнамаларға сәйкес бекітілген басқа да коммуналдық миүлік

«Қазақстан  Республикасының жергілікті мемлекеттік  басқару жөнінде» атты Қазақстан  Республикасының заңында бюджеттің  кірістері мен шығыстарын қарастыру  мен реттеу жөнінде арнайы ережелері  анықталады. Мемлекет және оның аумақтық бөлімдерінің бюджетті-құқықтық мәртебесінің негізі – ол осы құқықты іске асыруға пайдаланатын кең таралған бюджеттік уәкілеттілікті құрайтын дербестік бюджет жөніндегі құқық.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданнын (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде көзделген бюджет құрылымы бойынша және Бюджеттік кодексте көзделген талаптарды ескере отырып әзірленеді.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, аудан  бюджетінің жобасын тиісті жергілікті атқарушы орган Бюджеттік кодексте көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.  Тұракты комиссиялар комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады, олардың пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-кисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды .тиісті мәслихат айқындаған тұракты бас комиссиға жібереді. Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікгің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы каулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады.

Жергілікті  бюджеттердін атқарылуын жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік қаражаттар көлемінің шегінде жүзеге асырылады. Бюджеттік кодексте сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады. Бюджеттің кассалық атқарылуына қызмет көрсету жөніндегі шоттар республикалық бюджеттің атқарылуы кезінде қолданылатын шоттарға ұксас.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті  органдардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады.

Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік  мекемелердің өздеріне арналған бюджеттік  қаражаттарды Бюджеттік кодекстің талаптарына, тиісті нормативтік құқықтық актілердің қағидаларына сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.

Жергілікті  бюджетті нақтылауды оның атқарылуы  барысында Бюджеттік кодекске сәйкес тиісті жергілікті атқарушы орган және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негіздемесінде жүзеге асырылады. Бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстарды тиісті бюджеттік комиссия қарайды. Жергілікті бюджеттерді атқару кезінде республикалық бюджеттегі жағдаятқа ұксас секвестер қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың  жиынтық жоспарына, кезекті қаржы  жылына арналған міндеттемелер бойынша  қаржыландырудың жиынтық жоспарына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) бюджеттік көрсеткіштер түзетілуі мүмкін.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, бюджеттік  бағдарламалар әкімшілері бюджеттік мониторингті жүзеге асырады. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ай сайын кейінгі айдың бірінші жұлдызындағы жай- күйі бойынша әкімдікке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органга ұсынады.

Стратегиялық  жоспарды іске асыру туралы есепті жыл сайын жергілікті бюджегтен қаржыландырылатын атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының бірінші наурызына дейінгі мерзімде әкімге, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нәтижелерді бағалауын жүргізуге ұсынады.

Облыстық, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті  органдары есепті жылдан кейінгі  жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы бюджеттердің атқарылуы  туралы жылдық есепті әкімдікке, мемлекеттік жоспарлау және Үкімет уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органга ұсынады.

Әкімдіктержыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы бюджеттердің атқарылуы  туралы жылдық есепті қосымшаларымен коса тиісті мәслихатқа ұсынады.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты  комиссияларында қаралғаннан кейін  мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

Ауданның (облыстық манызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен коса әкімдікке, ауданның (облыстық манызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына және Үкімет уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады.

Аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінін атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен коса ауданның (облыстық маңызы бар қаланын) мәслихатына ұсынады. Тиісінше, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

Жергілікті  буындағы бюджеттік үдеріс анықтамасы бойынша 14 тарауда баяндалған бюджеттердің барлық түрлеріне ұқсас: бұл - бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджеттің атқарылуы  бойынша бюджет есебімен есептемесін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау. Бюджеттік кодексте билік пен басқару орғандарының - облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты мен акиматының өкілетті белгіленген.

Жергілікті  бюджеттерді жоспарлау жоспарланып  отырған кезеңге арналған жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін және стратегиялық міндеттерді, басымдықты ескере отырып әрі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес олардың пайдаланылу бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үдерісі болып табылады. Сондай-ақ, Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.

Жергілікті  бюджеттер жобаларды әзірлеу  үдерісі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  1. өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттік параметрлер болжамының жобасын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы орғанның мақұлдауы;
  2. атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының, бюджеттік өтінімдерінің жобаларын әзірлеу және оларды облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауы;
  3. жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу.

Бюджеттік үдерісте мынадай құжаттар пайдаланылады: өңірдің (облыстың, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалықдамуы  мен бюджеттік параметрлерінің  болжамы; жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі; мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары; операциялық жоспарлар.

Мемлекеттік жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті  органдар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып жыл сайын жылжымалы негізде әлеуметтік экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді, ол жергілікті атқарушы органның шешімімен мақұлданады. Бұл болжам мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде өңірдің бес жылдық кезеңіне арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын қамтитын құжат болып табылады.

Бюджеттік параметрлердің болжамы өңірдің салықтық-бюджеттік  саясатының негізгі бағыттарын, тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуы тиіс.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері түсімдерінің болжамды көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін бюджеттік түсімдерді болжамдау әдістемесіне сәйкес айқындалады.

Бюджет кодексінің 31-бабында бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жайлы келесілер айтылған:

Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк бағдарламаларды  жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға  және нәтижелерге қол жеткiзуге жауапты  мемлекеттiк орган болып табылады. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi өзiне жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады. Егер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бiр мезгiлде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi және мемлекеттiк мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланады.

Облыстық бюджеттiк  бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттiк  бағдарламаларының әкiмшiлерi болып  табылатын, облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың iшкi iстер органдарын қоспағанда, мемлекеттiк  органдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бола алмайды.

 Орталық  атқарушы және өзге де орталық  мемлекеттiк органдар республикалық  бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi  болып табылады.

Жергiлiктi бюджеттiк  бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымы негiзге алына отырып айқындалады.

Әкiмдердiң және облыстық мәслихаттардың, республикалық  маңызы бар қала, астана мәслихаттарының  аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың iшкi iстер органдары облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар  қала) әкiмдiгi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттiк  бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң  бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң  аппараттары болып табылады.

Сонымен қатар  жергілікті бюджет бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау мынадай кезеңдерді қамтиды:

  1. жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамды көлемін айқындау;
  2. жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау.

Жергілікті  бюджеттер шығыстарының болжамды көлемі:

жергілікті  атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге;

Информация о работе Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы жергілікті билік органдарының рөлі