Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 11:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде сақтандыру кейбір жағдайларда міндеттілік сипат алып келеді. Оның мәні түсінікті де. Себебін айтатын болсам, медициналық сақтандыруды міндетті деп тану өте дұрыс шешім. Сақтанушы қандайда бір өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады. Бұл адам өмірінің сақтаулығы жанды түршіктірердей.

Содержание

Кіріспе

I-БӨЛІМ. Сақтандырудың мәні
1.1 Сақтандыру деген не және ақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары
1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

II- Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары


Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_2780.doc

— 254.00 Кб (Скачать документ)

Еңбек ету қабылетінен айрылған жағдайда әлеуметтік төлем өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе icтеп жатқанына қарамастан тағайындалады.

Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актіге белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты алмастырудың еңбек ету кабілетінен айрылу мен қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.

Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті — 0,6 болады. Еңбек ету қабілетінен айрылу коэффициенті: жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі сексеннен 100 пайызға дейін болатын еңбек ету кабілетінен айрылған адамдар үшін — 0,7; жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі алпыстан сексен пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін — 0,5; жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі отыздан алпыс пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін — 0,3.

Қатысу өтілінің коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы үшін: алты айдан кем болғанда — 0,1; алты айдан он екі айға дейін — 0,7; он екі айдан жиырма төрт айға дейін — 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін — 0,85; отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін — 0,9; қырық сегіз айдан алпыс айға дейін — 0,95; алпыс және одан да көп айларға — 1,0 болады.

Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен кезде еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында берілетін әлеуметтік төлемдер тоқтатылады.

Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе кайтыс болды деп жариялаған) асыраушының — өзi үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалуға және алуға құқылы:

1) он сегіз жасқа толмаған болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері. Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілері мен немерелерінің еңбек етуге қабілеті ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер жоғарыда аталған адамдар жалпы орта, бастауыш кәсіби білім беретін оқу орындарының орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін күндізгі нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтік төлем оқу орнын бітіргенге дейін беріледі;

2)  жасына және еңбек қабілеттігіне қарамастан, ата-апасының бipeyi немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының бip жарым жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса.

Өздері үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың — міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтік төлемдер заңнамалық актіге сәйкес айрылып қалған әрбір ата-ана үшін асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленеді.

Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.

Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II- Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі

2.1  Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

 

Ақпараттық  жүйені құрудың мақсаты Қазақстан  Республикасының жеке мүлікті сақтандыру жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.

Бұл  талаптар мыналар:

  • Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
  • Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
  • Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
  • Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ақпараттық  жүйелер ресурстарына қойылатын  талаптар

Ақпараттық  ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық  ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

Ақпараттық  жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ақпараттың  қолдануысыз басқару процесі  мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.

Ақпараттық  жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты  жіктеудің және шартты белгілеудің  бірыңғай жүйелері мен құжаттардың  және ақпарат массивтерінің үйлестірілген  жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

Ақпараттық  жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне  жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптамаларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.

Ақпараттық  база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің  функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат.

 Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.

Ұйымдастырумен  жабдықтауға қойылатын талаптар

Автоматтандырылған  ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс  істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау  дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

Ақпараттық  жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен  жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды  қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырумен  жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл  дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы  экономикалық негізге сүйенген шешімдердің  сапасын және жеделдігін арттыру  үшін экономикалы – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру – құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдықтау есептерінің өзгеруіне әкеледі.

 

Техникалық  жабдықтауға қойылатын талаптар

Техникалық  жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы  ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы  арқылы жүзеге асады.

Барлық операцияларды  үш сатыға топтауға болады:

  1. Ақпаратты алу.
  2. Ақпаратты түрлендіру.
  3. Ақпаратты тұтыну.

Бірінші саты –  экономикалық объектілердегі қызмет барысында  туындайтын бастапқы ақпаратты жинауды  және тіркеуді орындайтын операциялар  тобын қамтиды. Бұл операцияның  мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.

Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының  тобы, кеңістік және уақыт бойынша  мәндердің, түрлердің, құрылымдардың  өзгеруін орындайды.

Үшінші саты – операциялар тобын және олардың басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.

Басқарудың  ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі техникалық жабдықтар  қолданылады:

  1. Ақпаратты жинау және тіркеу;
  2. ақпаратты өткізу;
  3. машиналық тасығыштарды дайындау;
  4. ақпаратты өңдеу;
  5. ұйымдастыру техникасы.

Ақпаратты жинау  және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға тіркеуге арналған.

Ақпаратты өткізіп  беретін жабдық мәліметтерді өңдеу  орталықтарына және оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.

Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық  тасығыштарға, оның ішінде магниттік  табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі  кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Техникалық  құралдар кешені

 

Техникалық  құралдар атауы

Физикалық модуль

Сипаттамалары

ДЭЕМ Іntel Pentіum 4

Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор

Перне  тақтасы

Тышқан

Іntel, 2.4MHz

 

1 Gb

80Gb

17 дюймдік

105 батырмалы

2 баспалы және дөңгелекшесімен

Факс – модем

Факс – модем

Zyxel– 42Z

Телефон

Телефон

Vodafone


 

 

Программалық  жабдықтауға қойылатын талаптар

Программалық  жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Информация о работе Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі