Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекет мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 14:32, реферат

Краткое описание

Л. Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады.
Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады. Жасөспірімнің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдылық қарастырумен

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс.docx

— 52.22 Кб (Скачать документ)

Шеппард көзқарасы бойынша  органикалық себептер әр қылмыскердің 25% құрайды. Мысалы, ол 10-15 жасар қыз  бала туралы айтады. Ол инсулиннің жетіспеушілігінен  зардап шеккен, яғни қанының құрамында  қанттың мөлшері өте аз болған. Жасөспірім құбылмалы көңіл күйімен, импульсивтілігімен, агрессивтілігімен  ерекшеленген. Дұрыс емделу мен диета  толық емделуге мүмкіндік берді. Ол басқа да адамдар туралы әңгімелеген. Мысалы, заң бұзушылар кереңдікмен, көзі дұрыс көрмеушіліктен зардап шеккендер. Органикалық себептер сонымен қатар  босануға дейінгі және кейінгі асқынулардан болуы мүмкін.

Қ. Р. Ішкі Істер Министрлігі  Оңтүстік Қазақстан облысы тәртіп сақтау басқармасының насихат бөлімі Шымкент  қаласында қылмыстық топтарға қатысушыларға  немесе оларға еліктеуші жасөспірімдерге  әлеуметтік зерттеулер жүргізген.

Зерттеу сауалнама, сұхбат, салыстырмалы талдаулар сияқты тәсілдерді қолданды. Бұл зерттеулердің статистикалық  мәнділіктеріне сүйенсек Қазақстанның оңтүстік аймағында заң бұзушы жасөспірімдер 1,5 ұрлықты наркотикалық зат әсерінен істеген. Барлық ұрлықты 2/3 топталып жасалған. Барлық тартылған жас қылмыстың 30,6% бір рет ұрлық жасап жауапқа  тартылса, қалғандары, яғни 1/3-і бұрын  бірнеше рет қылмыс жасап, жазаларын  өтеп үлгергендер болып келеді. Егер бір аптаның ішінде 3-4 ұрлық жасалса, оның 17% жасөспірімдер. Ал, үш айда он ұрлық  жасалса, оның 20,7% жасөспірімдер үлесінде. Жасөспірімдерден тұратын қылмыстық  топтардың көбеюі барлық Дүние жүзі адамдарын алаңдатуда. Ақпараттар жүйесінде  біз жиі-жиі қатаңдықпен жасөспірімдер  топтарының адамды өлтіруі туралы оқимыз (3, 105-106 б.).

Х. С. Жадбаев бойынша бұл  топтардың өкілдері болып 16-17 жасар  ұл балалалар саналады. Бұл балалалардың осы топтарға енуіне бірнеше себептері  бар. Мысалы, жолдастарына деген еліктеушілік, қорғаныш іздеумен, гереосексуалды және ерекше сезімдерді сезіну мақсатында. Жасөспірімдердің қылмыстық топтарына  кіруіне итермелейтін себептерінің бірі – жанұядағы түсініспеушілік  мәселесі. Егер жасөспірімдер өздерінің  эмоционалды және жанұядағы социалды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, ол қылмыстық топтардың құрамына еніп, өзін сол жерден табуға тырысады. Қылмыстық топқа енген соң, жасөспірім жалғыз өзі жүрсе ешқашан қолы бармайтын қылмыстарды жасайды. Бұл топтар барлық қоғамға қорқыныш, қауіп тудырып отыр (2, 80-85 б.).

Статистикалық мағлұматтарға  сүйенсек, біздің Қ. Р. жасөспірімдер  жасаған қылмысы: 2000 жылы - 7,5%; 2001 жылы - 8,3%; 2002 жылы - 8,5%; 2003 - 6. 5%; 2004 - 6. 8%.

Ал облыс бойынша бүкіл  жасалған қылмыстың 2000 жылы-9,2%; 2001 жылы - 9,9%; 2002 жылы - 10%; 2003 жылы - 6,7%; (6, 228, 229 б. ).

Алдын алу үшін жасалатын шаралар:

- Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата - аналары баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата- анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып,сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.

- Жасөспірімдердің көбі, зерттеу жүргізгенде жасалатын  қылмыс үшін қандай жазалар  өтейтінін білмегендігін айтады. Сондықтан, жасөспірімдерге қылмыс  жазалары туралы семинарлар жүргізу  керек.

- Жасөспірімдер сабақтан  тыс өте көп уақыттары бар.  Сондықтан қазіргі кездегі “дворлық  клубтарды” әрі қарай дамыту  керек. Бос уақытын босқа жібермей  спортпен шұғылданып, пайдалы іс- әрекеттермен айналысу керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Еникеев М. И. ”Юридическая  психология”, Питер, 2005.

2. Жадбаев Х. С. ”Криминология”, Алматы, 2002.

3. Кудряцева Н. Ф. , В.  Е. Эминова. ”Криминология”

4. Райс Ф. ”Психология  подросткого и юношеского возраста”,  Алматы, 2002.

5. Қазақстан жоғарғы мектебі.  Журнал 2004 ж. № 1.

6. Қазақстан региондары. Статистикалық жиын. 2004 жылы.

7. Лекции по методикеконкретных  социальных исследовании. - М. , 1972


Информация о работе Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекет мәселесі